Әшкере


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Новости и СМИ


Ең маңызды жаңалық, фактчек, журналистік тексеру.
Байланыс: @aqultay
Instagram: https://www.instagram.com/ardaq.qultay/
Жарнама: +7 707 289 05 05

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


🇰🇷 Оңтүстік Корея парламенті ел президенті енгізген әскери жағдайды жойды

Корялық YTN басылымының хабарлауынша, 190 депутат әскери жағдайды жоюға дауыс беріп, тиісті қарар күшіне енді.

Бұған дейін жетекші оппозициялық Демократиялық партия "Тобуро" парламенттің шұғыл жиналысын өткізгені туралы хабарланған еді. Аталған партия парламенттегі 300 орынның 170-ін бақылайды.

The Korea Herald-тың мәліметіне сәйкес, елде соңғы рет әскери жағдай 44 жыл бұрын, 1980 жылы 18 мамырда болған Оңтүстік Корея әскери үкіметіне қарсы демократиялық көтеріліс кезінде жарияланған.

Бұл жағдайға байланысты Сеулде азаматтар мен әскери қызметкерлер арасында қақтығыстар болып жатыр.

📱 t.me/askerenews


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🇰🇷 Оңтүстік Корея президенті елде әскери жағдай жариялады

Yonhap хабарына сенсек, Юн Сок Ёль мәлімдеме жасап, бұл шараның мақсаты КХДР-ді жақтаушыларды жою және елдегі конституциялық тәртіпті қорғау екенін айтты.

"Біз антимемлекеттік күштерді мүмкіндігінше тез басып, жағдайды қалыпқа келтіреміз – елде әскери жағдай жарияланды. Мұның кейбір қолайсыздықтар тудыруы мүмкін екенін түсінеміз. Алайда бұл шаралар Оңтүстік Кореяның қауіпсіздігін сақтау үшін қажет", – деп толықтырды ол.


Бұл шешімнен кейін Сыртқы істер министрлігі мен Қаржы министрлігінің басшылары шұғыл жиналыс өткізді.

Хабарға қарағанда, шешім оппозициялық Демократиялық партияның парламенттегі бюджет комитетінде бюджетті қысқарту туралы заң жобасын мақұлдап, мемлекеттік аудит және бас прокурорға импичмент жариялау туралы өтініштер бергеннен кейін қабылданған.

📱 t.me/askerenews


‼️Асад көтерілісшілермен күресу үшін Израильден көмек сұрады

Сирия президенті Асад сириялық режимге қарсы жауласқан исламшыл топтарға қарсы күресте Израильден көмек сұрады.

Бұл туралы Сауд монархына жақын интернет-басылым Elaph Сирия қауіпсіздік қызметіндегі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады. Хабарламада Асадтың жолдауын Израиль тарабына Еуропадағы оның көмекшілерінің бірі арқылы жеткізгені айтылған.

Дереккөздің мәліметінше, бұл өтінішке жауап ретінде Израиль Сирияда болып жатқан оқиғаларға қызығушылық танытпайтынын және ең алдымен Иран мен оның сателлиттерін елден шығару керегін талап еткен.

27 қарашада Hay'at Tahrir al-Sham басқаратын исламшыл топтар Алеппо мен Идлибтегі сириялық армия мен оның одақтас топтарының позицияларына ірі шабуыл бастады. Қарулы қақтығыстар әлі күнге дейін жалғасып отыр.

📱 t.me/askerenews


‼️Сириялық оппозиция Асадпен келіссөздерге дайын

Сириялық оппозиция Асадпен дереу келіссөздер жүргізуге дайын екенін көтерілісшілер өкілі әл-Бахра түріктің Haber телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Сонымен бірге ол топтардың елде саяси өтпелі процесс басталмайынша әскери әрекеттерді тоқтату ниеті жоқ екенін атап өтті.

📱 t.me/askerenews


‼️🇸🇾Сириядағы жағдай: басты жаңалықтар

📺Сириядағы Асад режимі бұдан былай Ресей мен проирандық топтардан бұрынғы жылдардағыдай ауқымды қолдауға сене алмайды. Бұл туралы Америкалық Соғыс Зерттеу Институты (ISW) жазады, бұл жағдай Дамасктың кез келген қарсы шабуыл операцияларын айтарлықтай қиындататынын атап өтеді.

📺1 желтоқсанда Израиль ӘӘК Дамаск әуежайына қонуға тырысқан ирандық ұшақты тоқтатып, оны Иран аумағына қайтуға мәжбүр етті, деп хабарлайды Ynet. Хабарда Mahan Air әуе компаниясына тиесілі ұшақтың "Хизбаллаға" арналған қаруды тасымалдауға күдік келтірілгені айтылады. Израиль әскери күштерінің бұл әрекеті қару-жарақ жеткізуді тоқтатуға бағытталған болуы мүмкін.

📺АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Германия бірлескен мәлімдемеде Сириядағы барлық тараптарды шиеленісті азайтуға және бейбіт халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды.

"Біз Сириядағы оқиғаларды мұқият бақылап отырмыз және барлық тараптарды шиеленісті бәсеңдетуге, азаматтық халықты және инфрақұрылымды қорғауға шақырамыз. Бұл қадамдар халықтың көшіп-қонуының алдын алуға және гуманитарлық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Қазіргі шиеленіс БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2254 қарарына сәйкес сириялықтардың басшылығымен саяси шешімнің шұғыл қажеттігін көрсетеді", – делінген АҚШ Мемлекеттік департаментінің сайтында жарияланған құжатта.

📺Сирия президенті Асад елдегі соңғы оқиғалар аясында Түркиямен байланыс орнатуға тырыса бастады, деп жазады Turkiye Gazetesi. Газеттің мәліметінше, сириялық көшбасшы Түркия билігіне екі арадағы делдалдар арқылы келіссөздер жүргізу ұсынысын жіберген. "Ассад әлі күнге дейін Түркия ұсынған келісім мүмкіндігіне жауап берген жоқ" – деп жазады басылым.

📺Ирандық топтар Сирия армиясына көтерілісшілермен күресте көмектесу үшін елге кірді, деп жазады Reuters. Мәлімет бойынша, олардың қатарында Ирактың Al-Hashd Al-Shabi, Kataib Hezbollah және Fatimiyyun сынды қарулы топтары бар.

📺Иранның сыртқы істер министрлігінің өкілі Багаи Иран әскери кеңесшілерінің Сириядағы терроризмге қарсы күресте көмек көрсетуді жалғастыратынын мәлімдеді.

"Біз Сирия үкіметінің шақыруымен осындамыз және бұл біздің жаңа міндетіміз емес", – деп хабарлады ол.

📺РФ Сириядағы жағдайды реттеу бойынша Иран және Түркия өкілдерімен тығыз байланыс ұстап отыр. Үшжақты кездесу өткізу мүмкіндігі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды ТАСС.

📺Түркияның сыртқы істер министрі Сириядағы соңғы оқиғаларды "сыртқы араласумен" байланыстыру дұрыс емес екенін айтты. "Дамаск өз халқымен және заңды оппозициясымен ымыраға келуі керек", – деп мәлімдеді министр TRT Haber телеарнасына берген сұхбатында.

📺Иран мен Сирия президенттері телефон арқылы сөйлесті. Иран Сирияға кез келген көмек көрсетуге дайын екенін білдірді. Асад Иранның қолдауын жоғары бағалап, бұл ынтымақтастықты "аймақтағы мәселелерді шешудің негізгі факторы" деп атады.

📺Израиль Иран қаруының Сирияға түсуіне жол бермейтінін мәлімдеді. Израиль армиясының өкілі Sky News Arabia-ға берген сұхбатында Иранның Сирияға көмек жіберіп жатқанын және Израиль бұл жағдайды қадағалап, қажетті шараларды қолданатынын атап өтті.

📱 t.me/askerenews


🇺🇦 Зеленский: Украина жоғалтқан аумақтарын әскери жолмен қайтара алмайды

"Ресей басып алған кейбір аумақтарды, соның ішінде Қырымды күшпен қайтару қиын. Біздің армиямыздың мұны жүзеге асыруға күші жетпейді. Сондықтан бізге шын мәнінде дипломатиялық шешімдер табу қажет", – деді Украина президенті Зеленский жапондық Kyodo агенттігіне берген сұхбатында.

Сонымен бірге ол мұндай қадамдарды тек Украина РФ-тың жаңа агрессиясын бастауға қауқарсыз болатындай деңгейге жеткен кезде ғана қарастыруға болатынын атап өтті.

Осыған байланысты Украина көшбасшысы серіктестердің қолдауы "жеткіліксіз" екенін тағы да айтып, НАТО-ны Киевті мүшелікке қабылдау туралы келіссөздерге мүмкіндігінше тезірек шақыруға үндеді.

📱 t.me/askerenews


Қазасынан 19 жыл өткенде Заманбек Нұрқаділововтің туған ауылы Кегенде ескерткіш-бюсты орнатылды

Айта кетейік, мемлекет қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің үйінде ескерткіш-тақта орнатуды және туған ауылы Кегенде ескерткіш орнатуды президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл тапсырған болатын.

Шараға Нұрқаділовтің туыстары, Кеген ауылының тұрғындары және қоғам қайраткерлері жиналды.

Еске салайық, Заманбек Нұрқаділов 2005 жылы Алматыдағы үйінде өлі табылған. Оның үш бірдей оқ жарақаты болған, бірі басына тиген. Меморгандар өлімнің ресми себебі – суицид деп атаған.

📱 t.me/askerenews


🇸🇾Сирия армиясы Хама провинциясына өтуге тырысқан көтерілісшілерді тоқтатты

Сирияның үкіметтік армиясы елдің орталық-батысындағы Хама провинциясына көтерілісшілердің шабуылын тоқтатты, деп хабарлады Сирия Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желілерде жариялаған мәлімдемесінде.

Мәлімдемеде Хама қаласын қорғау кезінде "ондаған лаңкестердің" жойылғаны және үкімет әскерлері Хама провинциясындағы бірнеше елді мекенді бақылауға алғаны айтылған. Олардың ішіндегі ең маңыздысы — Қалаат әл-Мадик пен Маардас. Алайда көтерілісшілердің бір бөлігі қашып үлгерген.

Осы түні Хама губернаторы провинцияға Сирия Қарулы күштерінің келгенін хабарлап, көтерілісшілердің қалаға кіруі туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Сирия президенті Башар Асад елдің солтүстігіндегі көтерілісшілердің жылжуы туралы алғаш рет пікір білдірді. Оның мәлімдемесі президент кеңсесінің телеграм-арнасында жарияланды.

"Президент Асад телефон арқылы сөйлесу барысында Сирияның өз аумақтық тұтастығын террористер мен олардың жақтастарынан қорғауды жалғастыратынын және одақтастары мен достарының көмегімен оларды жеңіп, жоя алатынын айтты", - делінген хабарламада.


📱 t.me/askerenews


🇺🇸Дональд Трамп БРИКС-ке мүше мемлекеттерге жаңа валюта құрған немесе доллардан бас тартқан жағдайда 100% баж салығын енгіземіз деп қорқытты

"БРИКС елдері доллардан бас тартуға тырысады деген идеяның соңы келді. Біз бұл елдерден жаңа БРИКС валютасын құрмайтындығы және құдыретті АҚШ долларын алмастыру үшін басқа валютаны қолдамайтындығы туралы міндеттеме талап етеміз, әйтпесе олар 100 пайыздық бажға тап болады және мықты америкалық экономиканы сату идеясымен қоштасуы керек", - деп жазды Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде.

БРИКС – мемлекетаралық бірлестік, 5 мемлекеттің одағы: Бразилия, Ресей Федерациясы, Үндістан, ҚХР, Оңтүстік Африка. 2023 жылдың 24 тамызында бірлестікке Иран, БАӘ, Египет, Эфиопия және Сауд Арабиясы кірді.

📱 t.me/askerenews


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
‼️🇸🇾Сирияда көтерілісшілер Башар Асадтың әкесінің ескерткіштерін құлата бастады

Көтерілісшілер басып алған Алеппо қаласында Сирияның бұрынғы президенті Хафез Асадтың ескерткіштерін құлату басталды. Ескерткіштердің бірі Алеппо губернаторының ғимаратының жанында, екіншісі Басиль қиылысында қиратылды.

Хафез Асад билікке 1971 жылы келді. Оның келуімен елдегі билік сириялық алавиттер қауымдастығына өтті. 2000 жылдың маусым айында Хафез Асад қайтыс болғаннан кейін президент қызметін Башар Асад атқара бастады.

📱 t.me/askerenews


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
‼️Сириялық БАҚ ел астанасы Дамаскте атыс басталғанын хабарлады

Жергілікті телеарналар хабар таратуын қысқартты, ал Асад режиміне адал БАҚ мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті туралы жазып жатыр.

Сонымен қатар, "Хайят Тахрир аш-Шам" күштері Хамаға кіріп, шамамен 60 км қашықтықты қарсылықсыз еңсерген, сириялық әскер шегініп жатыр.

📺Бірақ ақпарат ресми расталмаған.

📱 t.me/askerenews


🇨🇳Қытайда 1000 тоннадан асатын ірі алтын кен орны табылды

Қытайдың "Синхуа" ақпарат агенттігінің мәліметінше, Хунань провинциясында құны шамамен 600 миллиард юаньға (78 миллиард еуро) тең алтын кен орындары анықталды. Бұл әлемдегі ең ірі алтын кен орны болып шығуы мүмкін.

🪙 Кен орындары бұрын белгілі болған Вангу шахтасының астынан табылған. Хунань геологиялық қызметінің зерттеушілері бұрғылау және 3D модельдеу арқылы тереңірек орналасқан бұрын анықталмаған алтын қорларын тауып алған. 2000 метр тереңде 40-тан астам алтын анықталып, 3000 метр тереңде одан да ірі алтын кен орындары анықталған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, алтынның шоғырлануы тоннасына 138 граммға жетеді, бұл жоғары көрсеткіш болып саналады. Егер бұл деректер расталса, жаңа табылған кен орны қазіргі рекорд иесі — Оңтүстік Африкадағы South Deep шахтасынан асып түседі. Онда шамамен 930 тонна асыл металл бар.

Бұл ашылымнан кейін алтынның бағасы күрт өсті. Алайда Қытай Вангу кен орнының алтынын экспорттамайды, оны ел ішінде пайдаланады. Себебі Қытай тұтынатын алтынның көлемі өндіріс көлемінен үш есе артық және ел импортқа қатты тәуелді.

📱 t.me/askerenews


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
‼️Сириядағы қарулы антиүкіметтік топтардың мүшелері 2016 жылдан бері алғаш рет елдің екінші ірі қаласы Алеппоға кіргендерін мәлімдеді. Олар қаланың батыс шетінде үкімет әскерлерімен шайқасып жатыр.

Бұл туралы CNN және Associated Press мониторингтік топтар мен дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Алеппоның қорғанысын күшейту үшін Сирия армиясының элиталық дивизияларының сарбаздары жіберілген. Антиүкіметтік күштердің қалаға кіруі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Сирия қарулы күштерінің ұшақтары Идлиб және эд-Дана қалаларындағы оппозициялық күштердің шоғырланған орындарына соққы жасауда. Бұл туралы Al Watan газеті әскери дереккөздерге сілтеме жасап жазды.

Антиүкіметтік күштердің құрамына "Еркін Сирия армиясы" атты қарулы оппозициялық топ және Ресейде террористік деп танылған бірнеше ұйым кіреді. "Әл-Фатх әл-Мубин" жауынгерлерінің бірыңғай қолбасшылығы өз күштерінің Алеппоға кіргенін көрсететін видеокадрларды жариялап, жергілікті тұрғындарды ынтымақтастыққа шақырды. Бұл туралы қарулы оппозицияның Telegram-арнасында хабарланды.

Алеппо және Идлиб провинцияларындағы шабуыл 27 қараша күні таңертең басталды. Келесі күні топтар Алеппо қаласының батысындағы Сирия армиясының ірі базасын басып алғандарын мәлімдеді. Үш күннің ішінде қарулы топтар шамамен 400 шаршы километр аумақты қамтитын 70-тен астам елді мекенді бақылауға алды. Бұл туралы түрік агенттігі Anadolu хабарлады.

Үш күндік қақтығыс барысында кемінде 135 антиүкіметтік күштің жауынгерлері, 83 сириялық әскери және 20 бейбіт тұрғын қаза тапты. Атап айтқанда, Алеппо университетінің студенттік қалашығына жасалған шабуыл кезінде төрт адам көз жұмды. 14 мыңнан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Бұл деректерді Сириядағы адам құқықтарының сақталуын бақылау орталығы, БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасы және Сирияның мемлекеттік SANA агенттігі хабарлады.

Ресейдің Әуе-ғарыш күштері Сирия армиясына қарулы оппозициямен шайқаста көмек көрсетіп жатыр. Бұл туралы Ресей Қорғаныс министрлігінің жанындағы Сириядағы қарсылас тараптарды татуластыру орталығы мәлімдеді.

📱 t.me/askerenews


‼️Украинадағы соғыста 80 мыңнан астам ресейлік әскери қызметкер қаза тапты

Бұл туралы "Би-би-си орыс қызметі" мен "Медиазона" журналистері мәлімет келтіріп, сарбаздардың аты-жөндерін анықтаған.

"Журналистер еріктілер командасымен бірге ашық дереккөздер негізінде Ресей Қарулы Күштерінің 80 973 сарбазының жекеб асын анықтады. Бұл сарбаздар Украинаға басып кіруге қатысып, қаза тапқан. Олардың жартысынан астамы соғыс басталғанға дейін әскермен байланыста болмаған", - делінген мақалада.


Басылымдар еріктілер арасындағы шығындар күрт артқанын атап өтеді. Қазіргі уақытта олар жалпы шығындардың 22 пайызына тең, ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 14 пайыз деңгейінде болған. Басылымның жазуынша, көптеген ерікті майданға жіберілгеннен кейін бірнеше апта ішінде қаза табады.

📱 t.me/askerenews


‼️Грузияда не болып жатыр? Түсіндірейік

Грузия парламенті ғимаратының алдында, Тбилисидің орталығында, елдің Еуроодаққа кіру мәселесін 2028 жылға дейін кейінге қалдыру туралы премьер-министрдің мәлімдемесінен кейін наразылық акциясы болды. Наразылық білдірушілер Руставели даңғылын жауып тастады; парламент ғимаратына құқық қорғау органдарының қызметкерлері келген.

Артынша наразылық білдірушілер мен полиция арасында қақтығыстар болды, "SOVA Грузия" хабарлауынша, көзден жас ағызатын газ қолданылған.

Наразылық акциясына Грузия президенті Саломе Зурабишвили де қатысты, ол наразылық білдірушілердің бір бөлігімен бірге Парламенттен Бостандық алаңына барып, полиция қызметкерлерімен сөйлесті.

Грузияның Ішкі істер министрлігі хабарынша, Тбилисидегі наразылық акциясы "жиналыстар мен митингілер туралы заңда көрсетілген шеңберден шыққан". Полиция арнайы құралдар қолданды; үш полицей жарақат алып, екеуі ауруханаға жеткізілген.

Арнайы жасақ наразылық білдірушілерге қарсы көзден жас ағызатын газ, бұрыш шашыратқыш және түтін гранаталарын қолданды; акция қатысушыларын ұрып-соғу және ұстау әрекеттері орын алған. Бұл туралы Tbilisi life хабарлады.

📱 t.me/askerenews


‼️Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтерді

📌Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 15,25% деңгейінде белгіледі. Пайыздық дәліз +/- 1,0 п.т. тең болды.

Бұған дейін базалық мөлшерлеме 14,50% деңгейінде еді.

📱 t.me/askerenews

Показано 16 последних публикаций.