Astana Daryny


Гео и язык канала: Казахстан, Русский
Категория: Образование


Центр по выявлению и поддержке одаренных детей и талантливой молодёжи «Астана Дарыны» акимата города Астаны
https://astanadaryny.kz
Обратная связь в чате @intellectualevents

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Русский
Категория
Образование
Статистика
Фильтр публикаций


Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Ханталапай» ұлттық ойындар республикалық байқауының қалалық кезеңі

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ҚР ОАМ «Балаларды ерте дамыту институты» РММ-нің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес әртүрлі ұлттық, қимылды ойындарға қызығушылыққа баулу арқылы қазақ халқының салт-дәстүрлеріне, мәдениетіне мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал ету мақсатында «Ханталапай» ұлттық ойындар республикалық байқауының қалалық кезеңін
13 наурыз күні орталық базасында өткізді.
Бейнематериалдар бойынша байқаудың қалалық кезеңіне қатысуға мектепке дейінгі ұйымдардың меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ортаңғы топ, ересек топ, мектепалды даярлық аралығындағы топтардан «Ханталапай» ұлттық ойынына барлығы 20 балабақшадан (180 тәрбиеленуші) өтінім тіркелді.
Астана халықаралық университетінің педагогикалық колледжі, мектепке дейінгі бөлімнің арнайы пәндер оқытушыларынан құралған қазылар алқасы қатысушылардың видеоматериалдары бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады.

Хаттама


IV «Бестемше» қалалық ұлттық ойыны жарысының аудандық кезеңі
«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау және анықтау орталығы Астана қаласы тоғызқұмалақ федерациясымен бірлесе отырып мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі мектепалды топтары арасында ІV «Бестемше» қалалық ұлттық ойыны жарысының аудандық кезеңін 2025 жылдың наурыз айының 11-12 күндері №67 «Шұғыла» (Алматы/Есіл/сарайшық аудандары) және №69 «Еркемай» (Байқоңыр/Нұра,Сарыарқа) балабақшаларында өткізді.
Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясы және халықаралық деңгейдегі жаттықтырушылардың, сонымен қатар тоғызқұмалақтан спорт шеберлерінің төрелік етуімен ІV «Бестемше» ұлттық ойын жарысы бірнеше айналымда олимпиадалық және швейцар жүйесімен бағаланды.
ІV қалалық «Бестемше» ұлттық ойын жарысының аудандық кезеңіне қатысқан 60 тәрбиеленушінің 30-ы жеңімпаз–жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Хаттама


«Ғафу-жыр, Ғафу-сыр» байқауы
«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясымен бірлесе отырып, 2025 жылдың 12 наурыз күні 8-10 сынып оқушылары мен педагогтер арасында қара өлеңнің құдіретін ұғынған «поэзия» атты тұңғиық теңізде еркін жүзген, әдебиет әлеміне ғұмырын арнаған ақын Ғафу Қайырбековтың шығармашылығына арналған қалалық «Ғафу-жыр, Ғафу-сыр» байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізетінін хабарлайды.
Байқау мемлекеттік тілде өтеді.
Байқаудың мақсаты: мектеп оқушылары арасында Ғафу Қайырбековтің шығармаларын насихаттап, көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру, әдеби тіл байлығын, көркемсөз оқу шеберлігін, шешендік өнерін дамыту.
Байқау ережеге (қосымша) сәйкес төрт номинациядан тұрады.
•«Ғафу-жыр, Ғафу-сыр» номинациясы Ғафу Қайырбеков шығармаларын (поэзия, проза) жатқа оқу;
• «Ғафу стиліндегі ұлттық свитшот дизайны» ұлттық бренд номинациясы;
•«Арт-жоба» номинациясы;
•«Өлең-менің серігім» педагог-ақындар номинациясы:
Өтетін орны: Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясы (С. Сейфуллин көшесі, 19).

Басталуы: сағат 09.00.
Тіркеу: сағат 8.30 - 9.00.

Трансляция

«Ғафу-жыр, Ғафу-сыр» номинациясы

«Ғафу стиліндегі ұлттық свитшот дизайны» ұлттық бренд номинациясы 1

«Ғафу стиліндегі ұлттық свитшот дизайны» ұлттық бренд номинациясы 2

«Арт-жоба» номинациясы 1

«Арт-жоба» номинациясы 2

«Арт-жоба» номинациясы 3

«Ғафу-жыр, Ғафу-сыр» номинациясы

«Өлең-менің серігім» педагог-ақындар номинациясы

«Өлең-менің серігім» педагог-ақындар номинациясы 2

Хаттамалар


2025 жылдың 5 наурызында 8-10 сынып оқушылары арасында көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханға арналған «Ұлттың Ұлы тұлғасы» қалалық байқауы өтеді.
Байқауды Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Әлихан Бөкейхан атындағы Binom school мектеп-лицейімен бірлесіп ұйымдастырып отыр.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
-Әлихан Бөкейханның саналы ғұмыры негізінде жас ұрпақты ұлттық рухта тəрбиелеу және адамгершілік, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту;
-көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, әмбебап ғалым Ә.Бөкейханның құнды мұраларын дəріптеп, халық үшін атқарған қызметін насихаттау;
-саяси, мәдени, экономикалық, әдеби-публицистикалық мұрасын көпшілікке танымал ету.
Байқау мемлекеттік тілде және 4 номинация бойынша өткізіледі:
-«Ә.Бөкейхан – ұлт жанашыры» эссе жазу номинациясы;
-«Ұлт көсемі – Әлихан» жас ақындар номинациясы;
-«Алаштың Әлиханы» буктрейлер номинациясы;
-«Әлихан жүрген ізбенен» комикстер номинациясы.
Өтетін орны: Әлихан Бөкейхан атындағы Binom school мектеп-лицейі (Шафика Чокина көш., 5).
Басталуы: сағ.09.00.
Тіркеу: сағ.08.15-08.45.

Трансляция

«Алаштың Әлиханы» буктрейлер

«Ұлт көсемі – Әлихан» жас ақындар

«Әлихан жүрген ізбенен» комикстер номинациясы

«Ә.Бөкейхан – ұлт жанашыры» эссе жазу номинациясы

Жұмыстар

Хаттамалар


3- 4 сынып  оқушыларына арналған қалалық пәндік олимпиада
2025 жылдың 1 наурыз күні 3- 4-сынып  оқушыларына арналған қалалық пәндік олимпиада№93 мектеп-лицей және №74 мектеп-гимназия базаларында өтеді.
Олимпиаданың өтетін орны:
№74 мектеп-гимназия  (Т.Жүргенов көшесі-29)-математика, жаратылыстану, дүниетану;
 
№93мектеп-лицей (Ж.Нажимеденов көшесі-24)-қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі;
 
Қатысушыларды  тіркеу: сағат -8.00-де
Олимпиаданың басталуы: сағат - 9.00-де
 
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Трансляция

Жұмыстар

Хаттамалар


«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ағымдағы жылдың 24-27 ақпан аралығында «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының (бұдан әрі-Форум) қалалық іріктеу кезеңін қашықтық форматында өткізетіндігін хабарлайды.
Форумның мақсаты - Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту.
Форум екі кезеңнен тұрады:
I кезең –қалалық (қашықтық форматта);
II кезең –республикалық (қашықтық форматта).
Форум 3 номинация бойынша өткізіледі:
«Мен мамандықты ..... таңдаймын» (қазақша,орысша,ағылшынша);
«Менің кәсібім – менің бизнесім» (қазақша,орысша);
«Жас мобилограф» (қазақша,орысша).

Хаттамалар


«Педагогикалық идеялар панорамасы» қалалық байқауы
«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2025 жылдың 28 ақпан күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Binom school мектеп- лицейі базасында елордалық білім беру ұйымдарының бастауыш сынып педагогтеріне арналған «Педагогикалық идеялар панорамасы» қалалық байқауын өткізуде.
Мақсаты - жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін және өзін - өзі дамытуға жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге болашақ мұғалімдердің кәсіби көзқарасын қалыптастыру.

Байқау «Бастауыш мектепте инновациялық технологияларды пайдалана отырып, дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау» бағытында төмендегі пәндер бойынша жүргізілуде:

1- кабинет:
- қазақ тілі мен әдебиеттік оқу қазақ мектептерінде;
2- кабинет:
- қазақ тілі мен әдебиеттік оқу қазақ мектептерінде;
- қазақ тілі мен әдебиеттік оқу орыс мектептерінде;
3-кабинет:
- орыс тілі мен әдебиеттік оқу қазақ мектептерінде;
- орыс тілі мен әдебиеттік оқу орыс мектептерінде;
- ағылшын тілі.
4 -кабинет:
-дүниетану, жаратылыстану;
5- кабинет:
-математика.

Трансляция:

308 кабинет

307 кабинет

309 кабинет (қазақ тілі мен әдебиеттік оқу қазақ мектептерінде)

310 кабинет (Дүниетану, жаратылыстану)

311 кабинет

Хаттамалар


«Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының қалалық кезеңі
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық
қоғамдық қоры және «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2025 жылдың 21 ақпан күні мемлекеттік тілді қолдауға бағытталған «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының қалалық кезеңін өткізеді. Олимпиадаға 7-11 сынып оқушылары қатысады.
Олимпиада бес бағыт бойынша өтеді:
1. «Бейнелеушілер» (қазақ әдебиетіндегі шығармаларды комикс жанрында салу);
2. «Білгірлер бәйгесі» (халық ауыз әдебиеті үлгілері бойынша сайыс);
3. «Жас қаламгер» (жазбаша шығармашылық жұмыс);
Олимпиаданың өтетін орны: Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты (Б.Соқпақбаев көшесі, 17 үй)
4. «Сөз шеберлері» (шешендік өнер, көпшілік алдында белгілі бір тақырыпта сөз сөйлеу);
5. «Әнші-бұлбұлдар» (жанды дауыста ән айту);
Олимпиаданың өтетін орны: Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» (Тұрар Рысқұлов көшесі, 14)
Қатысушыларды тіркеу уақыты: 08:30 басталады
Олимпиаданың басталу уақыты: 10:00-де

Трансляция

Әнші бұлбұлдар

Сөз шеберлері

Жұмыстар

Хаттамалар


Kazakhstan Speaks English ағылшын тілі бойынша
олимпиаданың қалалық кезеңін өткізу туралы ақпарат

2025 жылдың 21 ақпан күні № 91 мектеп-гимназиясында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Астана қаласы білім беру орталықтарының қауымдастығымен бірлесе отырып, Kazakhstan Speaks English ағылшын тілі бойынша олимпиаданың қалалық кезеңін өткізеді.
Мақсаты - мектеп оқушыларын ағылшын тілін үйренуге ынталандыру, шығармашылық ойлауын дамыту және ағылшын тілін меңгеру бойынша халықаралық рейтингтерде Қазақстанды таныту.
Қалалық кезеңге Олимпиаданы өткізу ережесіне сәйкес аудандық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері (I-III дәрежелі дипломдардың иегерлері) қатысады.
Тіркелу уақыты: 09:15-09:45
Олимпиаданың басталуы: 10:00

Трансляция:

209 кабинет

211 кабинет

217 кабинет

212 кабинет

215 кабинет

216 кабинет

213 кабинет

214 кабинет

Жұмыстар

Хаттамалар


«ӘЛИХАН ЖӘНЕ АЛАШ» қалалық зияткерлік үстел ойыны

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейімен бірлесіп 2025 жылдың 21 ақпанында «ӘЛИХАН ЖӘНЕ АЛАШ» қалалық зияткерлік үстел ойынын ұйымдастырады.
Ойынның мақсаты - қазақ халқының жарқын болашағы мен азаттығы жолында аянбай еңбек еткен Әлихан Бөкейхан және Алаш көсемдерінің тарихи ерліктерін атап өту, Алаш қайраткерлерінің өмірі мен қызметін кейінгі ұрпаққа паш ету.
Ойын 2 айналымнан тұрады:
1 айналым – әр мектептен келген оқушылар бір-бірімен сайысады;
2 айналым – жеңімпаздар өзара сайысқа түседі.
Өтетін орны: Астана қаласы, Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейі (Түркістан көшесі, 10/1).
Тіркеу уақыты: 08.15 - 08.45.
Басталуы: сағат 09.00.


Трансляция

Хаттама


«Сәулелі көлеңке» қалалық байқауы

Өтетін күні : 2025 жыл 20 ақпан
Өтетін орны: Қуыршақ театры (Республика даңғылы 3 )
Басталуы: сағ. 10.00.
Ұйымдастырушылар: «Астана дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы мен «ELGEZEK»» дамыту орталығы American Councils қолдауымен
Қатысушылар: Астана қаласындағы білім беру ұйымдарының 5- 7 сыныптар арасынан 54 өзге ұлт оқушылары (9 топ).

2025 жылдың 20 ақпанында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен «ELGEZEK» даму орталығы бірлесіп, American Councils қолдауымен қалалық білім беру мекемелерінің қазақ тілін меңгерген өзге ұлт өкілдерінің 5-7 сынып оқушылары арасында «Сәулелі көлеңке» (көлеңке театр) қалалық байқауының қорытынды кезеңін өткізеді.
«Сәулелі көлеңке» байқауының мақсаты: өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді қолдау, олардың тіл байлығын, коммуникативтік дағдыларын дамыту, мәдени өзара әрекеттесуін нығайту.
Байқау қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына арналады.
Байқаудың ерекшелігі – барлық қойылымдар тікелей эфирде мемлекеттік тілде қойылып, қатысушылар өз кейіпкерлерін жанды дауыста сомдайды.
Бұл бірегей шара қалалық білім беру ұйымдарының қазақ тілінде сөйлейтін өзге ұлт оқушылары арасында мемлекеттік тілді дамытуға ықпал етіп, тілді тереңірек меңгеруге деген ынтасын арттырады.
«Сәулелі көлеңке» (көлеңке театры) – жай ғана байқау емес, әрбір қатысушы өзін таныта алатын, талантының жаңа қырларын ашып, ұмытылмас әсер алатын нағыз шығармашылықтың мерекесі. Көрермендерді сиқырлы және таңғажайып театр әлеміне жетелейтін жарқын да қызықты іс-шара күтеді.


Трансляция

Трансляция (марапаттау)


📢 «Astana Daryny» орталығы қаржы және экономика бойынша республикалық мамандандырылған олимпиаданың II кезеңін өткізетінін хабарлайды!

📅 Күні: 17 ақпан 2025 жыл
⏰ Басталуы: 10:00
Тіркеу: 09:30-09:45
🏫 Өтетін орын: №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі

🎯 Олимпиаданың мақсаттары:
✔️ Экономикаға қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау, қолдау және дамыту
✔️ Қаржы саласында терең білім алуға ынталандыру
✔️ Халықаралық экономика олимпиадасына (IEO) қатысатын Қазақстан құрамасын жасақтау

✨ Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Трансляция


«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының қалалық кезеңі
«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылдың 17 ақпан күні №107 орта мектепте республикалық педагогикалық олимпиадасының қалалық қорытынды кезеңі өтіп жатыр.
Мақсаты - жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін және өзін - өзі дамытуға жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге болашақ мұғалімдердің кәсіби көзқарасын қалыптастыру.
Олимпиада 3 сатыланған құрылымнан тұрады:
І саты – жас педагогтер,
ІІ саты – психологтер,
ІІІ саты – тәлімгерлер.

Трансляция:

1- кабинет: қазақ тілі мен әдебиеті;

2- кабинет: орыс тілі мен әдебиеті, қолданбалы цикл, тәлімгерлер;

3 -кабинет: ағылшын тілі;

4- кабинет: психологтер;

5- кабинет: химия, биология, география;

6 - кабинет: математика, информатика, физика;

7- кабинет:бастауыш.

Хаттамалар


«Астана  дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау    орталығының  жұмыс жоспарына сәйкес бастауыш сынып оқушыларына  арналған "Бастау"республикалық математикалық олимпиаданың қалалық кезеңі  ағымдағы  жылдың 15 ақпан күні   №99 орта мектеп (Қабанбай батыр даңғылы -38а)базасында   өтеді.
  «Бастау» математикалық олимпиаданыңқалалық кезеңі қазақ тілінде оқитын және орыс тілінде оқитын мектептер үшін 2 топта  өтеді.
 
Қатысушыларды  тіркеу: сағат- 8.00
Турнирдің басталуы: сағат – 9.00

Трансляция

Жұмыстар

Хаттамалар


«Математиқалық регата»
14 ақпан күні №9 «Зерде» мамандандырылған мектеп базасында «Математиқалық регата» олимпиадасын (бұдан әрі – Олимпиада) өтетіндігін хабарлайды.
Олимпиаданың мақсаты: педагогтің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетудегі ұмтылысын арттыру.
Өтетін орны: №9 «Зерде» мамандандырылған мектеп (Төле би көшесі, 26)
Басталуы: сағ. 14:00
Тіркеу: сағ. 13:30

Трансляция

Жұмыстар

Хаттама


Ерекше білім беруді қажет ететін мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Шексіз әлем» мультистудия жобасының қорытындысы
Ерекше білімді қажет ететін мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық және қолөнер қабілеттерін дамыту, олардың өзін-өзі көрсетуіне мүмкіндік беру, балалардың визуалды шығармашылықтарын, қол моторикасын дамыту мақсатында «Шексіз әлем» мультистудия жобасы 2025 жылдың 11 ақпан күні «Астана дарыны» орталығында онлайн өтті.
Астана халықаралық университетінің педагогикалық колледжі, мектепке дейінгі бөлімнің арнайы пәндер оқытушыларынан құралған қазылар алқасының шешіміен видеоматериалдары бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Хаттамалар


«Сәулелі көлеңке» (көлеңке театр) қалалық байқауы

2025 жылдың 6 ақпан күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы қалалық білім беру мекемелерінің қазақ тілін меңгерген өзге ұлт өкілдерінің 5- 7 сынып оқушылары арасында «Сәулелі көлеңке» (көлеңке театр) қалалық байқауының іріктеу кезеңін онлайн форматында өткізді. Іріктеу кезеңіне қала мектептерінен 62 оқушы қатысты.

Хаттама


Республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының қалалық кезеңі өтеді
 
 
2025 жылғы 8 ақпанда № 74 мектеп-гимназия базасында жалпы орта білім беру мекемелерінің 7-11 сынып оқушылары  арасында республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының қалалық кезеңі өтеді.
Байқау 3 (үш) бағыт бойынша болады:  
І. «Айтып өткен ақында арман бар ма?» - өлеңдерді жатқа оқу номинациясы;
ІІ. «Жыр эстафетасы» - поэмаларды жатқа оқуноминациясы;
ІІІ. «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды» - өлең шығаруноминациясы;
Өтетін орны: Астана қ, Т. Жүргенов көшесі, 29. № 74 МГ.
Тіркеу: сағат 08.00. – 08.45. аралығында.
Басталуы: сағат 09.00.-де.


Трансляция

«Айтып өткен ақында арман бар ма?» - өлеңдерді жатқа оқу номинациясы

«Жыр эстафетасы» - поэмаларды жатқа оқуноминациясы

«Айтып өткен ақында арман бар ма?» - өлеңдерді жатқа оқу номинациясы

Хаттамалар


Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы зертханасы бойынша білім алушылар арасында «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» ауызша командалық олимпиадасы

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Б. Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиямен бірлесіп 2025 жылдың 7 ақпан күні Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша білім алушылар арасында «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» ауызша командалық олимпиада өтеді.
Тіркелуі: 08.00-8.45
Басталуы: 09.00
Олимпиаданың мақсаты: білім алушылардың жалпы пәндер (қазақ, орыс, ағылшын тілдері, қазақ әдебиеті, тарих, математика) бойынша бәсекелесе алу қабілетіне жол ашу, дарынды балалардың ғылыми-танымдық белсенділігін қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды саралай, бағалай білуге баулу.

Трансляция

4-сынып, 5 топ

2-сынып, 11-топ

1-сынып, 6-топ

3-сынып, 5-топ

5, 6, 7-сынып, 7-топ

Хаттамалар


Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы

2025 жылдың 05 ақпан күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының қалалық іріктеу кезеңі №8 мектеп-лицейінде өтіп жатыр.
Мақсаты - жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін және өзін - өзі дамытуға жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге болашақ мұғалімдердің кәсіби көзқарасын қалыптастыру.
Олимпиада 3 сатыланған құрылымнан тұрады:
І саты – жас педагогтер,
ІІ саты – психологтер,
ІІІ саты – тәлімгерлер.
Олимпиаданың іріктеу кезеңі - тестілеу (педагогика, психология және жалпы әдістеме) . Қатысушы 25 сұрақтың 60%-ына (яғни 15 және одан да көп) дұрыс жауап берсе, екінші кезеңге өтеді.

Трансляция

Показано 20 последних публикаций.