Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми)


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


Пайдалы кеңестер

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


Бір ұстазыма: "Ұстаз қай алаңда карьер жасағаным жақсы?" - деп сұрадым. Сол кезде күлімсіреп: "жақсы адам болу алаңында!" Өйткені бұл алаңда дүниеде және ақыретте көп пайдалар бар. Сонымен қатар бәсекелестік аз" деген еді.


**ҚҰТТЫ БОЛСЫН ТУҒАН КҮН,ЕРМЕК БАУЫРЫМ!!!*. Бүгін нағыз, кіндігіңді кесіп -ап, жібек жіппен буған күн! Бүгін нағыз, шілдехана суымен, алғашқы рет жуған күн!
Бүгін нағыз, орап алып жөргекке, бесікке жәйлап буған күн!
Бүгін нағыз, ақ сүтін *АСЫЛ АНАның* емірене емген күн! Бүгін нағыз, *ӘКЕҢ келіп* төбеңнен тебірене төнген күн!
Кімге тартты екен деп, бетіңді ашып көрген күн!
Бүгін нағыз, қуанғаннан ел- жұрттың көрімдігін берген күн!
Туған күнің жыл сайын, жүз жыл бойы тойлансын!!!
Өсіп ұрым бұтағың, арманыңа жете бер!
Өмір шексіз көк теңіз, тоқтамастан кеше бер!!!✊


Дерт сені Аллаға алып баратын болса, ол дерт емес, дауа болғаны!


*Үндемеу деген не?*
🔹 Пайдаға кенелгеніңде үндемеуің - *қауіпсіздік* .
🔸 Бойыңды ашу билегенде үндемеуің - *күштілік* .
🔹 Саған жамандық жасалған кезде үндемеуің - *даналық* .
🔸 Біреулердің арандатуы кезінде үндемей қалуың - *жеңіс* .
🔹 Құрметсіздік жасалынған кезде үндемеуің - *ұлылық* .
🔸 Мұқтаждық кезінде үнсіз болуың - *абырой* .
🔹 Қайғы келгенде үнсіз қарсы алуың - *сабыр мен тәуекел.*
🔸 Адамдар саған ақыл айтқанда үндемей тыңдауың - *әдептілік* .
🔹Сөз сөйлеуің үнсіз қалудан қайырлы болмайынша *үндеме!* ☝️🕌🌹


Алтыннан қымбат сөз айтсаң, Ақымақ құлақ салмайды


Періштелер адам үшін дұға жасайтын 8 жағдай:
- Намазда бірінші сапта тұрғанда;
- Намаз біткен соң мешітте қалып бөгелгенде;
- Сырқат бауырыңның жағдайын сұрап барғанда;
- Бауырыңды Алла ризалығы үшін зиярат еткенде;
- Бауырыңның сыртынан ол үшін дұға жасағанда;
- Адамдарға жақсылықты үйреткенде;
- Дәрет алып ұйқыға жатқанда;
- Сәресіне тұрып тамақтанғанда.




قال بعض السلف رحمهم الله:
«لا يسمع سورة يوسف محزون إلا استراح».

تفسير البغوي (٤٣٤/٢) 📕

Кейбір сәләф солихтарымыз айтады:
«Мұңы бар адам Юсуф сүресін тыңдаса, жаны жай табады».

Тафсир әл-Бағауий (434/2) 📕

#Құран


Бұл дүние — адамзат сапарының құрсақ пен қабір арасындағы аялдамасы!


“Үйлену үшін кең үйлер мен сәнді жиһаздар қажет емес, алайда оған жақсы жан-дүние мен жақсы қарым-қатынас қажет”.


القرآن عزيز لا يبقى في قلب من لا يستحقه.

©️د.محمد بن عبدالله القحطاني حفظه الله

Құран қасиетті, оған лайық еместердің жүрегінде тұрақтамайды.

©️Д.Мұхаммед ибн Абдулла әл-Қохтаний (Алла жар болсын)

#Құран


Осман мемлекетінің негізін қалаған Осман ғазы бата сұрай келгенде Әдебәли әулие оған:
“Ұлым, енді Бексің!
Бұдан кейін ашу - бізден; сабыр - сізден…
Ренжу - бізден; көңіл аулау - сізден…
Кінәлау - бізден; төзу - сізден…
Жаңылу - бізден; кешіру - сізден…
Жанжал - бізден; әділет - сізден…
Бөліну - бізден; біріктіру - сізден…
Еріну - бізден; қанаттандыру - сізден…
Осы жолда жүгіңді жеңілдетер күш-қайрат,ақыл мен жүрек тілеймін”, деген екен.

Жеті жүз жыл бұрын айтылған осы өсиетті бүгінгі мемлекеттік қызметкерлердің де қаперінде ұстағаны жөн сияқты.

Нүкте философиясы кітабының 12 беті
Дархан Қыдырәлі


Репост из: Beisenali Olzhas
quran adebi x checklist x Olzhas Beisenali (1).pdf
88.4Кб
Құран оқудың әдептері (чек лист)

Таратуға рұқсат


“Уа, Аллаһ тағалам! Сенен түгесілмес ризық, үзілмейтін қуаныш сұраймын. Мені тағдырыңа разы қылуыңды, өлімнен кейінгі өмірде жеңіл өмір сүруді сұраймын” (Пайғамбарымыздың (с.а.с) дұғасы).


Жаңа апта берекелі болсын!

Құдай берсін, кем қылмасын,
Дастарханың мол болсын,
Абыройың зор болсын.
Отбасының байлығын берсін,
Деніміздің саулығын берсін.
Көңіліміз тоқ болсын,
Уайым-қайғы жоқ болсын.
Отырғандарың үлкен тақ болсын,
Осы үйге тек бақ қонсын!
Сұрасаң бата берейін,
Ықыласпен қол жайсаң,
Үстем болсын мерейің.
Басыңа бақ орнасын,
Қызыр болсын жолдасың.
Дастарханың мол болсын,
Абыройың зор болсын.
Уа, Жаратқан, жарылқа!
Мезгілсіз келер өлімнен сақта,
Кездейсоқ келген келіннен сақта.
Дауылдың кәрінен сақта,
Жыланның зәрінен сақта,
Аяқ астынан келетін
Бәле-жаланың бәрінен сақта!


Құдай жарылқасын,
Бақ қарасын,
Қыдыр дарысын!
Айдан аман,
жылдан есен қылып,
Үйдегі, түздегі
Мал-басты аман қылсын!

Әумин


Омардың дұғасы
(Алла оған разы болсын)

«Уа, Алла! Егер мені бақыттылардың қатарына жазған болсаң, сол жазуды бекіте гөр. Ал егер мені бақытсыздардың қатарына жазған болсаң, одан өшіріп, мені бақыттылардың қатарына қос.»


Тірі сыналады, Өлі сұралады. А. Қалшабек


"Қиындықтар - қонақ. Келіп кетеді. Бастысы қиындықты
жібергеннің разылығы үшін
қонақтың ауыртпалығына
шыдау керек".
Мәуләна Жәләлуддин Руми.


Өзі саққа Құдай жақ!

Показано 20 последних публикаций.