🕯️Педагогикаға жәрдемші пәндер
Педагогика адамның денесін һәм жанын дұрыс тәрбие қылу жолдарын үйрететін пән болғандықтан, педагогика пәнімен дұрыс пайдалана білу үшін, екінші түрлі айтқанда, адамды дұрыс тәрбие қыла білу үшін адамның денесі һәм жанының жайын кеңес қылатын басқа пәндермен таныс болуға тиісті.
Бұл пәндер төмендегілер:
🌱Дене туралы пәндер:
Анатомия. Адам денесінің құрылысын баяндайды (Денеде қандай мүшелер бар, жаратылысы қандай).
Физиология. Адам денесінде болатын көріністерді баяндайды (қан жүру, демалу сықылды).
Гигиена. Саулықты сақтау пәні.
Гимнастика. Саулықты бекіту үшін түрлі дене қозғалысы туралы пән.
🌱Жан туралы пәндер.
Психология. Адам жанының жайын, жан тұрмысын, жан көріністерін, жан күштерін, ақыл-ойдың жайын баяндайтын пән.
Логика. Дұрыс ойлау жолдарын көрсететін пән.
Этика. Құлық туралы пән. Яғни “адамшылық” не, осыны баяндайды.
#кітаптан