Al-Muminun


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


Мұнша қиындыққа толы заманда, адамға Әбубәкір Сыддық сияқты бір дос, Хадишадай бір жар керек екен…

(Алла оларға разы болсын)


Келген жоқсың өмірге қайғыру үшін,
Болмай жатса ренжіме қай бір ісің.
Әр бір іске сабырлы бола білсең,
Алла өзі береді хайырлысын.


Я Раббым, тағдырыма жазылмаған
нәрсеге тәуелді болудан сақтай гөр.




Сіз үшін ұшуға талпынып, қағылған қанаттарды сындырып алмаңыз.

Өзгенің сеніміне кіріп, жүрегінен орын алу оңай нәрсе емес.


Еркек топырақтан, ал әйел еркектің қабырғасынан жаратылған.

Демек, әрбір гүл өз топырағының құшағында гүлдейді.


Сен көңіліңді Раббыңа бер,
Раббың көңіліңе қарай береді.


Азанда да, кешке де тек орыс апалар жүреді парктерде ит-мысықтарын сүйретіп. Как будто денсаулық соларға ғана керек сияқты, біздің қазекеңдердің жастарының өзі көрінбейді ғой былай қарап тұрсаң…


Тірі адамның жүрегінің соғысы:
V~~√V~~^√\~~√V~~^√V\___


Ал, өлі адамдікі:
________________________________


Көрдіңіз ба? Тірі болсаң, өміріңде әртүрлі өзгерістер бар деген сөз. Қиындық пен жеңілдік, қайғы мен қуаныш деген сияқты. Ешқандай сынақ болмаса қорқу керек, себебі өліп қалған болуың мүмкін…




Дала суыыыық…
Мамаң айтпаса да
жылы киініп алдың ба?


Достарымның…

Пайдасы тимесе де,
Зияны болмаса екен.
Күлдіріп жүрмесе де,
Күйдіріп қоймаса екен.


Сізге шын жүректен айтайыншы…

Иә, білемін. Бәлкім қазір басыңызға түскен қиындықтар мен сынақтар сізді қатты шаршатқан болар. Тіпті, кейбір ауырлықтарды көтере алмаймын деп ойлап, жаныңыз өртеніп жатқан да шығар, бірақ ұмытпаңыз, Алла міндетті түрде бұл қиындықтарды кетіріп, сізге жақсылықтар нәсіп етеді. Бұл сөздерден кейін, Алла маған хайырлысын береді деп сенесіз, дегенмен мына ойлар мазалауы мүмкін:

— айлығымды толық бермеген бастық ше,
— қалағаныма қол жеткізе алмауым ше,
— үнемі маған қарсы шығатын адамдар ше, — деген сияқты…

Біз әрдайым адамдардың қойған тосқауылдарын ойлаймыз. Алла Тағала айтады: وَهُوَ الْقَاهِرُ فَوْقَ عِبَادِهِ “Ол құлдарын Өзіне толық бағындырушы.” (Ән’ам, 18) Адамдардың барлығы Алланың құлы. Егер Алла сізге бір нәрсе беруді қаласа, Оған ешкім тосқауыл бола алмайды. Кейін сұрасаңыз: “неліктен Алла маған бермей жатыр?” Аяттың жалғасында: وَهُوَ الْحَكِيمُ الْخَبِيرُ
Ол — Хаким(әр ісі мен әрбір үкімінде талай хикмет болған асқан даналық иесі), Хабир(барлық нәрседен толық хабардар болушы). (Ән’ам, 18)

Демек, Алла сізге береді. Бірақ Өзі қалаған уақытта береді, сіз қалаған уақытта емес. Себебі, Алла — Хаким(әр ісі мен әрбір үкімінде талай хикмет болған асқан даналық иесі)


Алла сүйген құлының жүрегін Құранға байлап қояды.


Күн сайын бір адамның жүзіне күлкі ұялатыңыз.
Бірақ ұмытпаңыз, сіз де бір адамсыз.


Кедейдің алдында,
байлығыңмен мақтанба!

Жетімнің алдында,
ата-анаңмен мақтанба!

Баласы жоқтың алдында,
балаларыңмен мақтанба!


Намазға ерінбейтін иманмен ризықтандыр жүрегімді Аллаһым.


Ер адамға берілген ең үлкен нығметтердің бірі – өмірінің ұзақ бөлігін бірге өткізетін, бала-шағасын тәрбиелейтін, абыройын, ар-намысын қорғап, қайғы-мұңын сейілтетін жардың кездесуі.

Бұған қатысты сүйікті пайғамбарымыз: «Мұсылман адам, Аллаға иман келтірген соң, салиқалы әйелден артық еш нәрсе иеленген емес! Егер оған әлдебір нәрсе бұйырса, мойынсұнады, оған қарағанда көзіңді қуантады және күйеуі жоқ кезде өзін және күйеуінің мал-мүлкін қорғайды» - деп Алланың разылығына кенелетін салихалы әйелді бізге баяндап берген.


“Дубайский шоколад” сияқты күн тәртібінде ұстай алмадық Палестинаны.


Ешбір кездесу — кездейсоқтық емес.

Показано 20 последних публикаций.