✅Sustainable Fitch «Бәйтерек» холдингінің ESG рейтингін «3» деңгейінде растады
📈Sustainable Fitch халықаралық рейтингілік агенттігі «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің ESG рейтингін «3» деңгейінде растады және оның ұпайын «57»-ден «59»-ға дейін көтерді. Бұл нәтиже Холдингтің тұрақты даму стратегиясын сәтті жүзеге асырып, ақпаратты ашып көрсету бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес келетінін көрсетеді.
📌Агенттіктің есебінде Холдингтің ESG саласындағы ұзақ мерзімді мақсаттары мен экологиялық көрсеткіштерді ашып көрсету бағытындағы жұмысы жетілдіруді талап ететін маңызды бағыт ретінде атап өтілген. «Бәйтерек» холдингі – мемлекет толықтай иелік ететін интеграцияланған даму институты. Топ құрамына жеті еншілес ұйым кіреді және ол Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық міндеттерін іске асыруда маңызды рөл атқарады. Холдингтің қызметі микро-, шағын, орта және ірі бизнесті, экспорттық операцияларды, венчурлық бизнесті, ауыл шаруашылығын және тұрғын үй қаржыландыруын қолдауға бағытталған.
💡2023 жылы «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдары жасыл жобаларды, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін дамытуға, су ресурстарын тиімді пайдалануға және экологиялық таза көлік құралдарын қолдауға бағытталған қаржыландыру көлемін арттырды. Сондай-ақ, топ ресурстарды тұтынуды азайту және қоршаған ортаға теріс әсерді азайту бойынша шараларды жүзеге асыруда. Холдинг ISO 14001:2015 стандарты бойынша сертификатталған экологиялық менеджмент жүйесін енгізді.
🌐Холдингтің қызметі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдауда маңызды әлеуметтік әсер етеді. 2024 жылы «Бәйтерек» холдингі БҰҰ Жаһандық шартына қосылып, адам құқықтары саласындағы саясатты әзірледі.
❗️«Бәйтерек» холдингінің корпоративтік құрылымында 10 мүшеден, оның ішінде үш тәуелсіз директордан тұратын директорлар кеңесі жұмыс істейді. Тәуекелдерді басқару, директорлар кеңесі мен басқарма арасындағы міндеттерді бөлу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша тиімді шаралар жоғары басқару стандарттарын қамтамасыз етеді.
🤝«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ESG қағидаттарына сәйкес өз қызметін жетілдіруді және тұрақты даму бойынша ұзақ мерзімді мақсаттарын қолдауды жалғастырады.