GOSAUDIT.KZ


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Новости и СМИ


🇰🇿 ҚР Жоғары аудиторлық палатасының Telegram-арнасы
🇰🇿Официальный Telegram-канал
Высшей аудиторской палаты РК
🌐 https://www.gov.kz/memleket/entities/esep?lang=kk

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


✍️ Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаның жаңа мүшесі Рахымжан Ділдаевты таныстырды

Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы атап өткендей, Рахымжан Ділдаев – мемлекеттік құрылымдарда 20 жылдан астам еңбек өтілі бар қаржы және аудит салаласының тәжірибелі маманы.

Ол мемлекеттік сатып алу, қаржы және ішкі аудит салаларында жетекші маманнан бастап басшылық лауазымдарға дейінгі еңбек жолынан өткен. Ақтөбе, Алматы, Жамбыл облыстарында және Алматы қаласында қызмет атқарды.

Рахымжан Ділдаев өз ісінің кәсіби әрі білікті маманы ретінде танылды.

Әлихан Смайылов Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палатаға мемлекет қаражаты мен ресурстарының тиімді игерілуін бақылау бойынша маңызды міндеттер жүктегенін атап өтті. Сондай-ақ ведомство жалпы мемлекеттік аудит жүйесінің тиімділігін арттыру бағытында жұмыс жүргізуде.

Жоғары аудиторлық палата төрағасы Рахымжан Ділдаевты тағайындалуымен құттықтап, жауапты қызметінде табыс тіледі.

***

✍️ Алихан Смаилов представил нового члена Высшей аудиторской палаты – Рахимжана Дильдаева

Как отметил председатель ВАП, Рахимжан Дильдаев является опытным специалистом в сферах финансов и аудита с более чем 20-летним стажем работы в государственных структурах.

Он прошел путь от ведущего специалиста до руководящих должностей, занимаясь вопросами госзакупок, финансов и внутреннего аудита в разных регионах Казахстана, в числе которых Актюбинская, Алматинская, Жамбылская области и город Алматы.

Рахимжан Дильдаев зарекомендовал себя в качестве профессионального и компетентного специалиста.

Алихан Смаилов подчеркнул, что Главой государства перед Высшей аудиторской палатой поставлены важные задачи по контролю за использованием государственных средств и ресурсов. Параллельно с этим ведомство проводит работу по повышению эффективности всей системы госаудита в целом.

Председатель ВАП поздравил Рахимжана Дильдаева с назначением и пожелал плодотворной работы на новой ответственной позиции.
 
🚀 @auditpalatasy


Репост из: ҚР Парламенті Мәжілісі
✔️Мәжіліс депутаттары Жоғарғы аудиторлық палата мүшелігіне Рахымжан Ділдаевтың кандидатурасын келісті.
__

✔️Депутаты Мажилиса согласовали кандидатуру Рахимжана Дильдаева на должность члена Высшей аудиторской палаты.

t.me/mazhilis_kz


🇰🇿 🇳🇴 Казахстан изучает опыт Норвегии в области госаудита

Казахстанская делегация во главе с членом Высшей аудиторской палаты РК Нурланом Нуржановым посетила с рабочим визитом Офис национального аудита Норвегии и местную администрацию Инициативы развития ИНТОСАИ (Международная организация высших органов аудита).

📌Рабочий визит состоялся в рамках гранта Всемирного банка по институциональной поддержке высших органов аудита (ВОА) Казахстана, Кыргызстана и Узбекистана.

В ходе поездки казахстанские аудиторы изучили норвежский опыт проведения государственного аудита, а также организационную структуру, функции и направления деятельности ВОА Норвегии.

Представители ВАП РК также встретились с членами Комитета по надзору и конституционным вопросам Стортинга (однопалатный Парламент Норвегии), которые рассказали об основных аспектах парламентского надзора и взаимодействия между Парламентом и ВОА Норвегии.

Казахстанские аудиторы дополнительно приняли участие в семинарах Инициативы развития ИНТОСАИ (IDI), на которых были рассмотрены вопросы стратегического планирования, управления качеством, а также глобальные инициативы, реализуемые IDI в сфере повышения потенциала и профессионального развития государственных аудиторов.

Рабочий визит делегации ВАП РК стал важным шагом в укреплении международного сотрудничества по обмену опытом и лучшими практиками в сфере госаудита. Методики и подходы, изученные отечественными специалистами в ходе поездки, будут рассмотрены для возможного применения в Казахстане – в первую очередь с целью повышения прозрачности и эффективности системы госаудита и финансового контроля.

🚀 @auditpalatasy


🇰🇿 🇳🇴 Қазақстан Норвегияның мемлекеттік аудит саласындағы тәжірибесін зерттеуде

ҚР Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі Нұрлан Нұржанов бастаған қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Норвегияның Ұлттық аудит кеңсесіне және INTOSAI Даму бастамасының (Жоғары аудит органдарының халықаралық ұйымы) жергілікті әкімшілігіне барды.

📌Жұмыс сапары Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның жоғары аудит органдарына (ЖАО) институционалдық қолдау көрсету бойынша Дүниежүзілік банктің гранты аясында өтті.

Сапар барысында қазақстандық аудиторлар мемлекеттік аудит жүргізудегі Норвегияның тәжірибесін, сондай-ақ Норвегия жоғары аудит органының ұйымдық құрылымын, қызметінің негізгі бағыттарын зерттеді.

Сондай-ақ ҚР Жоғары аудиторлық палатасының өкілдері Норвегия Парламентінің (Стортинг) Қадағалау және конституциялық мәселелер жөніндегі комитетінің мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында парламенттік қадағалау мен Норвегия ЖАО және Парламенті арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі аспектілері талқыланды.

Сонымен қатар қазақстандық аудиторлар INTOSAI Даму бастамасы (IDI) ұйымдастырған семинарларға қатысты. Бұл семинарларда стратегиялық жоспарлау, сапаны басқару мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік аудиторлардың әлеуетін арттыру және кәсіби дамуы саласындағы IDI жүзеге асырып жатқан жаһандық бастамалар қаралды.

Жоғары аудиторлық палата делегациясының жұмыс сапары мемлекеттік аудит саласындағы тәжірибе алмасу бойынша халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болды. Сапар барысында отандық мамандар зерттеген әдістер мен тәсілдерді Қазақстанда мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында қолдану мәселесі қарастырылатын болады.

🚀 @auditpalatasy


📎Ыңғайлы және қолжетімді болуы үшін оқулықтың электрондық нұсқасы жүктелді.

👆Бұл оқулықта өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар, тест тапсырмалары және білімді нығайтуға және материалды жан-жақты түсінуге мүмкіндік беретін нақты практикалық кейстер берілген.

***

📎Публикуем учебник в электронном формате для удобства и доступности.

👆Учебник включает вопросы для самоконтроля, тестовые задания и конкретные практические кейсы, призванные закрепить полученные знания и глубже погрузиться в материал.

🚀 @auditpalatasy






📚Новый учебник для будущих и действующих аудиторов издан в Казахстане

В свет вышел новый учебник «Государственный аудит в Республике Казахстан», разработанный для студентов, преподавателей и практикующих специалистов. Презентация издания состоялась в Высшей аудиторской палате.

Учебник создан Высшей аудиторской палатой с участием коллектива авторов, в состав которого вошли представители научной среды, академического сообщества и действующие аудиторы. Среди авторов: доктор экономических наук, профессор Айбота Рахметова; кандидат экономических наук, профессор Анар Есенгельдина; кандидат экономических наук Замзагуль Жаныбаева; член Союза аудиторов РК Раушан Мальгаждарова и другие.

В презентации учебника, помимо них, приняли участие декан экономического факультета ЕНУ им. Л.Н. Гумилева Аида Жагыпарова, заведующий кафедрой государственного аудита Ляззат Сембиева, преподаватели и студенты этой кафедры, проректор Карагандинского университета им. академика Е.А. Букетова Мадина Умуркулова, а также преподаватели, работники ВАП и Центра исследований, анализа и оценки эффективности.

✅ В издании, подготовленном с учетом лучших международных стандартов, представлены теоретические основы и практические методы системы государственного аудита, современные мировые тренды и актуальные направления развития аудита, такие как электронный аудит, ESG-аудит, аудит целей устойчивого развития и IT-аудит.

📌Во время встречи председатель ВАП РК Алихан Смаилов отметил, что сегодня аудит занимает значимую роль в системе госуправления. В этой связи подготовке новых квалифицированных специалистов уделяется особое внимание.

По его словам, новый учебник позволит студентам и действующим аудиторам овладевать по-настоящему востребованными знаниями, а также проще адаптироваться к реальной аудиторской работе.

«Мы возлагаем большие надежды на молодых ребят – будущих аудиторов, которые сейчас проходят обучение и готовятся начать свою профессиональную жизнь. Уверен, ваши идеи и свежий взгляд будут способствовать дальнейшему развитию и совершенствованию системы госаудитав нашей стране», — сказал Алихан Смаилов.


В ходе встречи участники обменялись мнениями по актуальным направлениям развития государственного аудита, а также получили возможность задать интересующие их вопросы.
 
🚀 @auditpalatasy




Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
📚 Қазақстанда болашақ және жұмыс істеп жүрген аудиторлар үшін жаңа оқулық жарық көрді

Студенттерге, оқытушылар мен практик мамандарға арналған «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік аудит» атты жаңа оқулық жарық көрді. Оқулықтың таныстырылымы Жоғары аудиторлық палатада өтті.

Оқулықты ғылыми орта, академиялық қоғамдастық өкілдері және жұмыс істеп жүрген аудиторлардан тұратын авторлар ұжымының қатысуымен Жоғары аудиторлық палата шығарды. Авторлар арасында экономика ғылымдарының докторы, профессор Айбота Рахметова; экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Анар Есенгелдина; экономика ғылымдарының кандидаты Зәмзәгүл Жаныбаева; ҚР аудиторлар одағының мүшесі Раушан Малгаждарова және басқалары бар.

Оқулықтың таныстырылымына сонымен қатар Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің экономика факультетінің деканы Аида Жағыпарова, мемлекеттік аудит кафедрасының меңгерушісі Ляззат Сембиева, кафедра оқытушылары мен студенттері, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің проректоры Мәдина Өмірқұлова және оқытушылары, Жоғары аудиторлық палата мен Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығының қызметкерлері қатысты.

Үздік халықаралық стандарттар ескеріле отырып дайындалған басылымда мемлекеттік аудит жүйесінің теориялық негіздері мен практикалық әдістері, заманауи әлемдік трендтер және электрондық аудит, ESG-аудит, орнықты даму мақсаттарына жүргізілетін аудит және IT-аудит сияқты аудитті дамытудың өзекті бағыттары ұсынылған.

📌Кездесу барысында ҚР Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайылов бүгінде аудит мемлекеттік басқару жүйесінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Осыған байланысты жаңа білікті мамандарды даярлауға ерекше көңіл бөлінеді.

Оның айтуынша, жаңа оқулық студенттер мен жұмыс істеп жүрген аудиторларға іс жүзінде сұранысқа ие білімді игеруге, сондай-ақ нақты аудиторлық жұмысқа оңай бейімделуге мүмкіндік береді.

«Біз жастарға, яғни болашақ аудиторларға үлкен үміт артамыз. Олар қазір білім алып, кәсіби өмірін бастауға дайындалуда. Сіздердің идеяларыңыз бен жаңа көзқарастарыңыз еліміздегі мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі дамытуға және жетілдіруге ықпал ететініне сенімдімін», — деді Әлихан Смайылов.


Кездесу барысында қатысушылар мемлекеттік аудитті дамытудың өзекті бағыттары бойынша пікір алмасты, сондай-ақ өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алды.

🚀 @auditpalatasy


✍️ Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайылов ұжымға Палатаның жаңа мүшесі Амангелді Есеновті таныстырды.

Әлихан Смайылов Амангелді Есеновтің мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторда жауапты басшылық қызметтерде жұмыс тәжірибесінің мол екенін назарға салды. Сондай-ақ ол қаржы саласындағы ірі ұйымдарда атқарған жұмысының нәтижесінде білікті маман ретінде танылды.

Жоғары аудиторлық палата төрағасы Мемлекет басшысы мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі жетілдіру және жүргізілетін тексеру іс-шараларының сапасын арттыру бойынша маңызды міндеттер қойғанын атап өтті.

Сөз соңында Әлихан Смайылов Амангелді Есеновке жаңа жауапты қызметінде табыс тіледі.

***

✍️ Председатель Высшей аудиторской палаты РК Алихан Смаилов представил коллективу нового члена ВАП – Амангельды Исенова.

Алихан Смаилов отметил, что Амангельды Сагандекович имеет большой опыт работы на ответственных руководящих должностях в государственных органах и квазигосударственном секторе. Он также зарекомендовал себя как квалифицированный специалист по результатам работы в крупных организациях финансовой сферы.

Председатель ВАП подчеркнул, что Главой государства поставлены важные задачи по дальнейшему совершенствованию системы госаудита и повышению качества проводимых проверочных мероприятий.

В заключение Алихан Смаилов пожелал Амангельды Сагандековичу успехов на новом ответственном посту.

🚀 @auditpalatasy


Репост из: Maxim Spotkay
Амангельды Исенов назначен членом Высшей аудиторской палаты

На заседании Сената депутаты поддержали кандидатуру Амангельды Исенова на должность члена ВАП, предварительно обсудив этот вопрос в рамках Комитета по по финансам и бюджету.

Амангельды Сагандекович окончил Карагандинский металлургический институт. Имеет степень МВА Almaty Management University. Окончил программу LEAD Stanford University Graduate School of Business.

Долгие года работал на ответственных должностях в Министерстве финансов, Фонде развития малого предпринимательства, в частных структурах. Последние годы занимал должности заместителя Председателя Правления ЕАБР и заместителя Председателя Правления Банка Развития Казахстана.

https://t.me/mspotkay


Систему управления госфинансами в Казахстане оценят по методологии 
PEFA

Представители Высшей аудиторской палаты во главе с членом ВАП Тлегеном Каскиным приняли участие в стартовой встрече PEFA и ознакомительном техническом семинаре, который прошел в г. Астана.

📌PEFA позволяет оценить прозрачность, эффективность и устойчивость бюджетного управления, выявить ключевые вызовы и наметить пути их решения. В ходе презентации были представлены основные принципы методологии PEFA, примеры успешного внедрения в разных странах и возможности использования результатов оценки для повышения эффективности государственных расходов.

С приветственными словами выступили вице-министр финансов РК Даурен Темирбеков, руководитель практики Всемирного банка по институтам по региону Европы и Центральной Азии Адриан Фоззард и директор управления государственного сектора Азиатского банка развития Чигдем Акин.

✅ В ходе встречи была представлена методика проведения оценки PEFA, а также подробно обсужден 31 индикатор для оценки различных аспектов управления государственными финансами, который, в свою очередь, поделен на 7 категорий:

1️⃣ Прозрачность государственных финансов;
2️⃣ Надежность бюджетного планирования;
3️⃣ Эффективность управления доходами;
4️⃣ Контроль за исполнением бюджета;
5️⃣ Аудит и внешняя проверка;
6️⃣ Управление государственным долгом;
7️⃣ Прозрачность межбюджетных отношений.

Следует отметить, что активная фаза проведения оценки PEFA в Казахстане пройдет в период с 3 по 7 марта текущего года.

Справочно: PEFA – является стандартизированной методологией, используемой для оценки системы управления государственным финансами в стране. Последняя оценка в РК была проведена в 2018 году.

🚀 @auditpalatasy


Қазақстанда мемлекеттік қаржы жүйесі PEFA әдістемесі бойынша бағаланады

Жоғары аудиторлық палата мүшесі Тілеген Каскин бастаған Палата өкілдері Астана қаласында өткен PEFA бағалауының бастапқы кездесуіне және таныстыру-техникалық семинарына қатысты.

📌PEFA мемлекеттік бюджеттік басқарудың ашықтығын, тиімділігін және тұрақтылығын бағалауға, негізгі сын-қатерлерді анықтауға және оларды шешу жолдарын айқындауға мүмкіндік береді. Жиын барысында PEFA әдістемесінің негізгі қағидаттары, сәтті іске асырылған елдер бойынша мысалдар және мемлекет шығыстарының тиімділігін арттыру үшін бағалау нәтижелерін пайдалану мүмкіндіктері таныстырылды.

Іс-шараның ашылуында ҚР Қаржы вице-министрі Даурен Темірбеков, Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша институттар тәжірибесінің жетекшісі Адриан Фоззард және Азия даму банкінің мемлекеттік сектор басқармасының директоры Чигдем Акин сөз сөйледі.

✅ Кездесу барысында PEFA бағалауын жүргізу әдістемесі ұсынылып, мемлекет қаржысын басқарудың әртүрлі аспектілерін бағалайтын 31 индикатор жан-жақты талқыланды. Бұл индикаторлар жеті негізгі санатқа бөлінеді:

1️⃣ Мемлекет қаржысының ашықтығы;
2️⃣ Бюджетті жоспарлаудың сенімділігі;
3️⃣ Кірістерді басқарудың тиімділігі;
4️⃣ Бюджеттің орындалуын бақылау;
5️⃣ Аудит және сыртқы тексеру;
6️⃣ Мемлекеттік қарызды басқару;
7️⃣ Бюджетаралық қатынастардың ашықтығы.

Айта кету керек, Қазақстанда PEFA бағалауын жүргізудің негізгі кезеңі биыл 3-7 наурыз аралығында өтеді.

Анықтама ретінде: PEFA – елдегі мемлекеттік қаржы жүйесін бағалау үшін қолданылатын стандартталған әдістеме. Қазақстандағы соңғы бағалау 2018 жылы жүргізілген.

🚀 @auditpalatasy

Показано 14 последних публикаций.