🎙️Dop_d0malak


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Спорт


Еуропа және Әлем футболы жайлы соңғы ақпараттар және инсайдтарды сіздерге ұсынамыз. Мақсатымыз 100 000 оқырманға жету. Бізді қолдап тіркеліп бізбен бірге болыңыз!!!
Серіктестік бойынша: @phlahm

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Спорт
Статистика
Фильтр публикаций


Дәл қазіргі Реалдағы алдағы ойындарға шыға алатын қорғаушылар :

Орельен Чуамени
Давид Алаба
Рауль Асенсио
Хесус Вальехо

Карло Анчелотти осылардың қайсысын алдағы маңызды ойынға шығарғаны дұрыс? 👊🏻

❤️ - Чуамени/Вальехо
🔥 - Алаба/Асенсио


❗️РЕСМИ ❗️

🚑 Реал Мадридтің қорғаушысы Антонио Рюдигер 1 ақпанда өткен Эспаньолға қарсы матчта оң аяғының екібасты бұлшықетінің жарақатын алып, үш аптаға алаңнан тыс қалды.

🚨 Осылайша, ол 8 ақпанда өтетін Атлетико Мадридке қарсы дерби мен Чемпиондар лигасының Манчестер Ситиге қарсы екі ойынына қатыса алмайды.

❤️ - Тез сауығып кетуін тілейміз


🇪🇸22-ші турдан кейінгі Ла Лигадағы турнирлік кесте

👇Сүйікті командаң нешінші орында


🧨 Here we go!

🇮🇹 Петар Сучич – «Интер» ойыншысы атанады

💰 «Нерадзурри» 21 жастағы жартылай қорғаушы үшін «Динамо Загребке» 14млн + 2млн (бонус) төлейді.

⏳Сучич осы аптада медициналық тексерістен өтеді. Алайда команда сапына жазда қосылады. Оған дейін «Динамода» жалда ойнайды.


«Тоттенхэм» Аксель Дисасиді өз қатарына қосуға ниетті

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Шпорлар» «Челсимен» келіссөздерді жалғастыруда – команда қорғанысты күшейту үшін Аксель Дисасиді алғысы келеді.

🔹 Раду Драгушиннің ауыр жарақаты «Тоттенхэмді» жаңа қорғаушы іздеуге мәжбүрледі.

⚔️ «Астон Вилла» ойыншыдан келісімін алған, бірақ «Челсимен» ортақ шешімге келе алмай отыр.

📌 Фабрицио Романо


«Милан» Феликске қызығушылық танытуда

🇮🇹 Италиялық «Милан» португалиялық шабуылшы Жоау Феликстің жағдайын мұқият бақылауда. Қазіргі уақытта футболшының «Челсиден» кетуі ықтимал болып тұр.

📍«Россонери» 24 жастағы ойыншыны маусым соңына дейін жалға алуды ұсынды. Алайда «Челси» бұл ұсынысты қабылдауға асықпай, оны толықтай сатуға немесе міндетті сатып алу шартымен жалға беруге тырысуда.

📎 Клубтар трансферлік терезе жабылғанға дейін келіссөздерді жалғастырады.

📰 Джанлука Ди Марцио


Серхио Рамос Мексикаға ауысты!

⚡ HERE WE GO: Аңыз қорғаушы Серхио Рамос «Монтеррей» клубының ойыншысы атанды!

🇲🇽 38 жастағы қорғаушы мексикалық клубқа еркін агент ретінде қосылды.


Карим Бензема: "Мен әрқашан толық ойыншы болғым келді"

🗣️ Бензема:

«Қазіргі футболда ойыншылар 90 минут бойы нашар ойнап, бірақ бір гол соқса, үздік ойыншы атанып, барлық назарды өзіне аударады.

Мен ешқашан ондай футболшы болғым келген жоқ».


«Барселона» Никоның сатылымынан пайда көреді

📍Португалиялық «Порту» клубының жартылай қорғаушысы Нико Гонсалестің келісімшартындағы өтемақы 60 миллион еуроны құрайды. Егер ойыншы сатылса, «Барселона» осы соманың 40%-ын алады.

✅ 2023 жылы каталондықтар оны 8,5 млн еуроға «Портуға» сатқан еді. Қазіргі келісімшарты бойынша сатылымнан үлес алу құқығына ие

💰Егер Нико жақын арада басқа клубқа ауысса, «Барселона» қомақты қаржыға қол жеткізуі мүмкін.


Альваро Мората – «Галатасарай» ойыншысы!

🇹🇷 ✅ Ресми түрде, Альваро Мората «Галатасарайға» ауысты!

🔄 Испаниялық шабуылшы бір жылдық жаңа келесімшартмен жалға алынды, келісімшартта €9 млн көлеміндегі сатып алу мүмкіндігі қарастырылған.

⚡ «Милан» Моратамен бар болғаны жарты жыл ғана жұмыс істеп, ойыншымен қош айтысты.

📌 Түркияда шабуылшы өз карьерасын жаңа деңгейге көтере ала ма?


🔞🔞🔞🔞🔞🔞

😈 «Арсенал» таптап өтті!

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 1. «Ливерпуль» - 56 ұпай ➕
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 2. «Арсенал» - 50 ұпай
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 3. «Ноттингем» - 47 ұпай
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 4. «Сити» - 41 ұпай
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 5. «Ньюкасл» - 41 ұпай
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 6. «Челси» - 40 ұпай ➕
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 7. «Борнмут» - 40 ұпай


Маркус Рэшфорд – «Астон Вилла» ойыншысы!

✅ «Астон Вилла» ресми түрде Маркус Рэшфордтың ауысуын жариялады.

🔄 27 жастағы шабуылшы «Манчестер Юнайтедтен» маусым соңына дейін жалға алынды. Келісімшартта шамамен €48 млн көлемінде сатып алу мүмкіндігі қарастырылған.

🎙 Фабрицио Романо


😤 Ханси Фликтің матчтан кейінгі сұхбаты:

«Гави ойынды жалғастырғысы келді, бірақ дәрігерлер рұқсат бермеді, және біз бұл шешімді құрметтеуіміз керек. Ол әрқашан ойнағысы келетін ойыншы, бірақ біз оған қамқорлық жасауымыз керек».

"Бұл қиын ойын болды, бірақ бізде үш ұпай бар және бұл қазір маңызды. Біз "Реалдың" жеңілісін пайдалана алдық. Мен командаға өте қуаныштымын, олар гол соғуға тырысты, бұл оңай болған жоқ."

"Левандовски - ең үздік шабуылшы. Айып алаңында ол ең жақсысы".


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Бір дәуірдің соңы 🥹


«Арсенал» Жоржиньоны жібермейді, бірақ «Фламенго» күтуге дайын

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Лондондық «Арсенал» осы қыста жартылай қорғаушы Жоржиньоны «Фламенгоға» сатудан бас тартты. Клуб тәжірибелі футболшыны маусым соңына дейін командада қалдыруды жөн көрген.

🔹«Фламенгоның» қысқы трансферде келісімге келе алмады. Енді, 33 жастағы ойыншыны жазда еркін агент ретінде алуды көздейді.

🔍 Бразилиялық клуб келісімшарт мерзімі аяқталған соң, Жоржиньоны тегін қатарына қосуға үміттенуде.


«Арсеналдың» тарихи маусымы: 2003/04 жылғы жеңілмеген чемпиондық

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Лондондық «Арсенал» 2003/04 жылғы Премьер-лига маусымында футбол тарихында теңдессіз жетістікке жетті. Команда бірде-бір матчта жеңіліс көрмей, Англия чемпионы атанды.

🔹 Чемпиондық статистика:
✅ 38 матчта – 26 жеңіс, 12 тең ойын
✅ 90 ұпай жинады
✅ Бірде-бір жеңіліс тіркелмеді

📊 Бұл рекордтық серия 2003 жылдың 7 мамырында басталып, 2004 жылдың 16 қазанында аяқталды. Барлығы 49 матчқа созылған бұл жеңілмеген кезең – Премьер-лига тарихындағы ең ұзақ сериялардың бірі.

Аталмыш маусымда Тьерри Анри, Патрик Виейра, Деннис Бергкамп сынды жұлдыздар «Арсеналдың» құрамында жарқырады. Бұл жетістік клубқа «Жеңілмегендер» («The Invincibles») деген тарихи атақ әкелді.


Дембеле тарих жазуда

🇫🇷 Франциялық «Пари Сен-Жермен» клубының вингері Усман Дембеле команда тарихында ерекше жетістікке қол жеткізді. Ол екі матч қатарынан хет-трик жасаған алғашқы ПСЖ ойыншысы атанды.

🔥 Сәрсенбі күні француз шабуылшысы Чемпиондар лигасында «Штутгарт» қақпасына үш гол соқса, бірнеше күннен кейін Франция чемпионатында «Брестке» қарсы ойында да дәл осындай нәтижеге қол жеткізді.

Қазіргі таңда Дембеле 2025 жылы барлық турнирлерде ең көп гол соққан ойыншы болып отыр:

🔝 11 гол – Усман Дембеле (ПСЖ)
⚽ 8 гол – Лаутаро Мартинес (Интер)
⚽ 8 гол – Килиан Мбаппе (ПСЖ)


❌ «Манчестер Юнайтед» ұпай жоғалтты!

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 12. « Кристал Пэлас» - 30 ұпай
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 13. «МЮ» - 29 ұпай


🟨 Айытпақшы, Каталондықтар бұл матчта 8 рет ереже бұзып, 5 сары қағаз алғаны тағы бар...!

3.4k 0 0 12 127

🇵🇱 Левандовски Барселонаға жеңіс сыйлады

🇪🇸 1. «Реал» – 49 ұпай
🇪🇸 2. «Атлетико» – 48 ұпай
🇪🇸 3. «Барселона» – 45 ұпай

🔥 Келесі турда:

🇪🇸 Реал Мадрид - Атлетико Мадрид🇪🇸
🇪🇸 Севилья - Барселона 🇪🇸

3.4k 0 3 21 157
Показано 20 последних публикаций.