Фильтр публикаций


Сонымен 2024 жыл Израиль жауларының әлсіреуіне алып келсе, Израиль үкіметін тығырыққа тіреді. Ал Палестина елі өз позициясын жақсарта алды, өйткені 2023 жылдың 7 қазанындағы шабуылдан соң әлемде тағы 9 ел Палестина тәуелсіздігін мойындады (Испания, Норвегия, Ирландия, Словения, Армения, Барбадос, Багам аралдары, Ямайка, Тринидад және Тобаго елдері).

Тағы да еске салатын жайт, 2023 жылғы шабуылды ұйымдастырған – Хамас ұйымы. Ол қазіргі Палестина үкіметі болып саналатын ФАТХ ұйымының қарсыласы. Сондықтан Хамас қан төгіп, өз күштерінен айырылуынан оның қарсыласы, Палестина басшылығы Фатх пайда көріп отыр. Сол себепті де бұл соғысты Палестина-Израиль соғысы деу қате. Бұл Хамас пен Израиль соғысы (глобально Иран мен Израиль қақтығысы), Палестина халқы (в основном Газа секторындағы) – қақтығыстың басты құрбаны.

Қайырлы түн!


Нетаньяху қазір қиын жағдайда. 2023 жылғы Хамас шабуылынан соң Израиль халқы премьер-министр әрекетіне толығымен қолдау көрсетті. Кейіннен соғыс ұзаққа созылып, тұтқындағы израильдіктер қайтарылмаған соң елде соғысты тоқтатуды талап ететін шерулер көбейді. Шеруге шығушылар ойынша тұтқындағыларды қару арқылы емес, келіссөз арқылы босату мүмкіндігі жоғары.

Беньямин Нетаньяху неге келіссөзге барғысы жоқ?
1. Соғыс тоқтағанда елдегі әскери режим де бітеді, ол кезде 7 қазан күнгі шабуылға кінәлі Израиль шенеуніктерін тергеу жұмыстары басталады;
2. Келіссөз арқылы құтқарылса Нетаньяху жүргізген (почти) 1,5 жылдық соғыс нәтиже берген жоқ дегенді білдіретін болады. Ал премьер-министр халыққа соғыстың бекер болып жатқан жоғын көрсету үшін Хамасты түбіне дейін жою арқылы тұтқындағы азаматтарын құтқармақшы. Оның үстіне 2026 жылы Парламент сайлауы келе жатыр.

Сол себепті соғыс жолымен Израиль халқына қандай да болсын нәтиже ұсыну үшін соғыс жалғасуда.


Израиль халықаралық имиджіне келген ең үлкен дақ 2024 жылдың 20 мамырында орын алды. Ол күні Халықаралық қылмыстық сот Израиль премьер-министрі мен қорғаныс министріне іздеу жариялады. Соттың позициясы бойынша Израиль басшылығы Газа халқына қарсы гуманитарлық заңнамаларды ұстанбай соғыс жүргізуі ондаған мың адамның қаза болуына әкелді. Бұл шешімге Еуропа елдері бағынып, Израиль басшысы Еуропа елдеріне сапар жасаса тұтқындайтыны жайлы айтса, АҚШ басшылығы Сот әрекетіне қарсы шықты (тем более ол соттың билігін АҚШ мойындамайды).

Осылайша Израиль бір жағынан өзінің ескі жауларын әлсіретсе, екінші жағынан ескі достарымен кикілжіңге келді.


Израильдің Газа секторына ешқандай көмек кіргізбей соғыс қимылдарын жүргізуі басында қолдау көрсеткен Еуропа елдері тарапынан өз позицияларын өзгертуіне алып келді. Еуропа елдері арасынан бір уақытта Испания, Норвегия, Ирландия мен Словения Палестина тәуелсіздігін мойындап, Израиль әрекеттерін сынға алды. Ал Израильге ең үлкен қолдау көрсетуші Еуропаның ірі елдері – Германия, Франция, Италия, Испания Израильге қару-жарақ сатуын тоқтатты. Аталған елдер халықаралық аренада Израиль әрекеттерін сынап, соғысты тоқтатуға шақырды.

Еуропа былай тұрсын, ондаған жыл бойы қолдап келген АҚШ басшылығы да қару-жарақ пен қаржылай көрсетілетін көмектерін тоқтату мүмкіндігін айтты (бірақ тоқтатпады).

Суретте Словения үкіметі ғимаратындағы Словения, Еуропалық Одақ және Палестина жалауы.


1948, 1967 және 1973 жылдары орын алған Араб-Израиль соғыстарының барлығында қатысқан Сирия әлі күнге дейін Израильді жау санаушы ел еді. 7-8 желтоқсан күндері Сириядағы 50-жылдан астам уақыт билікте болған Асадтар әулеті билігі құлаған сәтте бірнеше күн елде биліксіз анархия уақытын Израиль босқа жібермей, ірі әскери базалар мен қоймаларды бомбылаумен айналысты. Бірнеше күн ішінде Израиль ұшақтары Сирия флотын толығымен жойып, дені сау қойма қалдырған жоқ. Жойылған қоймалар арасында Сирияның химиялық қаруы сақталатын жерлері де болды (деседі).

Бұл әрекеттің басты мақсаты – билікке келетін топтар алдағы уақытта күшін біріктіріп, Израильге қарсы шықпауын алдын алу. Оның үстіне Сирияда билікті өз қолына алған топ та БҰҰ мен мүше елдері радикалды террористтік деп мойындаған топ адамдары.


Хамас шабуылы мен мыңнан астам Израиль азаматтарының өлімінен соң Израильдің Газаға басып кіруін әлем елдерінің көп бөлігі қолдау көрсетті. Соғыс Израиль өзін қорғау үшін жасап жатқан жауап ретінде қабылданды.

Израиль үкіметі халықтың қолдауын пайдаланып Газа секторында Хамаспен, 2024 жылдың қыркүйек-қараша айларында Ливанда Хезболлаға қарсы тікелей соғысып, арасында Иранның жақтастары болып саналатын Сирия және Йемендегі хуситтерді бомбылаумен айналысты. Шілде айында басты жауы – Иранның астанасында Хамас террористтік ұйымы басшысын өлтірді, күзде Ливандағы Хезболла террористтік ұйымының басшысы мен өзге басшылықтағы адамдарының көзін жойды.

Қазір Хамас ұйымы өте әлсіз, Хезболла да аяққа тұруына бірнеше жыл қажет, ал Иранның жаңа президенті сыртқы емес, ішкі проблемалармен айналысуды жөн көретін Масуд Пезешкиан. 2024 жылдың желтоқсанында Сирия президенті, Иранның басты достарының бірі болған Башар Асад режимі де құлады.


2025 жылы Украина-Ресей соғысы ғана емес, Израиль мен Хамас арасындағы қақтығыс та аяқталу мүмкіндігі жоғары. Бұл жолғы Израиль мен Газа секторындағы билік саналатын Хамас арасындағы қақтығыс 2023 жылдың 7 қазанында Хамастың Израильге жасаған шабуылынан басталып еді. Шабуыл салдарынан 1200-ден астам Израиль азаматы қаза тауып, 253 адамды тұтқынға алып еді.

2024 жылы Израиль үшін жеңіске толы жыл болды деуге болатын еді. Алайда, Израильдің жеңілісі де біраз. Бүгін сол жайлы.




Ал мынау 2024 жылғы Әлем экономикасының көрінісі. Еуропа мен АҚШ әлі де әлем экономикасының жартысына жуығын береді. Ал қарқынды дамушы елдер қатарынан тек Үндістан мен Индонезияны айтуға болады.

Әр қаржы ұйымының әртүрлі санау жүйесі болған себепті, мұнда Қытай экономикасы $19,5 трлн делінсе, АҚШ $30 трлн-нан асыпты. Қазақстан да графикте көрсетілген ($307 млрд).


Пандемиядан соң аяққа тұра алмай жүрген Қытайда үшінші жыл өсу қарқыны өте төмен. 2020 жылы АҚШ экономикасы $22 трлн, ал Қытай $18 трлн болып еді, қазір Қытай $18-19 трлн жетсе, АҚШ $27-30 трлн болды.

Осылайша, экономикалық кеңістікте Қытай АҚШ-қа жетпейді. Ол туралы да өткен жылы жазғаным болуы керек. Онымен қоса Қытай халық саны 2021 жылдан бастап азаюын бастады. Осылай кете берсе 2100 жылы АҚШ пен Қытай халық саны бірдей болады (-+450 млн).


Бірақ ол жерде Германия қатты өсіп кеткені үшін емес, керісінше, Жапония қатты құлап жатқаны көбірек рөл ойнады. Алайда, немістер бәрібір де мықты. Саны жапондардан 50%-ға аз болса да, пысықтығы сонша, еңбек өнімділігі бойынша жапондардан әлдеқайда алда болып тұр.

Бұл қарқынмен жақында Жапониядан Үндістан да, халқы 65 млн-дық Ұлыбритания мен Франция да өте бастайды.

Жапониядағы экономикалық және демографиялық жағдай жайлы мен өткен жылдың күзінде жазғаным бар еді.


Есімді танығалы әлемдегі ең ірі экономика АҚШ (жасым 80-ге келген адамдай жаздым ау), ал екінші орында Жапония болды (2008 жылы АҚШ $13-15 трлн, Жапония $5-6 трлн).

Ал 2010 жылы Қытай Жапониядан өтіп, әлемдегі екінші ірі экономикаға айналғанда барлық жаңалықтардан айтып еді. Ал өткен жылы Германия әлемнің үшінші экономикасы атанып, Жапония төртке түскені жайлы мен өткізіп алыппын. Таң қалатын несі бар бұл жерде?

1. Германия халқы 80 млн, Жапония халқы 125 млн. Алайда, немістер жапондардан көп тауарлар мен қызметтер шығаратын болды;
2. Германия пандемиядан кейін әлсіреген және 2022 жылдан бері экономикалық өсім жоқтың қасы.

Осылай жүріп Жапониядан өтіп кетті.


Қараша айындағы кейбір қарулы топтардың Сирияның екінші ірі қаласы Алеппоны тез арада басып алуы менде Сирияға деген ешқандай қызығушылық туғызған жоқ. 2011 жылдан бері не көрмеді Сирия? Химиялық қару қолдануын да, Алеппоны Ресей ұшақтары бомбылауы мен блокадасын да және т.б. көп.

Алайда, Башар Асадтың осыған дейінгі билікте болуының басты спонсорлары – Иран мен Ресейде көмек көрсетуге деген ресурс пен қалауы болмады.

Иран соңғы бір жылда Йемендегі хуситтер, Палестинадағы Хамас, Ливандағы Хезболла арқылы Израильмен соғысуда. Арасында тікелей де ракета атып жатты. Ал соңғы айларда Хезболла әлі бас көтермейтіндей жеңілді. Оның үстіне, Иранда президент сайлауында сырттағы соғыстарды қолдамайтын Пезешкиан жеңіске жетті.

Ресейде – Украина. Міне Башардың 13 жыл бойы соғысып, соңғы 2 аптада ешқандай төтеп бере алмауының да себебі.

Картада 6 желтоқсан күнгі жағдай еді, 8 желтоқсанда Башар Дамасктан Мәскеуге қашты.


Сол 2017-19 жылдардан бері Сирияда соғысушы бірнеше тарап болды. Әр тараптың өз мақсаты, мүддесі және қолдаушы елдері бар.

1. Сирия билігі – Ресей мен Иран қолдады. Ресейдің мақсаты жайлы жаздым. Ал Иран үшін көпшілік халқы сунниттік Исламды ұстанатын Сириядағы суннит емес президент болғаны жақсы еді. Өйткені билікке сунниттер келсе аймақтағы Иран ықпалы азайды деген сөз. Ал Асад как раз бейтаныс алавит ағымын ұстанатын мұсылман.

2. Қарулы оппозиция – Түркия қолдаған топтар. Басты мақсаты – билікті Асадтан алу және күрдтерге де қарсы тұру. Ал пәленбай жылдан бері күрдтермен күресіп келе жатқан Түркияға бұларды қолдау үшін тағы қандай себеп керек?

3. Күрдтердің қарулы топтары – Батыс елдері қолдауына ие топтар. АҚШ пен Еуропа елдері күрдтерді қолдаудағы басты мақсаты – олар Ислам Мемлекеті (ИГИЛ) террористтік тобына қарсы күрестегі ең эффективті күш болды және Сирияның да, Ирактың да біраз бөлігін азат екен дәл осы күрдтер еді.


Мен жалпы әрқашан көтеріліске шыққан халыққа көбірек симпатия танытамын. Сол себепті Сирияда да солар жеңіске жеткенін іштей қалаушы едім (ал былай білемін, олардың жеңісі де, жеңілісі де менің өміріме ешқалай әсер етпейді).

Алайда, сол 2017 жылдары мен Сирияда басшы болып әрқашан Башар Асад қалатындығын білдім. Ол да өз әкесі сияқты билікте қайтыс болғанша отыруы тиіс (Хафез Асад 29 жыл биледі, 2000 жылы қайтыс болғанша).

2023 жылы Араб елдері лигасы Асад бастаған Сирияны 2011 жылы шығарып жібергелі бері алғаш рет өз қатарына шақырды. Міне, Башар Асад билікте толыққанды қалғаны жайлы айтатын тағы не болуы мүмкін?


2017 жылы, Ресей әскерлері Сирияға кіргеннен 2 жыл өтіп, Путин өз жеңісін атап өту үшін Сириядағы Хмеймим әскери әуежайына келіп, Ресей “террористтерге қарсы күресте жеңіске жеткені” жайлы айтты. Сол уақытта Башар Асад Хмеймим әуежайы мен Тартус теңіз портын Ресейге 49 жылға әскери база ретінде қолдануға келісімін берді (2066 жылға дейін).

Жеңісінің айқын көрінісі ретінде Сирияның орталығындағы Рим Империясы кезінен (может одан алдыннан) қалған Пальмира қаласы орнында оркестрлік концерт берді. Тікелей эфирде оны Мәскеуден Путин де қарап отырды.


2015 жылға қарай Сирия басшысы Башар Асадқа Иран мен Ресейдің жай көмегі жетпей, соғыс алаңында жеңіле бастады. Сонда, қыркүйек айында Асад Путиннен Ресей әскерлерін Сирияға алып кіру жайында сұраған еді (осы бойынша әскери байланыс институтында дебатқа да қатысқан едім 1 курсымда).

Ресейдің көмек қолын созған себебі:
1. Украинадан Крымды алып қойған соң салынған санкциялардан кейін Ресей өзінің әлі де мықты екенін көрсетпек болды;
2. Таяу Шығыстағы Ираннан басқа жалғыз одақтас елді құтқарғысы келді;
3. Сириядағы КСРО кезінен қалған әскери теңіз базасын сақтап қалуды көздеді;
4. Жаңа әскери технологияларын іс жүзінде сынап көруге “живой полигон” керек болды (неге екенін 2022 жылы көрдік).


Жалпы қарасақ, Араб көктемі нәтижесінде азаматтық соғысқа енген Ливия, Сирия мен Йеменнен басқа елдердің барлығында көрсеткіш жақсарғанын байқаймыз.

Ливияда 2011 жылы көтерілісшілер қолынан елді 42 жыл басқарған Муаммар Каддафи* қайтыс болған соң азаматтық соғыс аяқталар емес. Йеменде елді 1994 жылдан бері басқарған Али Абдалла Салех* 2012 жылы биліктен қуылған соң азаматтық соғыс болып, билікке хуситтер келді. Оларға қарсы 2015 жылы Сауд Арабиясы бастаған араб елдері коалициясы да соғысып үлгерді. Әзірге билікті сақтап отыр.

Ал 2011 жылдан бері орнынан кетпеген жалғыз диктатор осы Башар Асад болатын. Оның орнында қалуына басты себеп – Ресей мен Иранның көмегі.

*сол кездегі араб диктаторлары есімдері әлі күнге дейін есімде. Каддафидің қазан айында трубалар арасынан тауып, өлтірген кадрлар да.


Мен ерте жасымнан жаңалықтар көріп бастағанмын. Ең ерте есімде бар жаңалық – 2001 жылғы Нью-Йорктегі теракт болған. Ал 2011 жылғы Тунис президенті Бен Алиді биліктен құлауы мен содан өзге елдердегі митингтер мен көтерілістер әлі есімде. Бірден Мароккодан бастап Бахрейнге дейін арабтар бас көтеріп, өз құқықтарын талап етті. Ол бізге “Араб көктемі” деген атпен белгілі.

Сол уақытта Сирияның оңтүстігіндегі Дараа (кезінде Euronews-те Деръаа деп атайтын) қаласында да көтерілістер басталған еді.

Суретте сол Араб көктемінен кейінгі 2020 жылғы елдердің демократия индексіндегі нәтижелері. Онда +90 орынға көтерілген Тунис те, -12 орынға түскен Сирия да бар.


• Экономикасында қиындық туып жатқан Германия экономикасында қиындық 30 жылдан бері туып жүрген Жапониядан өтіп, әлемнің үшінші экономикасына айланыпты (жылдың басында, мен болсам енді біліп жатырмын);
• 2011 жылдан бері азаматтық соғыс болып, соңғы уақытта тынышталған Сирияда бір апта ішінде қайтадан соғыс белсенді фазаға өтіп, 13 жыл орнынан ала алмаған Асадты қуып тастады. Жарты ғасырға жалғасқан Асадтар диктатурасы өз мәресіне жетті;
• Парижде 50 шақты ел басшысы (және болашақ басшы Трамп) Нотр-Дам шіркеуі қайта ашылуына келді, арасында Трамп пен Зеленский Макронның аратүсуімен кездесіп алды;
• Корея Республикасында президенттерді орнынан кеткен соң соттаушы еді, Юн Сок Ёлді өз орнында жүргенде бастап кетеді ау;

Алдағы күндері Германияның әлемнің үшінші экономикасы болғаны; Сириядағы жағдай, себептері мен салдары — жайында жазу ойда бар. Тағы қандай идеялар бар?

Показано 20 последних публикаций.