Akma.hanifa🫀


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


Сен іздеген қазына өз ішіңде жатыр…

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


Қосымша… дұғаға қатысты


🥹

Бұл Құдырет кімді қашан назарынан тыс қалдырып еді?
Кімді қашан құзырынан қуып еді?
Кімге қашан мейірімін төкпеп еді?

Уа, Жаратқан, соншама Ұлықсың, біз соншама бейшара, Өзіңнің Патшалығыңа лайық құлың да емеспіз, қалай әр біріміздің ең кішкентай қалау-қажетімізбен шұғылданып, қалай ең жасырын тілегімді де естіп қоясың? Қалай менің түзелуім үшін жағдайлар жіберіп, қалай мені сондай әдемі тәрбиелеп кемелдендірудесің?🥹🥹


Алламен саудада еш ұтылмайсың💯
Бұл өте тиімді, ұтымды сауда


Неге қатты қалап жүрген армандарым не қажетім келмей жатыр? Не себептен??

Не істеуім керек? Нені жөндеуім керек?




Дұғаңыз орындалмай жатса…


Өмір өте қысқа
Айналдырған алпыс жылдық ғұмырыңда бәрін үйреніп, бәрін көре алмайтының ап анық шындық✅

Бірақ өзіңнен алдын өткен үлкендеріңнің тәжірибесін ал да жолыңды қысқарт, соларды пайдаланып ұт өмірде… бәрін үйреніп, оларды тәжірибе етуге өз өмірің еш жетпес…






Ұлы имам Абу Ханифаның (рх) қандай амалмен жәннатқа кіргенін білесіз ба?

ҚЫЗЫҚ ПА?


Адамдарды таразыға тартар кезде көзіңмен емес, көңіліңмен тарт

Сыртқы келбетіне қарап емес, адамгершілігіне қарап… сырты бүтін, іші түтін дегенді қазағым босқа айтпаса керек


Мұндай аналар тектіліктің бастау бұлағы… Жәннатың ханшайымдары

О, Құдайым… біздер осындай ана бола алар ма екенбіз…

Имам Ағзам мен Имам Ахмадтың аналарына ұқсау нәсіп болар мекен…


10 жаста хафыз болуым анамның себепкерлігімен еді. Таң намазына оятатын, Бағдаттың суық таңдарында дәрет суымды ысытатын. Содан соң киіндіріп мені таң қараңғылығында үйімізден біршама ұзақтықтағы мешітке апаратын…

©️Ахмад бин Ханбаль

Ия, кез-келген адамның ең алғашқы ұстазы және ең мықты әсер етуші мұғалімі - АНАСЫ👩🏻‍🍼


Тектілік


Тектілік не осы?

Барлығы текті жерден қыз алып, қыз бергісі келеді… қаны текті болуын қалап жатады, әсіресе біздің қазақтар руларға бөлініп, тектілікке аса мән береміз, енді осы текті болудың сипаты қандай?


Күнә - инструмент


Парфюмге қатысты ӨТЕ МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУ


Қыздар кім әтір (духи, парфюм) сеуіп жүреді ылғи?

Сепкенде де айналаңа да сезілетіндей деңгейде…солар ғана реакция бассыншы) қорықпай баса беріңіз, кім басқаны маған да, басқаға да көрінбейді)

Сосын бірдеме айтам)


Сен намазыңды ретте
Алла бүкіл ісіңді реттейді

Сен намазыңды сақта
Алла сені сақтайды

Сен намазға мұқият бол
Алла сенің мұқтаждықтарыңа мұқият болады

Сен намазыңды әсемде
Алла сені және өміріңді әсемдейді

Сен намазға асық
Алла сенің жәрдеміңе асығады

Сен намаз оқып дем ал, рахаттан
Алла күллі өміріңді демалыс пен рахат етеді

Сен намазыңды өміріңде #1 ойынға қойып дәрежесін көтер
Алла сені көктегілер мен жердегілердің алдында қадір-дәрежеңді көтереді


Сол үшін бағалайық🩵
Қадірлейік қолда бар қарапайым, бірақ нағыз бақыттарымызды🩵

Показано 20 последних публикаций.