Ел азаматтарының төрттен үш бөлігі 33 жылда отбасында болған өзгерістерді оң бағалайды.
ҚР президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша, қазақстандықтардың басым бөлігі ел тәуелсіздігін алғалы бері өз отбасылық табысының артқанын хабарлаған.
Бұл зерттеу келесі бес бағыт бойынша жүргізілген:
🔹Жалпы өмір
🔹Тұратын қаласындағы/ауылындағы өмір
🔹Отбасылық қатынастар
🔹Табыс
🔹Денсаулық.
Сәйкесінше, респонденттер 1991 жылдан бері отбасында болған өзгерістерді, Тәуелсіздіктің басынан бері отбасындағы өзгерістерді осы бес бағыт бойынша сипаттаған.
Мәліметтер көрсеткендей, қазақстандықтардың төрттен үш бөлігі 33 жыл ішінде отбасында болған өзгерістерге оң баға береді. Ең оптимистік баға, біріншіден, жалпы өмірге; екіншіден, отбасылық табыстың, сондай-ақ тұратын қаласындағы/ауылындағы өмірдегі өзгерістер. Бір қызығы, кірістердегі өзгерістер ең жақсы бағаланады:
▫️респонденттердің 17,2% "әлдеқайда жақсарды",
▫️54,7% – "жақсарды" деп атап өтті.
Қазақстандықтардың бестен бір бөлігі 1991 жылдан бері отбасында айтарлықтай өзгерістер болған жоқ деп есептейді.
"Қазақстандықтар тәуелсіздік алғаннан бері ең күрделі әлеуметтік-экономикалық сынақтар мен түбегейлі мәдени және саяси өзгерістерге тап болды. Бұл өзгерістер әрбір қазақстандық азаматқа да, әрбір қазақстандық отбасыға да әсер етті. Соңғы онжылдықта бүкіл әлемде әлеуметтік дамуды сыни көзқараста қабылдау белең алып келеді, адамдар бүгінгі күнге де, өткен күнге де теріс баға беріп отыр. Жалпы алғанда адамдар өмірдің жақсарғаны үшін үкіметтерге алғыс білдіруге бейім емес, бірақ кемшіліктер үшін жауапкершілікті үкіметке артады", – дейді ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері, әлеуметтану ғылымдарының докторы Айгүл Забирова.
Источник: Informburo.kz