Достар, киберқауіпсіздік айдарын жалғастырайық 🤓
Киберқауіпсіздік инженері деген кім?
Қауіпсіздік инженері (Security Engineer) – ұйымның қауіпсіздік саясатын жетілдіріп, кибершабуылдардан қорғау шараларын енгізетін маман. Күнделікті міндеттері шабуылдарға тұрақты бақылау жасауды, тәуекелдерді басқаруды және оқиғаларға жауап беруді қамтиды.
Міндеттеріне қысқаша тоқталсақ 💪:
Тәуекелді бағалау және басқару (Risk Assessment and Management)
✔️ Ұйымның жүйелері мен желілері тап болуы мүмкін қауіпсіздік тәуекелдерін (Risk) бағалайды. Олар осалдықтарды (vulnerabilities) анықтап, мүмкін қауіпсіздік оқиғаларының талдап, сол оқиғаларының мүмкін әсерін бағалайды.
Қауіпсіздік архитектурасының дизайны
✔️ Компанияның инфрақұрылымын, қолданбаларын және деректерін қорғайтын қауіпсіздік архитектурасын жобалайды, енгізеді және әрі қарай басқарды. Олар файерволдарды, шабуылды анықтау жүйелерін intrusion detection systems, шифрлау әдістері және кіруді басқару элементтері access controls сияқты қауіпсіздік технологияларын таңдайды және конфигурациялайды.
Incident Response and Forensics
✔️ Инженерлер инциденттерге жауап беруді жеңілдету үшін логтарды жинау және сақтау технологияларын жобалайды және енгізеді. Бұл жерде инженерлердің жұмысы SOC талдаушыларымен аралас өтеді. Олар оқиғалардың түпкі себептерін зерттейді, залалды анықтайды және болашақта осындай оқиғалардың алдын алу шараларын жүзеге асырады.
Қауіпсіздікті тексеру
✔️ Инженерлер ұйымның қорғанысындағы әлсіз жақтарды анықтау үшін тұрақты қауіпсіздікті бағалау сынақтарын жүргізеді. Бұған осалдықты сканерлеу және кодты шолу code review кіреді. Сондай-ақ тұрақты аудиттер арқылы салалық ережелер мен стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз етеді.
⁉️ Киберқауіпсіздік инженері болу үшін не және қандай техникалық дағдылары болу керек?
Киберқауіпсіздік негіздері. Киберқауіпсіздік құрылымдарымен (мысалы, NIST Cyber Security Framework, CIS Controls), стандарттармен және ережелерімен таныс болу керек.
➕ Қауіпсіздік архитектурасы. Киберқауіптерді азайту және деректердің құпиялылығын, тұтастығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін желілерді қауіпсіз құру, жүйелерді және қолданбаларды қауіпсіз жобалауды білуіңіз қажет. Желілер, операциялық жүйелер (Windows, Linux), бұлттық платформалар (мысалы, AWS, Azure), дерекқорлар және веб-технологиялар туралы жақсы түсінік болу керек.
➕ Қауіпсіздік операциялары және инциденттермен жұмыс жасау. Қауіпсіздік инциденттері мен осалдықтарға мониторинг жасау, дер кезінде анықтау және оларға жауап беру. Ол үшін SIEM жүйелерімен, қауіп барлау платформаларымен жұмыс істей білу керек. Инциденттерді анықтау, талдау, оқшаулау, жою және қалпына келтіру процедураларында тәжірибе болғаны дұрыс.
➕ Қауіпсіздікті бағалау (Security Assessments). Ұйымның инфрақұрылымындағы әлсіз жақтарды анықтап жою үшін тәуекелдерді бағалауды және осалдықты сканерлеуді жүргізу білу қажет. Тәуекелдерді бағалау әдістемелерін, тәуекелдерді азайту стратегияларын және бизнеске әсер етуді Business impact талдауды білу керек.
➕ Identity and Access Management (IAM). Идентификация, аутентификация механизмдерін басқару және IAM шешімдерін конфигурациялап және басқара алу керек.
➕ Қауіпсіздік құралдары. SIEM платформаларымен (мысалы, Splunk, QRadar), осалдық сканерлерімен, компьютер/сервер қауіпсіздік шешімдерімен және шифрлау технологиялары сияқты қауіпсіздік құралдарымен жұмыс жасай білу керек.
➕ Файеруолл, шабуылды анықтау/алдын алу жүйелері (IDS/IPS), компьютерлер мен серверлерді қорғау, шифрлау және қауіпсіз аутентификация механизмдері сияқты қауіпсіздік құралдары мен технологияларын қолдану, конфигурациялап басқара білу керек.
Ал hard skills-тан бөлек, soft skills бойынша қарым-қатынас дағдылары және мәселелерді шешу қабілеттері болса онда сіздің кәсібилігіңізді көрсетеді.
Айдардың келесі бөлімінде Detection and Response Engineer (SOC Engneer/Security Analyst) туралы айтамыз.
Пост авторы: Mustafa Issabayev
#бағдар
#ақпараттық_қауіпсіздік
https://t.me/digitaldala