АРРФР ЖОБАСЫ БОЙЫНША 9,9 МЛН ТЕҢГЕДЕН ЖОҒАРЫ НЕСИЕ АЛУ ҮШІН ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖҰБАЙЫНЫҢ КЕЛІСІМІ ҚАЖЕТ БОЛАДЫ
🗣Жеке кәсіпкерлер банктен 9,9 млн теңгеден (2024 жылы 2700 АЕК) асатын несие алу үшін жұбайының келісімін алуы керек болады. Мұндай жоба «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Құжатқа сәйкес, 2700 АЕК-тен жоғары несие тек кәсіпкерлік қызметін кемінде 6 ай бойы жүргізіп келген ЖК-ге беріледі.
Сондай-ақ, несие алу кезінде кәсіпкерлік айналымы, қарыз жүктемесі, несиелік тарихы және басқа да факторлар ескеріледі.
Бұған дейін Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі ЖК үшін несие алу кезінде жұбайының келісімін алу талабын алып тастау туралы айтқан еді, алайда қазіргі жобада келісім алу талабы тек несиенің белгілі бір сомасынан жоғары болған жағдайда сақталады.
Сондай-ақ, агенттік шағын бизнес пен ЖК үшін онлайн микронесиелерді алу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қолдану талабын алып тастауды ұсынады.
@Tengelifekz