ЦАРКА еліміздегі нағыз ақпараттық қауіпсіздікпен айналысатын кемдеген ұйымдардың бірі. Өткен аптада олар "Документолог" құжат айналымы бағдарламасында қауіпті қаіпсіздік ақауы табылғандығы және ақауды пайдаланып кез-келген құжаттарды көре алу мүмкіндігі барлығын жариялаған болатын (қазіргі кезде жарияланым барлық жерде өзгертілген немесе өшірілген). Аталған жүйе еліміздің алдыңғы қатарлы жүйесі болғандықтан, ЦАРКА келесі компаниялардың ақпараттары қауіп астында қалғанын айтқан: "Самрук Казына, Самрук Энерго, Казатомпром, Холдинг Зерде, НИТ, Правительство для граждан, КаспийМунайГаз, Холдинг Байтерек, НАТР, Фонд Даму, НПП Атамекен, Жилстройсбербанк, Казахстанская ипотечная компания, Фонд Болашак, Фондовая биржа KASE, Казконтент, Холдинг Казагро, Экибастузская ГРЭС, Мойнакская ГЭС, Шардаринская ГЭС, Институт онкологии и радиологии, СПИД Центр и другие". Тізімді қарап отырып ақаудың қаншалықты қауіпті екенін түсінуге болады.
Кейіннен, бұл іс аздап резонанстық көрініс ала бастағанда ЦАРКА өз парақшасында Документологпен келісімсөздер жүргізіліп жатқанын айтып, ескі постты өшіріп тастады. Ал бүгін екі компания бірлесе отырып арадағы пайда болған келеңсіздіктерді жойғанын және оның ішінде ЦАРКА ақпарат тарату әдісіне байланысты Документолог компаниясынан кешірім сұрағанын жариялады. Ал ақау болса тез арада жөнделіп, енді жүйеге аудит іс-шаралары жүргізіліп жатыр екен.