⚽ Қош бол, Черчесов. Жаңа президент қазақ футболына революция жасамақ
Бүгін Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті болып Марат Омаров сайланды. Ол туралы инсайдты біз өткен айда берген болатынбыз.
Жаңа президент құрама бапкері ретінде Нұрбол Жұмасқалиевті көріп отырған сияқты. Жұмасқалиев қазір "Тобыл" футбол клубын жаттықтырады және бапкер ретінде мықты тәжірибе жинады. Талғат Байсуфиновқа қарағанда Жұмасқалиевтің психологиялық аурасы мықты. Ол ойыншыларға тиімді мотивация бере алады.
Футбол федерациясын басқаратын Марат Омаров бір жағынан Бәсекелестікті қорғау агенттігінің басшысы. Ол енді агенттіктен кете ме, жоқ па, ол жағы белгісіз. Марат Омаров кезінде кәдімгідей кәсіби деңгейде футбол ойнаған.
Қазақ футболының толық тазалауға ұшырайтынын осының алдында жазған едік. Клубтарда тиын жасап жүрген агенттер мен функционерлер жаппай тексеріле бастады. Антикор мен Қаржы мониторингі агенттігі футбол спецификасын түсінетін консультанттар тауып, мәселені аяғына дейін жеткізбек. ФИФА рейтингінде Қазақстан Тәжікстан мен Суданнан қалып қалғандықтан, құраманы жаңа деңгейге жеткізу бойынша үлкен жоспар қабылданып отыр.
Қойылған міндет - тез арада 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу ойындарына дайындықты бастау. Марат Омаровқа барлық қажетті жағдай жасалатын болады. Бастысы, ол нәтиже көрсетуі керек.
Футбол жаңалықтарынан қалыс қалмаңыз👇
https://t.me/dalainside

"Марат Омаров келесі аптада футболдан ұлттық құрама бас бапкері Станислав Черчесовты орнынан алады. Оның контрактындағы өтемақыны (шамамен 1 миллион доллар) меценат Тимур Турлов өз қалтасынан төлеуі мүмкін", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.