▶️
Мемлекеттік кеңесші ішкі саясат мәселелеріне қатысты республикалық кеңес өткізді
🔷 Ақордада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен ішкі саясат және идеология жұмысына қатысты
республикалық кеңес өтті. Іс-шарада Мемлекет басшысының бастамаларын тиімді жүзеге асыруға, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға, қоғамдық бірлестіктермен және сарапшылар қауымдастығымен өзара байланысқа, ақпараттық және жастар саясатына қатысты мәселелер талқыланды.