Фильтр публикаций


По свойский түсіндірейін:

Кемеліне жеткізіп.
Істесең достойно істе. Анау-мынау деп, позорыңды шашатын дүниең клиентке керек жоқ. Даже туысың алмайды ондай продуктты. Біреуге тауар сатсаң да, рилс түсірсең де, команда жинасаңды, ДОСТОЙНО істе.
Үзбей.
ЕЙ МОЗГА! Бір рет жасадым екен деп, аяғыңды аспанға көтеріп жата беруді қою керек! Настроение барда маркетинг жасайсың, сосын екі ай пырылдап ұйықтап жатасың. Бұл бизнес емес, ол уже прикол, әшин хобби.
Уақытылы.
Тренд бар ма? дер кезінде ұру керек. Мына жақта жұрт хайп жасап, миллионын істеп кеткенде, блиин деп отырмай. Уақытылы кіріс, арқаң әбден грыжа болып, ожирениенің 18-і деңгейіне жеткенде: “диета ұстау керек еді”,- деп емес.

Маркетингті, бизнесті, өміріңді де:
Достойно, отдуши істе!


📕 Құранда Алла намазды:
Кемеліне жеткізіп
Үзбей
Уақытылы

орындаңдар дейді.

Егер тереңірек ойлансақ, бұл даналық өмірдің әр саласына бағыт:
Маркетолог «Қалай тиімді маркетинг жасаймын?» деген сұрағына,
Кәсіпкер «Бизнесті қалай дамытамын?» деген сұрағына,
Эксперт «Жеке брендімді қалай қалыптастырамын?» деген сұрағына

осы үш қасиет арқылы жауап таба алады.

Ойланатын адам ғана, әрине…

______________

🐝 Орбита мешіті / жұманың құтбасынан бір инсайт


Біреуге дәлелдеген дұрыс…
Ол қалай?

– Бывшаяң тастап кетті ме? Успешный болдың, дәлелдедің.
– Класс жетекшің «сенен адам шықпайды» деді ме? Кәсіпкер болып қасарыстың.
– Достарың сенбей күліп еді ме? Табыспен жауап бердің.

Біреу менсінбеді ме? Биікке шығып, оған төмен қарайтын мінез бар енді.

Бірақ соңына дейін барайық па?

– Алла саған ризамын деді ме?
– Пайғамбар сені мақтан тұтар ма еді?

Адамдарға дәлелдеп жүріп, ең маңызды нәрсені ұмытып кетпейік…


Талант адамға берілмейді, онда адамзаттың ақысы бар.

Гүлдің балы өзгеге, алма ағашының да алмасы өзі үшін емес…

narikbi live 117


Тек өмірінен мән тауып, “Не үшін?” деген сұрағына жауабын тапқан адам ғана - шынында байпкеткен адам.


Креативті идеяларды қайдан аламыз?

креатив это из чего то старого (опыта) уметь придумывать что-то новое. Клюевое слово тут “уметь”.

Уметь деген қабілет - ол бар немесе оны қалыптастыру керек.

Креатив - креэйт - творчество - шығармашылық.

Идея өзі келеді. Оны іздемейсің. Қайдан алам демейсің…

Задача қоясың, уақыт бөлесің, назар аударасың болды ол шығады.

Шикізат деген шабыт: біреу торғайлардың дауысын еступ жаңа күй шығарса, сен кастдев жасап креативыңа шабыт аласың.

Болды шығады.

Шықпаса демек сенде қабілет жоқ.

Құдды бір дәретханаға бару сияқты.
Ол өз еркіңмен шығу керек, күтпеген жерден (не по плану, не в то время) кішкентай баланікі сияқты шықса демек әлі қабілет жоқ.

Қайдан келгенде? Ол уахи емес
… Жәбірейіл келіп айтпайды осындай таргетке креатив түсір деп.

Изучите вопрос с gpt: “Как вырабатывается навык? Поймите определения слова технология


🌙Рамазанда бір уағыз чек:

Жаһаннам продукт ретінде онша емес, бірақ маркетингі мощный, упаковкасы жылтыр, CJM-ы ойластырылған.

Жұмақ продукт ретінде керемет, бірақ жақсы маркетологтарға әлі де мұқтаж.


“Өмірің қайда кетіп жатыр?”

60 жыл өмір сүрсек:

35% – ұйықтаймыз (21 жыл)
12% – тамақтанамыз (7 жыл)
33% – жұмыс істейміз (күніне 8 сағат × 40 жыл = 20 жыл)
6% – жолда жүреміз, кезекте тұрамыз (3,5 жыл)
7% – телефон шұқылап, соцсеттерде отырамыз (4 жыл)
5% – “қазір емес, ертең істеймін” деп уақыт өлтіреміз (3 жыл)

Қалды: 1,5 жыл.

‼️ осы ғана қалыпты.
1,5 жыл… өміріңді өзгертуге

Құтты болсын… хэппи birthday


Аналитиканы жек көретін маркетологтар бар, тек креатив жасайды… цифрға жоқ.

Неге?

Адам жалпы отчеттан қашады ма? Сондай бірдеңеміз ғой

Ол неге маңызды?

Оны түсіну үшін мынаған қарашы...

Орта жас 63 жыл, қалған 50 мың жыл соған жауап беруге ғана кетеді.

0,1% - әрекет
99,9% - отчет деси

Кешегі налогың, блогерлардың каспи счеттарын тексерген салық камитеті де түсінген адамға махшарды еске түсіру керек қой.

Істеген әрбір әрекетің ертең KPI орындай аламын ба? Жоқ па? Бонус алам ба? Жоқ па дегендей екен ғой

Абай айтпақшы: күніне бір рет есеп бер…

Хотябы аптасына, айына немесе жылына…

Есеп бермей тұрып, есеп бер дегендей ғой…

ұстаған оразаларың қабыл болсын, құрметті миллионерлер
🐝


Екі гениальный маркетолог әлемді шулатып жүр 😂😂😂


Құба мешітіндемін.

Пайғамбарымыз (с.а.с) өз қолымен салған бірінші мешіт.
Бірінші филиал, осыдан кейін франшизалары тараған.
1000 жылдан бері трафик тоқтамаған.
• Клиенттер лояльный.
• Қайта-қайта келеді.
LTV жоғары, NPS жоғары.

Ықыласпен жасалған жобалар 1000 жылдан кейін де актуальный.

Осыдан келген тағы бір ой:
• Құран — ең крутой продукт.
• Пайғамбарымыз (с.а.с) — ең мықты амбассадор.
• Үммет — ең күшті комьюнити.
• Ислам — бирюзовый организация.

Ал енді сұрақ:

Неге біз ғасырлық жобаларды анализ жасамаймыз?

1000 жыл өтсе де, сұраныстан түспеген, монетизациясы әлі жүріп тұрған өнімдер бар.
Мона Лиза – бренд, культ.
Иоганн Себастьян Бах – музыка индустриясының іргетасы.
Абай Құнанбаев – қазақ ойлау жүйесінің авторы.
Микеланджело – өнердегі жаңа бизнес-модель жасаған адам.

Неге зерттеу керек?
– Көп адам 3-5 жылдық перспективамен ойлайды. Бірақ нағыз ықпалды жобалар ғасырларға созылады.
Құран, Ислам, классикалық өнер, ұлы тұлғалар – бәрі уақыт сүзгісінен өткен.
– Егер уақытқа төзімді өнім жасағымыз келсе, өткеннің хикметін түсінуіміз керек.
– Ғасырларға төзімді өнімдер тек сапаға негізделген.
– Ықыласпен, миссиямен, әділдікпен жасалған дүние өзін-өзі сататын жүйеге айналады.
– Уақытпен бірге жоғалатын нәрсені емес, уақытпен бірге өсетін нәрсені жасау керек.

Сұрақ: Біз не істеп жүрміз?

Тез өзгеретін трендтерге жүгіріп, Жозефинаның тиктогын көріп мәзбіз, 1000 жылдан кейін де өзекті болатын дүние ше?

Жауап жоқ па?

Онда ойлану керек.


Бизнестан шыққан адам Шымкентке әкімнің орынбасары болып келді. Наблюдать етуге тұрарлық жағдай

Ал әлемде Маск президенттың бас кеңесшісі болып шенеуліктерден бір күндік істеген план-фактын сұрап ысқыртып жатыр…

Бизнес логикасы мемлекеттік басқаруға тікелей араласа бастағандай. Қызығы, бұл эксперименттердің соңы не болады екен?

Байпкет студенттерінен болашақ политиктар шығып жатса таңқалмаймиии дэ
мына түрмен 😂😂😂


Офистың болуы – бизнес емес.
Қымбат креслода отыру – бизнес емес.
Қабырғада “CEO” деп жазылған тақтайша ілу – бизнес емес.

Бизнес деген – ақша жасау. Қалғаны – декорация.

Нағыз бизнесмен алдымен кассаны толтырады, содан кейін ғана кресло мен кофемашинка туралы ойлайды. Оған офис емес, нәтиже керек. Клиент ақша төлеп жатыр ма? Тауар немесе қызмет шынымен шешім ұсынып жатыр ма? Егер жоқ болса – сізде бизнес емес, қымбат хобби.


Меккедемін білесіз…

Осы күндері ана-жақтан-мына-жақтан дұғалар келіп жатыр, заказдар ғой короче

- біріне квартира
- біріне машина
- тағы біреуіне квартира да, машина да дегендей…

Жақсы ғой, аяқ киімнің бауын да сұрау деген. Бірақ күйдіретіні теееек сол, басқасы жоқ… :(

Тым болмағанда көркем мінез ше? Қабырғалары құлап жатқан қарым-қатынастар ше?( Амал дәптерің, махшарың тым алыс …

Я Раббым тура жол нәсіп ет 😭

Тіпті бір официантқа Ташкентский чай мен Цезар салат тапсырыс беріп, тезірек әкеліңдер дегендей ғой…. ((

дәрежеміз осы…

P.S срочно байыпкету керек қысқасы


Аманатымды хаджиха қылып келуге кеттім ИншаАллах❤️‍🔥


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Тағы бір ой: “Бәлкім адам тетрис ойнап, өз ойларымен оңаша қалуға ыңғайсызданатын шығар”

Тағы бір ой: “Ұйықтау керек”


Аспандағы ойлар. Шымкенттегі оқу бітіп, Алматыма қайтып барамын.

Арыстанның 16D орынындамын. Қатты қысылмай, бір аяғымды сәл шығарып отыру үшін әдетте ассистентым С немесе D - дан орын алады. жол ортадағы орындар ғой .

Құптанымды әлі оқымадым, үйге барып 4 ракат қылып қиналып оқитыныма ашуым келіп, өзімді сәл сынап отырмын. Сапарда намазды қысқартып оқуға Құдай рұқсат бергенімен, “өзімнің еріншектігім басым болды ма?, өтірік тақуа болып үйге барып ұзағырақ оқығым келді ме? әйтеуір сәл шайғаным бар енді”

Жарық өшті, ұшақ жоғарыға қарай көтеліп барады. Мен әдеттегідей көзімді жұмып: “Қонбай қалсам, Алла барлығын өзі ұйымдастырар деп, бала-шағаны тапсырып” дұғамды оқыдым.

Белдікті шешуге болады, ұшақ қажет деңгейде жоғарыға көтерілді деген дауыс шықты. Жарық сәл қосылды.

Көзімді аштым. 16С мен 16E де жайғасқан екі азаматша телефондарын шұқылап отыр. Ыңғайсыз болса да, көзімнің ұшымен не істеп отырғандарын көріп отырмын.

Қысқасы:

Екеуі де тетрис ойнап отыр, бірінші ойым: “Мен ақымақпын ба? Бірдеңені түсінбейтін сияқтымын? Хуснизаным тетристың мен түсінбейтін хикметі бар шығар деп тағы ақтады. Біздің халықтың уақыты тетриспен өтіп жатыр деп ішімдегі Алашордалық мазмұндарға тойып алған Ақсұлтан да ойларын жасырмайды”

Айналама қарадым, есіме ұшақта отырғаным түсті. Тағы бір ой: “Қумашы, енді ұшақта басқа не істеуге болады вай-файда ұстамайды ғой” деп қыздарды тағы ақтап алдым.

Тетрис ойнауға болмайды ма не? Онда тұрған не бар?

- Әрине болады, бәлкім түсінбегеннен кейін сондай реакциям болар. Өзіме рұқсат беруім қиын болғаннан болар. Кейде cs-ойнаймын деп, “қазір жер сілкінсе ше? солай өліп, кейін солай тірілсең бәле ғой” деп өзімді жеп, бәлеге қалатыным да бар…

Так стоп… 16B-да отырған еркек те телефонынан тетрис ашты. Мен точно бірдеңе түсінбеймін…

Ұшақтан түсіп қалуға болады ма?

Тағы бір ой: “Ұшақтағыларға біз адамдар негізі Күн жүйесі болып, барлық планеталар болып ғаламның шегіне, ақыретке қарай ұшып бара жатқанымызды қалай түсіндірсем екен?”

Тағы бір ой: “Хотяб, телеграмыма пост жазайында…”

Сондаймын енді… түнің хайырлы болсын.

Бұйырса ертең хатуныммен өміріміздені ең романтичный свиданияға ұшамыз…


Біздің мектепте үлкендер ақша жинататын

Былай айтқанда СИСТЕМА. (Байқұс сөз құсық мағынаға ертеден ие болыпты ғой.)

2013-жылы біз 11 сынып оқыдық, тоқтаттық. Бізден кейін жалғаспады деп үміттенемін, (кейінгілерді ойлайтындай дерттену жоқ қой ол кезде) азайса да шүкір.

Айтайын дегенім, ел тізгініне болашақта құрдастарым келер. Бір үлкен үмітім бар: “Жемқорлықты тоқтатады деген, азайтса да шүкір.”


Үлкен маржа – материалдық емес құндылықтың нәтижесі: бренд, бірегейлік, эксперттілік, сенім немесе ерекше әсер беретін CJM.

Показано 20 последних публикаций.