ArshatGo


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Блоги


Аршат Ораздың жеке каналы. Жаңалық, әзіл, футбол, ІТ, покер, болжам, анекдот, алкоголь, эротика, интеллектуал сұрақ.
ЕСКЕРТУ: бейәдеп сөздер де қолданамын

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Блоги
Статистика
Фильтр публикаций


Жақында АҚШ-қа кеткен досым қызына балабақша іздеп жүрсе біреуінде қазақша жазылған ас мәзірін көріпті. Тек мәзір емес, басқа нәрселер де бірнеше тілде жазылады екен, келетін балалардың ұлттарына қарай


Ең жақын деген достарыммен қандай тақырыптарда көзқарасымыз келіспейтінін санап көрдім. Ол тақырыптарда сөйлеспейді екенбіз, ашыла қалған жағдайда да көп созбаймыз немесе әзілге айналдырып жібереміз. Ал басқа көп тақырыптарда еркін сөйлесе аламыз.
Желіде 1 теріс пікір үшін қырылып, блоктап, бандап жатады. Басқа пікірді де сыйлау керек. Бәрі бірдей ойлай алмайды, жұрт сенімен бір пікірде болуы мүмкін емес. Бұл эгоизм.
Тіпті өзіңе жау болатындай көп тақырыпта келіспейтін адаммен де бір ортақ тақырыпта сөйлесуге болады. Содан кейін ол адаммен дос болып кетуге де болады. Бастысы дұрыс диалог болса болды


Әуекомпаниялар рейтингін жасайтын AirlineRatings деген сайт бар. Рейтингте бізден Air Astana мен Scat бар. Қауіпсіздік бойынша Air Astana 7/7, Scat 2/7 деген баға алып тұр.
Әділ баға ма бұл?


Көзіңді жұм да, жәйлап аш...

Енді шоқынып жібер. Иса сені жақсы көреді 😀


ЖИ салған суреттердің қолданылуына жыны келетін тек мен бе?


Бір юморист жігіт бар әзілі интеллектуал, қасындағы жұбы нашар, әдемі қыздар сияқты қасында онша емес құрбымен жүретін


Биыл Астанада @merey_yermukhanov екеуіміз интеллектуал ойындар бастағанымызға 9 жыл болыпты. Әлі 10 жыл емес әрине. Осы уақыт ішінде кәдімгідей интеллектуал орта қалыптасып қалды. Тіпті түрлі форматтағы, тақырыптағы куиз түрлері пайда болды. Оның бәріне бірдей бару мүмкін емес, әркім өз уақытына және қызығушылығына қарай барады.

Бұл да бір киноға, театрға, спортқа бару сияқты демалыс түрі болып кетті. Билетіңді төле де демала бер. Басқа адамдармен танысасың, араласасың.

Солардың бірі MediaQuiz. Негізінен кино, музыка тақырыбында. Алғашқы ойынында 2-орын алдық, екінші барғанымда соңғы орын. Бүгін 2 баламды алып барғым келіп отыр. Оларға оңайлауы осы куиз. Солай үйрене берсін, қызықсын деген оймен.

Осы тақырып қызық болса: бүгін 19:30, Қабанбай батыр 2/2, Жігул бар


Спартактың даңқты футболшысы Федор Черенков туралы "Федя. Народный футболист" деген фильм қарадым.

Сюжеті, түсірілімі, кастингі жақсы шыққан. Жалпы фильм сәтті шыққан. Ежелгі дұшпандары Киевтің Динамосын қолданып, соғыс өшпенділігі, пропаганда тықпағандарына да қуандым. Керісінше алаңда жау, өмірде дос ретінде көрсетеді. Құраманың бапкері Лобановский жаман адам болып көрінуі мүмкін. Бірақ ол сондай қатал, өз принциптеріне берік, ешкімнің жұлдыздығына қарамайтын адам болғанын көрсетеді.

Футбол және футболшы туралы #күштікино


Астанада куиз маусымы басталып жатыр. Осы аптада 2 куиз бар.

🎹15.01.25, 19:30 - Mediaquiz
Кино, музыка, өнер, әдебиет.
Қабанбай батыр 2/2, Жігул бар

⚽17.01.25, 19:45 - FootQuiz
Футбол тақырыбында логика және эрудиция
Қабанбай батыр 11, Fanbar

ОЙЛА IQ кроссвордтар және логикалық сұрақтар кітабын алғысы келетіндер болса, осы куиздерге алып келемін




Жаңа алаяқтық жүйесі пайда болыпты...

Pig butchering, қазақша Шошқа сою деп аталады. Құрбанды алдымен шошқа сияқты семіртіп, соңында сойып алады. Ұзақмерзімді алаяқтық түрі.

Алдымен телеграм, ватсапқа танымайтын номерден бір хат келеді. Оны қателесіп жазғандай болады. Мысалы "Менің машинам дайын болды ма, қашан алсам болады?", "Ұшақ билетімді алдым, жақсы отель таңдап қой" деген сияқты. Сосын құрбан номерден қателестің деген кезде кешірім сұрап, бұның кездейсоқтық емес, бір сигнал екенін әзілдеп, танысып кетеді. Өзін бай адам ретінде көрсетеді, біраз уақыт сөйлеседі. Сосын бір күні криптодан ақша тауып жүргенін айтады. Соған шамалы салып көр дейді, одан шынымен пайда тапқандай ақшасын салып жібереді. Кейін тағы солай соманы үлкейте береді. Адамда сенім пайда болады. Одан да көп тапқысы келеді. Сол кезде ұрынады.

Бұл әзірше Азия елдерінде жүріп жатыр екен. Бізге келуі де әбден мүмкін. Көбіне 40 жастан асқан әйелдер тап болады екен.

Алаяқтықтан қорғанудың жалғыз жолы - дұрыс ақпараттанып, иммунитет қалыптастыру. Басқа амалы жоқ


Мына кісі естеріңізде ғой?

Юсуф Дикеч - Олимпиаданың күміс жүлдегері және танымал қаһармандарының бірі.

Жақында бір француз редакциясы интервью алғысы келіпті. Спортшының адвокаттары талаптарын айтыпты: сұрақтар тек спорт туралы болады, бұрынғы әскери кезі туралы айтуға болмайды, материал жарияланбастан бұрын тексеріледі және 30.000$ (15 млн тг) алдын ала төлеулері керек.

Француздар "қазір ақша болмай тұр" деп сыйбалса болыпты


Кеше біреу Озоннан 10 кітап сатып алыпты. Кім болса да мықты екен деп риза болдым 👍


Репост из: МЕРЕЙЛІ АРНА
Соңғы куиздерге "Менің атым Қожадан" жазған сұрақтарымның көптігі сондай, ойыншылар алдын ала "Бүгін Қожадан бар ма?" деп сұрайтын болды. Кітабының тұсаукесері кезінде бұл тенденцияға @arshatoraz да ілесті. Айтпақшы, бұл сөзжұмбақ пен логикалық сауалдар жинағын ozon.kz/product/oyla-iq-1813911199/-ден де сатып алуға болады.


Соңғы куизден бір сұрақ:

ӨТКЕН ЖЫЛЫ ФУТБОЛДАН ШВЕЦИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА СОҢҒЫ ОРЫН АЛЫП, ҰШЫП КЕТКЕН КОМАНДАНЫҢ АТЫ ВЕСТЕРОС БОЛҒАНЫ КЕЙ ФАНАТТАРДЫ ЖЫМИТАТЫН ШЫҒАР? ОЙЫНДАРЫ АЯҚТАЛЫП, ОЛАРМЕН БІРГЕ ҰШҚАН ЕКІНШІ КОМАНДАНЫ СІЗ ТАБЫҢЫЗ. ОЙЫН ҒОЙ, СИЯНЫ ҚАТТЫ ШАШЫРАТПАЙ ЖАЗЫҢЫЗ


Репост из: ArshatGo
Көзің алдымен қай 3 сөзге түсті?

Сол нәрселер 2024 жылы сізде болмайды. Әзіл. Болады 😀


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Кеше ОЙЛА IQ кітабының тұсаукесері және арнайы куиз өтті.
Келген, қатысқан достарыма рақмет! Әдемі кеш болды 👍


Кітап әзірше Озонда бар
https://ozon.ru/t/z9vx7Md


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Достар, ОЙЛА IQ атты кроссворд және логикалық сұрақтар жинағымның тұсаукесеріне және арнайы куизге шақырамын!

Қатысу тегін, бірақ 3000₸ бір кітап алсаңыз қуанамын, бәлкім тағы біреуін достарыңызға сыйлыққа аларсыз?

06.01.2025, 19:30. Жігул бар, Қабанбай 2/2

2.5k 1 10 13 28

Қаңтардан бастап ағылшын және спорт дегендердің ниеті келесі жылға ауысуына 1 күн қалды

Показано 20 последних публикаций.