ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЭКОНОМИКАСЫ 5,1%-ҒА ӨСЕДІ
Еуропалық қайта құру және даму банкінің «Өңірлік экономикалық перспективалар» есебіне сәйкес, Орталық Азияның алдағы жылдарға арналған экономикалық болжамы оң сипатта.
2024 жылы өңірдің жалпы ішкі өнімі 5,1%-ға өсуі күтілсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 5,9%-ға дейін артуы мүмкін.
Экономикалық өсудің негізгі факторлары ретінде шикізат экспортының ұлғаюы, инфрақұрылымға салынатын инвестициялар және нарықтық реформалар аталып отыр.
Табиғи апаттарға, атап айтқанда, Қазақстандағы су тасқыны мен Моңғолиядағы мал басының азаюына қарамастан, өңір елдері экономикалық өсім көрсетуде.
Бұл процестерге тұрақты ақша аударымдары, жалақының өсуі және халықаралық туристер санының артуы оң әсер етті.
Осыған байланысты 2024 жылдың бірінші жартысында қонақ үй және қызмет көрсету салалары айтарлықтай дами бастады.
Есепте көлік, логистика және энергетикалық инфрақұрылымға салынған инвестициялардың өңірдің жалпы ішкі өніміне оң ықпал ететіні де атап көрсетілген.
Қырғызстан мен Тәжікстан Орталық Азиядағы ең жоғары экономикалық өсім қарқынын көрсетіп отыр.
Мәселен, Қырғызстанда 2024 жылы ЖІӨ өсімі 9% деңгейінде болады деп болжанса, Тәжікстанда бұл көрсеткіш 8%-ға жетуі мүмкін.
Өңірдің ең ірі елі Қазақстан да тұрақты экономикалық өсім көрсетуде. 2024 жылы экономиканың 4%-ға өсуі күтілуде. Бұл көрсеткіш су тасқыны салдарынан зардап шеккен инфрақұрылымды қалпына келтіруге және мұнай кен орындарын кеңейтуге бағытталған инвестициялар арқылы артуы ықтимал.
Түрікменстан мен Өзбекстан экономикалары да инфрақұрылымға салынған инвестициялар, реформалар және халықаралық сауда арқылы өсетін болады.
Дегенмен, шикізат пен энергия ресурстарының бағасы өзгеруі сияқты тәуекелдер бұл елдердің экономикалық дамуына әсер етуі мүмкін.
@Tengelifekz