“ЕРІМЕ”
Көп сөзге жоқ, тым байсалдым, байыптым,
Ең тәуірге, ең жақсыға лайықтым.
Сіздің сонау жүректегі тақ-төрге,
Тым нәзіктеу қалпымменен лайықпын.
Бұл - менің күйеуім,
Күйеуімді өзгешелеу сүйемін!💓
Тым жұмсағым, еркелетер баланы,
Аузында-Алла, ақыреті-алаңы.
Бес уақытым түгел болсын дейді Ол,
Бақылауда ұстайд(ы) ниет-амалын.
Бұл - менің күйеуім,
Күйеуімді өзгешелеу сүйемін!💞
Еңбекқорым, жұмысына адалым,
“Жанұяңа” арналған-ды әр адым.
Әр қадамға сауап үйіп жазылсын,
Ризығыңыз көбейсінші, бағалым.
Бұл - менің күйеуім,
Күйеуімді өзгешелеу сүйемін!❤️
Жылы қабақ, жұмсақтықпен ұнайсыз,
Анау-мынау мінезіме шыдайсыз.
Жақсы көрем мен шынайы барыммен,
Сүйіп ылғи жүріңізші құлай Сіз.
Бұл - менің күйеуім,
Күйеуімді өзгешелеу сүйемін!💝
(Ботакөз Бексары)
Көп сөзге жоқ, тым байсалдым, байыптым,
Ең тәуірге, ең жақсыға лайықтым.
Сіздің сонау жүректегі тақ-төрге,
Тым нәзіктеу қалпымменен лайықпын.
Бұл - менің күйеуім,
Күйеуімді өзгешелеу сүйемін!💓
Тым жұмсағым, еркелетер баланы,
Аузында-Алла, ақыреті-алаңы.
Бес уақытым түгел болсын дейді Ол,
Бақылауда ұстайд(ы) ниет-амалын.
Бұл - менің күйеуім,
Күйеуімді өзгешелеу сүйемін!💞
Еңбекқорым, жұмысына адалым,
“Жанұяңа” арналған-ды әр адым.
Әр қадамға сауап үйіп жазылсын,
Ризығыңыз көбейсінші, бағалым.
Бұл - менің күйеуім,
Күйеуімді өзгешелеу сүйемін!❤️
Жылы қабақ, жұмсақтықпен ұнайсыз,
Анау-мынау мінезіме шыдайсыз.
Жақсы көрем мен шынайы барыммен,
Сүйіп ылғи жүріңізші құлай Сіз.
Бұл - менің күйеуім,
Күйеуімді өзгешелеу сүйемін!💝
(Ботакөз Бексары)