ermek ushin…


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Блоги


есімім Ермек Сағитжанұлы, түсінгеніңдей жазғаным бәрі өзім үшін…

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Блоги
Статистика
Фильтр публикаций


күннің қасиеттілігі бізді қосымша амалдар жасауға итермелейді - қызық ой. егер әр күннің біз үшін "соңғы күн" екендігі жүрегімізге терең жетсе, әрбір жаңа таң біз үшін қасиетті әрі мәнді болар еді...


білетін адамның кейіпінде жүрген надандардан пана сұраймын, Раббым! және олардың қатарынан болып кетуден сақта және жәрдем бер!


жақсы әрекеттер қалыптасу үшін, жаман әдеттерден арылуды бірге алып жүру маңызды. өзгеріс сол кезде өзгеріс. әйтпесе, өзгеріс үшін жасаған жақсы әрекеттерің, тесік шелекке су құйған іспетті.

“ұстаздардар”


Репост из: my thinks in eng/arb
knowledge is like an ocean, so choose a good ship for this long and interesting journey


ينبغي أن نهتم بمكانتنا أمام الله، وليس أمام الناس

адамдардың алдындағы емес, Алланың алдындағы хәлімізді уайымдауыз керек


кейде кейде…

іштей өзімізге “сәл, шыдай тұр, сабыр ету керексің” деген сәттерде, мүмкін бізге шүкір ету лайықтырақ болған шығар.




жоғарыдағыны оқып, шабыт келіп кетті👀


ауылдың тамыздық түндерін сағындым,
төбеде жұлдыздар сайраған,
мекендерді сағындым,
қанша мәрте жүріп өтсемде,
аяқтарым талмаған.
тұлпарымды сағындым,
қанша қашықтық шауып өтсемде
қанаты оның талмаған.
иә, ана-әке, аға…
сіздерді де сағындым,
қанша қателессем де,
өмірге мені қайта қайраған…


…Мы поздно возвращались со станции. Данияр ехал впереди. А ночь выдалась великолепная. Кто не знает августовских ночей с их далекими и в то же время близкими, необыкновенно яркими звездами! Каждая звездочка на виду. Вон одна из них, будто заиндевевшая по краям, вся в мерцании ледяных лучиков, с наивным удивлением смотрит на землю с темного неба.
Мы ехали по ущелью, и я долго глядел на нее. Лошади в охотку рысили к дому, под колесами поскрипывала щебенка. Ветер доносил из степи горькую пыльцу цветущей полыни, едва уловимый аромат остывающего спелого жита, и все это, смешиваясь с запахом дегтя и потной конской сбруи, слегка кружило голову…

Чингис Айтматов “Джамиля”


егер біз өзімізге жақсы көңіл бөлсек, қателікке әрқашан бір табан жақын жүретінімізді түсінеміз. қателеспеймін, “мен үлгі тұтарлық адаммын” деп айта алатын адам бар ма? қайдам?! енді ойлаймын да, өзгелер қателессе, неменеге өзіміз қателеспейтіндей мұрынымызды шүйіреміз?

расында бізге бәймәлім заттар бар, мысалға біздің ертеңіміз.


жалғанның жетегіне ереміз деп, ақиқатқа көз жұмамыз…


күтудің хикметін түсіне алмай жүрміз, асығыспыз әйтәуір…


Адам баласын ақыретте сұрау алатын қылып жаратқанымен қос әділдік һәм махаббат бар. Адам баласын құрт, құс, өзге хайуандар сипатында жаратпай, өте керемет сипатты беріп, екі аяққа бастырып, басын жоғары тұрғызып, дүниені көздерлік қылып өзге хайуандар секілді тамақты өз басымен алғызбай, ыңғайлы екі қолды басқа қызмет еттіріп, аузына қолы ас бергенде, не ішіп, не жегенін білмей қалмасын деп, иісін алып ләззаттанғандай қылып, ауыз үстіне мұрынды қойып, оның үстінен тазалығын байқарлық екі көз беріп, өз көздерге нәзіктен, зияннан қорғап тұратындай қабақ беріп, ол қабақтарды ашып-жауып тұрғанда қажалмасын деп кірпік жасап, маңдай тері тура көзге ақпасын деп, қағып тұруға қас беріп, оның жүзіне көрік қылып, бірінің қолынан келместей істі ынтымақтаса атқарып бітіруге, біреуі ойын келесі біреуіне ұқтыратындай етіп тіліне сөз беріп жаратқаны махаббат емес пе? Кім өзіңе махаббат қылса, сенде оған махаббат қылуың борышың емес пе?

Хәкім Абай “Қара сөздер: Отыз сегізінші қара сөз”(үзінді)


отыз сегізінші қара сөзден көп ғибрат алатындарыңызға сенімдімін✨


“Бір мәселені шешу үшін біз оны тудырған деңгейдегі ойлау тәсілінен жоғары болуымыз керек.”

Альберт Эйнштейн


Даналардың бірі былай деген екен:
“Ер адам күн сайын айнаға қарауы керек. Егер айнадан сымбатты жанды көрсе, бұл түрге жаман істер лайық болмайтынын түсінуі қажет. Ал егер ұсқынсыз бейнені көрсе, онда екі ұсқынсыз нәрсені бір жерге жинаудың тіпті дұрыс емес екенін ұғынуы керек.”


тәкаппар болу бір сәт.

біздікі әрекет етуге деген қалау болмаса, сол әрекетке күшті беретін бір Алла емес па?

кейде ешкімнің көмегінсіз бәрін, тек өзіміз тындырғандай даңғайсынып кететініміз бар…


Пайғамбарымыз (Алланың оған сәлемі мен салауаты болсын): Кім мейірімділіктен мақұрым болса, жақсылықтың барлығынан мақұрым болды.

Ислам әдебі📚
Абдулфаттах Абу Ғұдда✍🏻


Адам ғапыл дүниені дер менікі,
Менікі деп жүргеннің бәрі Оныкі.
Тән қалып, мал да қалып, жан кеткенде,
Сонда ойла, болады не сенікі?

Хәкім Абай

Показано 20 последних публикаций.