😱 Шавкат Рахмонов: “Біздің дивизионнан қатты көңілім қалды”
Қазақстандық UFC жұлдызы, жартылай орта салмақ дәрежесіндегі рейтингтің үшінші нөмірі Шавкат Рахмонов (18-0) өзінің ирландиялық Иэн Гэрримен (15-0) өтетін жекпе-жегіне ресми хабарландыруға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл жекпе-жек 7 желтоқсан күні Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) өтеді, ал Қазақстанда таңертеңгі 8 желтоқсанға сай келеді. Турнир UFC 310 шарасының негізгі оқиғасы ретінде өтеді.
Рахмонов өзінің мәлімдемесінде жартылай орта салмақтағы басқа да «топ» спортшылардың онымен кездесуден бас тартқанына өкініш білдірді.

«Біздің дивизионнан қатты көңілім қалды. Белал, Леон, Колби, Камару, Джек, Шон — сіздер жанкүйерлерді алдадыңыздар. Тек бір ғана адам сөзін іспен дәлелдеді, ол — Иэн, мен оны құрметтеймін. Бірақ Иэн, иллюзияға берілме, мен сенің „нөліңе“ келемін, содан кейін белбеуге таласамын», — деп жазды «Номад» Х әлеуметтік желісінде.