Кітапханашы күнделігі


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Книги


Мен кітапхананы жердегі жұмаққа ұқсаттым! Борхес

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Книги
Статистика
Фильтр публикаций


Өзіңді қатты жақсы көру-өзгенің көңілін бүлдіру емес. Өзіңді жақсы көрсең,көңілің нәзік болса өзіңе,ойыңа,тіліңе ие болу арқылы өзіңді сақтайсың. Адамның дұшпаны -өзі. Ойы,тілі,мінезі.


Кітап оқу-тегін терапия. Библиотерапия ежелден келе жатқан әдіс. Египет пен Ежелгі Грекияда кітап оқу арқылы адам жанын емдеуге болады дегенге сенген.
"Бақытты қоғамның сырында"да осыны жазады. Оны барлығы біледі. Бірақ,жасай қоймайды. Кітапханадан,көршіңнен,досыңнан болсын кітап алып оқуға болады. Ол тегін. Тегіннің құны білінбейді. Ал сол ілім өлшеусіз өсуіңізге көмек екенін өзіңіз сезінгенше уақыт аралап кетеді. Оны кері қайтара алмайсыз. Кітапты тек жас күніңде оқу деген стереотиптен қоғам арылу қажет шығар.
Егер оқыған,оқитын болсаңыз ол білініп,сезіліп тұру керек. Білгішсініп емес. Мінезден,сөзден, сауаттылықтан. Осындай қарапайым дүниелерді оқу арқылы сіңіре алмасаңыз оның құны көк тиын.


Бидің де,күйдің де құдіреті сөзсіз эмоция шығару. Саз бен қимылда барлығы жатады. Оны көзбен көріп,құлақпен ғана естімейсіз. Оны сезіну керек...


Ата заңымызда басты міндет адам өмірі. Оның құқығын қорғау.
Иә,заңмен адамды сол адамнан қорғаймыз...Адамнан...


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Осы қойылымның не магиясы бар екенін...Көріп келе жатқаныма біраз жылдың жүзі болды.
"Қызыл орамалды шынарым"
Арасында жан "тазалап"тұрмасаң...


Доксинг,фишинг,буллинг, онлайн -алаяқтар,тағы басқа жаңа технологиямен дендеп енген заманауи проблемалар көп-ақ. Осы жағдайлардан сақтану,қорғану,кімге хабарласу керек,не істеу керек деген сұрақтарға қысқа,нақты ақпаратты Заң институтының мамандарымен подкаст-жобамыз арқылы ұсынайық,жеткізейік деп шештік.


Мамамның кейде бір амалы құрып отыратын сәтінде айтатын сөзі бар еді.
"Кейде Құдай жындының жағына шығады" деген.
Осының сырын түсінсек деп жүрміз.


Кейде осы сөздерді кітапхана мен кітапханашыларда ақысы бардай басынғысы келетін,жазуын міндет қылатын адамдарға қарата айтқың келеді. Кез келген сала,мамандықта мінезі түрлі адамдар жиналады. Әйтседе,мамандығың ортақ қылатын мінез қалыптасады.
Біздің мамандықтың ерекшелігі жаныңды ауыртып, жүрегіңді тіліп жатса да үндемей қалу. Ол пайғамбар сындылық емес,ол артық,жоғары көріну емес. Ол біз кіріп-шығып жүрген ғимараттың ерекшелігі. Ол-білімдінің,ілім іздегеннің тәу ететін жері. Ол -рухани мешіт.
Ол қанша ғылым-білімді,қанша тарих-шежірені үнсіз "көтеріп" тұрған жер. Ол-Кітапхана.


Дания мен Скандинав елдерінде Янте заңы бар. Ол 1933 жылы дат-норвег жазушысы Аксел Сандемустың романында алғаш қолданылған екен. Қысқаша айтқанда "Бізден артық емессің" дегенді білдіреді. Бұл термин бойынша қоғам жоғары дәрежелі,бай-бағландар мен бай секілді көрінгісі келетін азаматтарды сынға алады. Бізше мұны "түккөрмегендік" дейді.
Бізден маңыздымын деп ойлама.
Бізден мықтымын деп ойлама.
Біреу саған мән береді деп ойлама.
Бізден ерекшемін деп ойлама.
Бізден ақылдымын деп ойлама.
Бізден көп білемін деп ойлама.
Бірдеңеге жараймын деп ойлама.
Бізден жақсымын деп ойлама.
Бізге күлуші болма.
Бізге бірдеңе үйретемін деме.
#МайкВайкиң
#Лүкке


Адамзаттың ойлап тапқан қаруының ішіндегі ең жойқыны-сөз.
Пауло осылай депті.
Жалған дүние ғой деп өткен бабалар. Сол дүниеде талайды жолықтырасың. Біреу жақсы із,біреу сыз қалдырады. Әдемі,пайдалы сөздерді парақ бетіне ғана жазып қоймай өмірде де пайдаланса дейсің ғой. Мінсіз ештеңе жоқ. Дейтұрғанмен адам ғып жаратқасын бір уақ ойланса дейсің. Есеп берсе,өзіне дейсің. Есті дүние іс жүзінде болса дейсің.
Әркім өз жолымен,өзіне тиесілі ғұмырды сүрсе дейсің. Қиын да оңай.


Көп жағдайда адам жанын ауырттым деп емес өз жанымызды қорғап әлек болады екенбіз...


Бір кітап іздеп отырып мобильді қосымша тауып алдым. Өзге елдікі. Ол кітап қай қалада,неше дана,дүкен қайда орналасқан,нешеге дейін жұмыс істейді. Барлық ақпарат тұр. Бізге керек-ақ. Осы жүйе. Жиі кітап іздейміз ғой.


Апельсин қосылған трюфель шоколадымды жеп,ғажап кітап оқып отырған дәл қазіргі сәтім ғажап. Қуанамын. Кітап оқи алатыныма,оны түсіне алатыныма,одан ой түйетініме.


Өткен аптада Канададан келген кітапхана саласына философиялық тұрғыдан кеңес беретін маманмен танысып,пікір алмастық. Цифрлы заманда дәстүрлі формат та сақталу керек деген
менің пікірімді қоштады. Кітапхананың барлық жерде,елде функциясы бір екені даусыз.


Бақыт субъектив нәрсе ғой. Бақыт ұғымын зерттеу институтының пайымын естіген адамдардың алғашқы сұрағы да осы:
Бақыт деген нәрсені бағалауға бола ма?
Ол субъектив дүние емес пе?
Әрине,бақыттың субъектив болуы заңдылық. Менің зерттейтін бұл емес. Зерттеулерімде адамдардың өз өміріне қалай қарайтынын анықтағым келеді.
ПыСы: автор осылай дейді...
#жаңакітап


"Хүггеден" кейін "Лүкке" аударылыпты. Бақытты қоғамның сырын зерделеген кітап.
Қоғам деген халық қой. Халықтың бақыт дегендегі ұғымы қандай болуы мүмкін. Ол әр адамның ұғымынан қалыптасатын дүние.
"Кішкентай ханзадада" ең бірінші өз әлеміңді ретке келтір деген бар ғой. Осыдан басталу керек.


Әлем бойынша заманауи кітаптарды қараймын. Қай тілде шықса да өте қысқа мерзімде орыс тіліне аударылып,тарап кетеді. Сыры неде екен?! Оқырмандар сұранысын зерттеген қаламгер бар ма?!
Жақында "Library podcast" медиажобасын бастаймыз.
Баспалардан,кітап дүкендерінен,қаламгерлерден,әдебиет сыншыларынан,оқырмандардан спикерлер шақырып,көп сұраққа жауап аламыз ба деген жоспарымыз бар.


Әр қаламгердің белгілі бір бағыты болады ғой. Бірақ,оқырманым не қалайды,қай тақырып өтімді,жалпы мені қаншалықты оқиды деген сұрақтар қаламгерде туындауы керек пе? Осы ойландырады...


-Сен ғажап адамсың!
-Солай ойлайсың ба?
-Ойламаймын, шынымен солай ғой!
#меніңданышпаным


Қаңтарды қайырып,ақпанды қарсы алдық. Осылай түрлі табиғат күйімен өзіміз де мың түрлі күй кешіп,оралмас күндерді "орап"жатырмыз. Ол орау қайта ашылмайды. Күн,апта сәтті болсын!

Показано 20 последних публикаций.