▫️Мемлекеттік тілде сот істерін қарау үлесін арттыру
▫️ Қазақстан Республикасының Әскери сотында сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында «Мемлекеттік тіл қызмет тілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
▫️ Дөңгелек үстел жұмысына азаматтық істер жөнінде сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Чингиз Майшибаев, алқа судьялары Дамир Ахтямов, Мурат Иманбаев, Бас әскери прокуратураның, ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы, ҚР ҰҚК Шекара қызметі, мемлекеттік тілдің дамуына жауапты қызметкерлері қатысты.
▫️ Алқа судьясы Дамир Ахтямов іс-шараға қатысушыларға азаматтық іс жүргізу бойынша мемлекеттік тілде қаралатын істердің үлесінің статистикалық көрсеткіштеріне тоқталды, үлес салмағын арттыру мәселесі бойынша ұсыныстарды жеткізді.
▫️ Төрағалық еткен Чингиз Майшибаев осы бағыттағы жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті және тіл заңнамасының сақталуын, мемлекеттік органдардың сотқа талап қоюларды мемлекеттік тілде беру қажеттілігін және ҚР «Тіл туралы» Заңның талаптарын бұзбауын ескертті.
▫️Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылар мемлекеттік тілді дамыту және қолдану, оның мәртебесін арттыру жөнінде бірлескен шешімдер қабылданып жатқанын айта отырып, сотқа талап қоюлардың мемлекеттік тілде берілуін арттыру мәселелері бойынша оң пікірлерін ортаға салды.
🌐 https://t.me/askeri_sottar