Репост из: Қатал редактор
Төлеу сөзіңіз сұраққа жауап бере ала ма?
Мәтінде төл сөзді қалай төлеу сөзге айналдырып жүргеніңізге бір сәт мән беріңізші.
Джо Байден Украинаға әуе шабуылынан қорғану жүйесі берілетінін мәлімдеді;
Байден қазіргі қиындықтарға төтеп беруге дайын екенін айтты;
АҚШ президенті НАТО-ның бұрынғыдан да күшейгенін айтты.
Фактчек: сұрақ қойып көрейік. Байден не деп айтты? (нені мәлімдеді емес, не деп мәлімдеді?) Сонда барып дұрыс төлеу сөз шығады: Байден Украинаға әуе шабуылынан қорғану жүйесі беріледі деп мәлімдеді.
Қазақ тіліндегі төлеу сөз формасы жаңалық жасауға әбден қолайлы – біреудікін қаз-қалпында барын бар дейді, жоғын жоқ: Байден қазіргі қиындықтарға төтеп беруге дайынбыз деді, Байден НАТО бұрынғыдан да күшейді деді. Бірақ оны "бірдеңе берілетінін, берілетіндігін, берілетіндерін, берілетіндіктерін (құдай сақтасын), екендігін, екендіктерін" айтты деп бүлдіре береміз. Оның үстіне, біреу жаңа ғана айтқан нәрсе болса да, "айтады" деп қоямыз ғой. "Айтады" болса, жаңалық емес. "Дейді" – жаңалық емес, "деді" – жаңалық.
"Не деді, не деп айтты?" дегенге жауабының грамматикасы сай бола алмай тұрса, ол – дұрыс төлеу сөз емес.
Төлеу сөз дегеннің өзі – біреудің сөзін (яғни ақпаратты) өзгертіп жеткізу. Дұрыс емес шаблон конструкция қолданып я "и біз баяғыдан солай жазамыз, құрысыншы" деп, о байғұсты одан сайын 🐕 қылмау керек.