İmandy jürek🫀


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


Бисмилляһ✨
•Жүректен шыққан жазбалар
•Жазба жаздым екен деп өзіңді өзгеден биік санама.
•Бүгін бармыз, ертең жоқпыз сондықтан бұл арнаданда бір күні хат келмейді.

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


Репост из: Adam🍃
Зиян емім Темекі
Тыныштық еді керегі
Ауырлағаны дененің
Кәдімгідей сезіледі

Бұлтты аспаным түнеріп
Көкте кеше ғана күн еді
Әлсіз таусылып келемін
Сонда да Құдайыма сенемін


Репост из: 1 күнге 1 пайда
Алладан басқа Тәңір жоқ Мұхаммед ﷺ оның елшісі.

Бұл жазуды тәңіршілер жоқ кезде көрген ем😁


Репост из: ✑ Қара сөзбен
1️⃣➕1️⃣ АКЦИЯСЫ!

«ӘЗІРЕЙІЛ. ӨЛІМ ПЕРІШТЕСІ» кітабын сатып алсаңыз,

«ХАСАН ӘЛ-БАСРИДІҢ ІНЖУ-МАРЖАНДАРЫ» кітабын сыйлыққа береміз!

Акция тек бүгін түнгі 0️⃣0️⃣:0️⃣0️⃣ дейін жарамды!

«ӘЗІРЕЙІЛ. ӨЛІМ ПЕРІШТЕСІ» кітабында қамтылған тақырыптар:

«Әзірейіл» ме, әлде «өлім періштесі» ме?
Әзірейілдің «өлім періштесі» атануы
Өлім періштесінің бейнесі
Әзірейілдің үйлерді аралауы
Өлім періштесінің мүміндерге жұмсақтығы
Әзірейілдің көмекшілері
Өлім періштесінің күші жететіні жайында
Өлім періштесі кімнің қашан өлетінін қайдан, қалай біледі?
Әзірейілдің хабаршылары
Өлім періштесі барлық тіршілік иесінің жанын ала ма?
Өлім періштесі де өле ме?

😃 4400 4302 1499 0985

❤️ +7 706 416 1091 (Медет Ж.)

🌐 Чек: @zhansanov немесе http://wa.me/77714908670


Репост из: Bir adamnyn qolzhazbalary📝
“Құранның мұғжизаларының бірі - оны қанша оқысаңда, тыңдасаңда еш жалықтырмайды”.

Ал енді жалығып жатсаң, мәселе Құранда емес, мәселе мына бізде!


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Репост из: Şyraq✨
"Сауап жинап жүріппін түбі тесік шелекке,
Ал мәртебем ұқсайды, жемісі жоқ терекке"
💔📌

©Нұрсұлтан Рысмағанбетұлы


Репост из: Jazu.pro – ғылыми жазба
«Жазу — күрделі іс, бірақ сонымен қатар ұлы ләззат».

— Стивен Кинг


👳‍♀: Ассалам алякум
🧕: Уалякум ассалам Кешірім сұраймын танымадым
👳‍♀: Номеріңізді бола ма?
🧕: Исра сүресі 32 аят

#Өмірден_алынған_имандылардың_барлығы_бірдей_емес_иманды_екен_деп_таныса_бермеңіз


Өзім оқимын поэзия бірақ Айбын ағадай оқи алмаймын😂😂


Репост из: Тармақтар 📜 في الإسلام
Тағдырдан жеңілдік біз нешінші рет,
Мың рет жоқ
, мың қырық бесінші рет.
Қоңырау шалуға да дәтім бармай,
Жазуға да батпай жүрмін кешірші деп.


Зұлымдық көрген адамның дұғасынан сақтаныңдар. Өйткені, (оның дұғасының қабыл болуы) ұшқынның жылдамдығындай болады”.

احذر دعاء المظلوم . لأن (قبول صلاته) سيكون مثل سرعة الشرارة."

📚Кәнзул Ирфан


Бисмилляһ✨

Қыздарым Аллаһтың шексіз құдыретін, дұғаның құдыретін ақшаға келгенде шектеп алмайықшы! Сонымен қатар адамдардан күтпейікші, оларға тәуелді болудың қажеті жоқ! Ақша, ризықты адамнан күтпеңіздер! Неге? Себебі: -Ризық ол кімнен? Ол Аллаһтан тағы айтамын! Онда неге оны сіз адамдардан немесе бір дүниеден күтесіз? "Маған біреу жұмыс тауып беру керек, маған біреу ақша беру керек, мен сол адамға сенемін, ол маған не істеп береді, ол маған клиент алып келеді, ол адам менің ризығымды көбейтеді" -
Деп әр адамға сеніп, адамдардан күтіп жүре беретін болсаңыз жаным сол өзіңізді жоғалтып аласыз! Былайша айтқанда бір орында тұрып қаласыз...


Ешкім сізге істеп беруге міндетті емес!
Ботам адамдарға тәуелді болып қалсаңыз, сол адамдармен сыналып қаласыз!

Ризықты да, байлықты да, жұмысты да, дүниені де беруші кім? Біз кімнен күтуіміз қажет, жүрегімізді кімге байлауымыз керек?
Тек әлемдердің Раббы Аллаһ Тағаладан ғана күтеміз, тек Жаратушымызға жүрегімізді байлаймыз!
Ата-ана, күйеуіне, жақындарына, достарына байлаудың қажеті жоқ. Оларды Аллаһ разылығы үшін жақсы көріңіз🫶🏻

Себебі барлығын беретін де, алатын да Раббымыз!


Жақыным, қазақ болсаң бері қара.
Сеніменен бізде бар ақыл, сана,
Айналаңа көзіңді ашып қарашы
Зайырлы ел атанды, бұл ел жаңа.

Айтып жүр Арабқұл деп, пенделерді
Нәпсісінің артынан ермегенді.
Бауырым, қалай ғана қорғаштайсың
Алланың Хақ жолына келмегенді.

Жазады, жатып алып: "дүмше молда,
Жастарға ертегі айту бақпа сонда".
Зайырлы, басқа діндер тұрған жерде
Өз дініңе орының жоқпа сонда?

Оранғанды "Араб бұлар" дегені
Бауырының етін тыстан жегені
Әлгінде отырып алып бір апам
"Тоңқайып намаз оқид"-деп еді

Зиянымды тигізбейін демейсің
Жақсының жақсылығын көрмейсің
Раббыңның құзырына барғанда
Өзіңді немен ақтап сөйлейсің?.

Өзім деп қара басын ойлағаннан,
Дүниенің соңында, тоймағаннан.
Жақыным, азғырудан сақтанарсың
Жақсының рөлін сомдап ойнағаннан.

Күн артынан түн шығар, уақыт лезде
Құлшылық ет, харамнан рахат сезбе
Сізбен біздің тәубелер қабыл болмас
Келер күн, батыстан таң атқан кезде.


©Асемай🥰


Бисмилляһ✨

Орамал-басқа қонған бақ. Жүрек тыныштығы. Қорғанымыз біздің. Аллаһ әйел затын теңіздің астында жасырынған мәрмәрдай қорғап қойды. Жүрегіміз тек Аллаһтың Құрандағы әмірі мен бұйрығына қалтықсыз бағынып, Оны шартсыз сүйгенде ғана тыныштық табады. Білмеймін, орамалды қалай таққың келеді ботам, (қазақ қыздары бұлай тақпаған, бүйтпеген, сүйтпеген деп таласпаймын) тек не үшін сіздің әдемі, қою қара шаштарыңыз құнды екенін біліп жүрсеңіз екен деймін. Неге Мұқағали бір өлеңін де "шашың сенің жапандағы жан баспаған қара орман.." деп айтады? "жан баспаған..." Демек, мұнда Аллаһ Тағаланың даналығы жатыр ғой. Жан бастырмай қойғаны ғажап емес пе? Қазақтың қыз-келіншектерінің шаштарына бөтен еркектің қолы батпаған, шашынан, бұрымынан сипатпаған. Бөгде көз өз әйелінің сұлулығын көрсін. Ал сенің сұлулығың өзіңе, еріңе. Аллаһ Тағала қызғанады бізді.


Сіздің оқуыңызға, жұмысыңызға, күйеуге шығып/шықпауыңызға бір шүберек матаның ықпалы жоқ. Аллаһ Тағала жолыңызды өзі ашады. Тек сол шүберектің жауапкершілігі қаншалықты ауыр екендігін білсеңіз екен. Шешкің келсе, Шайтанның шатпағының ойнағаны басыңызда. Көзіңізді ашыңыз. Өзіңізді қолға алыңыз. Әдемілеп тағып, жарасымды киініңіз (Бірақ Аллаһтың Құрандағы сөзін ұмыт қалдырмаңыз) Ризығыңыз жазулы, оқу орныңыз, жұмысыңыз, күйеуіңіз, тағдырыңыз жазулы. Бәрі көркем түрде жазылған, қаламдарың сиясы әлдеқашан кеуіп кеткен. Ендеше құрбым, сіңлім, әпкем, несіне уайымдайсыз? Тек айтарым, басыңыздағы асыл тәжіңізді Аллаһ разылығы үшін жақсы көріңіз!
Шешпеңіз... Сізді жақсы көремін🫂🤍


Бисмилляһ✨
Ассалам алякум баршаңызға🫶


Репост из: Шәкірт📚
Білімсіз кісілерді ұстаз дейтін деңгейдеміз. Не деген надан едік.


Репост из: Imandym🤍
Бізде ер кісілерді қатты сылайды.


Репост из: ruziiikano__
Бүгін Міржақып Дулатұлы атамыздың дүниеге келген күні екен. Рухына фатиха.


Репост из: student
Бір қыздан хиджаб киюге қалай келдіңіз деп сұрағанда: Алғашқы киетін хиджабым кебінім болып қалмаса екен деп Алладан қорықтым депті..


Репост из: Пенде👳🏻‍♀️
Жаңа жылды неге тойлауымыз керек?

Показано 20 последних публикаций.