aspire to inspire


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Цитаты


көркем мінез ізденушісі ⚘
• ханафи, матуриди
• әр сөзім алдымен өзіме арналады

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Цитаты
Статистика
Фильтр публикаций


«Бойкот — біздің заманымыздың рибаты», — дейді шейх Шаннар (Алла оны сақтасын).

Ал хадистерде рибат туралы не делінген?

Салман (Алла одан разы болсын) былай дегені жеткізіледі:

Мен Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дегенін естідім:

«Алланың жолында күзетте (рибатта) өткізілген бір күн мен бір түн (тәулік), бір ай бойы ұсталатын оразадан және түнгі құлшылықтан артық. Егер (сол күйде) қайтыс болса, оның әдеттегі амалдары жалғастыра жазылады, ризық-несібесі оған келіп тұрады және ол қабірдегі фитнадан (азаптаушы сұрақтардан) аман болады».
(Сахих Муслим)

Яғни, ол қабірдегі сынақ пен азаптан қауіпсіз болады деген мағынада.

Ербол Ахметов ұстаз


– Араб емессің ғой, Палестина үшін неге қайғырасың? – деді.
– Адам емессің ғой, қалай түсіндіріп берейін? – дедім.


Бойкоттағы товарлар тізімі:

Раббымыз бізге соңына дейін бойкотқа берік болуды жазсын 🤲🏻


اللهمّ اسألك رفيقًا صالحًا تُصلحُ معهُ هذهِ الحياة.
اللهمّ اسألك سندًا لا يتغيّرُ مع الوقتِ ولا تُغيّرهُ الأيام من روحي.
اختر لي يا ربّ من عبادك قلبًا طيّبًا قلبًا يعرفُ ما معنى الحياة.
أسألك يا ربّ رفيقًا صالحًا يقودني لجنّتك..


О Аллаһ, я прошу Тебя о благочестивом спутнике с которым жизнь станет благой!

О Аллах, я прошу Тебя об опоре, которая не меняется со временем и не меняют ее дни!

Выбери для меня, Господи, из Твоих рабов человека, с добрым сердцем, сердце, которое знает, что значит быть живым.

Прошу Тебя, Господи, благочестивого спутника, который приблизит меня к Тебе!


Ей жан, ешкімді ренжітпе...
Сөзден ауыр ешнәрсе жоқ. Адам денесі көп жүкті көтерсе де, Көңіл әр сөзді көтере алмайды.

(c) Мәуләнә Руми


быть может, ты нуждался в этих словах.

в одном из хадисов-кудси сказано:

«О сын Адама, поистине, если придёшь ты ко Мне с (таким количеством) прегрешений (что заполнят они собой) чуть ли не всю землю, но встретишь Меня, не поклоняясь наряду со Мной ничему иному, Я обязательно дарую тебе прощение, которое покроет собой все эти грехи» (Тирмизи).


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
не ищи помощи, если откладываешь намаз. не ищи успеха, если откладываешь намаз. не ищи душевного или телесного покоя, если откладываешь намаз…


Пайғамбар күн сияқты алыстан қарасаң кішкентай болып көрінеді, ал жақыннан қарасаң көзіңді көтере алмай қаласың.

Имам Бусири “Бурда” Алла елшісіне арнап жазған өлең шумақтары.

Мүмкін біздің де Алла елшісінің қадірін жеткілікті деңгейде бағаламауымыз,алыстан қарап жүрген себепті шығар.

Жақыннан қарасақ бұлай болмас па еді?!

(с) Бағлан ұстаз


Иә, Рамазан тым тез өтіп кетті, бірақ Аллаһ ғұмыр берсе бізге келесі Рамазанға дайындалуға 11 ай уақытымыз бар екен, көп боп көрінгенімен бұл айлар да көзді ашып-жұмғанша, әп-сәтте өте шығуы әбден мүмкін. Сол үшін Рамазанға қазірден бастап ниеттеніп дайындалайық..

Келесі Рамазанға жоспар:


• мен осы Рамазанда жасаған, келесі айларда да жалғастыру керек қандай істерім бар?
• мен осы Рамазанда жіберген қандай қателіктерімді ендігі жолы қайталамауым керек?
• мен келесі Рамазанымның қандай болғанын қалар едім?
• келесі жолы мен неше рет Құранды хатым еткім келеді?
• қандай білімдерді алуым керек?
• қандай әдеттер қалыптастыруым керек?
• неше ауызашар бергім келеді?
• қаншалықты мөлшерде садақа/ зекет бергім келеді?
• мақсаттарымның орындалуы үшін қандай қадамдар жасауым керек?
• қандай дұғалармен Аллаға жалбарынып көмек сұрауым керек?
• қаншалықты жиі дұға етуім керек?

Амалдар ниетке байланысты екені ұмытпайықшы, жақсылыққа ниеттеніп қадамдар жасасақ Раббымыз “бол” десе болмайтын нәрсе жоқ


Осы Рамазанды қорытындылау үшін және келесі Рамазан айын барынша тиімді өткізуге дайындалу үшін өзіңізге осы сұрақтарды қойыңыз:

Дәперге қаламмен жазуға кеңес беремін 📝

1. Діни және рухани өсу
• Биылғы Рамазанда Аллаға жақындау үшін қандай амалдар жасадым?
• Намаздарымды уақытылы оқи алдым ба?
• Құранды қаншалықты жиі оқыдым және түсінуге тырыстым ба?
• Жасаған дұғаларым мен тілектерім қандай болды? Олар шын жүректен айтылды ма?
• Күнәларымды азайту үшін қандай қадамдар жасадым?

2. Өзін-өзі тәрбиелеу және әдеттер
• Ауыз бекіткен кезде сабырлы бола алдым ба?
• Ашуланудан, өсек пен бос сөзден аулақ болдым ба?
• Рамазан маған қандай жақсы әдеттерді үйретті? Олармен әрі қарай жұмыс істей аламын ба?
• Жақсылық жасауға, садақа беруге қаншалықты көңіл бөлдім?

3. Денсаулық пен энергия
• Сәресі мен ауызашарда қандай тағамдарды тұтындым? Денсаулығыма пайдалы болды ма?
• Ораза кезінде денемді қалай сезіндім? (шаршау, әлсіздік, күш-қуат)
• Ұйқы тәртібімді реттей алдым ба?

4. Уақытты тиімді пайдалану
• Уақытымды босқа өткізіп алған жоқпын ба?
• Күнделікті жоспарым қаншалықты өнімді болды?
• Қандай кітаптар оқыдым немесе пайдалы дәрістер тыңдадым?

5. Рамазаннан кейінгі жоспар
• Рамазаннан кейін қандай жақсы әдеттерді жалғастырғым келеді?
• Алдағы айларда өзімді қалай дамытамын?
• Келесі Рамазанға дейін рухани деңгейімді қалай көтере аламын?

Бұл сұрақтарға шынайы жауап беру арқылы өзіңіздің дамуыңызды сараптап, келесі жылы одан да жақсы дайындалуға көмектесе аласыз.


Ораза айт құтты болсын, Аллаһ бізден де, сізден де қабыл етсін 🤍🌷


Йа Раббым, бізді тозақ отынан құтқарылған, осы Рамазанда күнәлары толық кешірілген құлдарыңның қатарынан болуды бізге нәсіп етші! 💔

Раббым, осы Рамазандағы оразамызды, жасаған дұға-құлшылықтарымызды қабыл етші.
Раббым, қате-кемшіліктеріміз болса Өз мейіріміңмен орнын толтырып, бізді толық кешірші.
Раббым, келесі Рамазанға аман-есен жетуімізді нәсіп етші!
Раббым, өміріміз “Рамазан”, соңымыз “Айт” сияқты болуын нәсіп етші.

Раббым, кісеннен босайтын шайтадардың азғыруынан бізді сақташы, нәпсімізді Өзіңе бағынышты, Өзіңе бойсұнған нәпсілерден етші.

Раббым, тура жолда, Сен үшін жасайтын игі істерімізде Өзің күш-қуат, табандылық, тұрақтылық, Тауфиқ берші, себебі Сенің жәрдеміңсіз біз сөзсіз құрдымға кетеміз..💔


Йа Раббым, маған бес уақыт намазды қаза қылмайтын тағдыр берші!

Йа Раббым, маған ата-анама “уф” демейтін тағдыр берші!

Йа Раббым, маған түнгі, Тәхәджуд намазын қалдырмай оқитын тағдыр берші!

Йа Раббым, маған туысқандық арақатынасты үзбетін тағдыр берші!

Раббым, маған жомарт жүрек берші!

Раббым, маған әрдайым “бершуші” қол болуды нәсіп етші!

Раббым, маған Өзіңе сүйкімді болған, Сен разы болған тағдыр нәсіп етші! 🤲🏻


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Ерлан Ақатаев ұстаз Қадір түні жайлы

міндетті түрде тыңдап шығыңызшы💔


Бүгін Рамазанның соңғы тақ түні

Имам әс-Суютидің (рахимаһулла) хадис жинағында Пайғамбарымыздың ‎ﷺ былай дегені риуаят етіледі:

Қадір түнін Рамазанның соңғы түнінен іздеңдер.”

Соңғы түнді құлшылықпен, дұғамен өткізейік, бәлкім нағыз Қадір түні бүгін шығар?


неге соңғы кездері реакция ешкім қоймай кетті десем өзім алып тастапппын ғой байқамай, субханАллаһ🥲😂🤦🏻‍♀️




Қадір түні көп айтылуы керек дұға:

اللهم إنك عفو تحب العفو فاعف عنا

“Аллаһумма иннәкә ғәфуун, тухиббул ғәфуа, фәғфу ғәннә”.

Аллаһым, Сен аса кешірімдісің әрі кешіргенді жақсы көресің. Бізді кешіре гөр! (Сунан Термизи)

Показано 20 последних публикаций.