Gulzhanginayat


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Цитаты


Мен және менің әлемім🕊

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Цитаты
Статистика
Фильтр публикаций




Адам бейшараны қуанту үшін көп нәрсе де керек емес екен ғой. Көңіл жетсе, бәрі жетеді екен ғой.

Шерхан Мұртаза "Ай мен Айша”


Біреуге ыңғайлы адам болып өмір сүру - өзіңе рұқсат еткен шындығың.

“Сезім күнделігі”


Көңіліңнің кілтін таба алғанға не жетсін?!


“Кездейсоқ ешнәрсе болмайды, белгілі бір ырғақ заңдылығы бар” деген ойдың дәлелін қазір тапқандаймын. Көңілімді басқан қара күздің себебін түсіндім. Кейде жақыным дегенің жалғызсыратқанда, алыстағы адамыңның жаныңды түсінуі бақыт екен ғой.


Дүниеде үміттің үзілгені жаман.

Шерхан Мұртаза "Ай мен Айша"




Өзіңді-өзің жұбатпасаң, өзіңді-өзің жылытпасаң сені кім жұбатады, кім жылытады?

Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша»


Мың арманнан аттап өту керексің,
Бір арманға жету үшін қалайды.

М. Мақатаев






Үлкен бақытсыздық деп жүректің өлуін айтады.

“Ғылыми майдан”


Өз-өзіңді жақсы көр

Бұл өмірде неше түрлі адам бар,
Сен туралы білмей жатып жамандар.
Мына сені жек көреді біліп қой,
Өзін жақсы көре алмайтын адамдар.

Сол үшін де өз - өзіңді жақсы көр!
Алдарынан шықсын десең жақсы жол.
Жақсы жанды жолықтырғың келсе егер,
Ең бірінші өзің сондай жақсы бол.

Мұқағали Мақатаев

8k 0 79 4 155



“Қыз жүрегі жамандықты жолатқысы келмейді”


"Шүкір" деген сөздің адам жанын тыныштандыратын бір қасиеті бар. Д.Карнегидің "Қалай уайымдауды қойып, жаңаша өмір сүруге болады?" деген кітабында бар емес пе: "Дұрыс өмір сүргің келсе, уайымыңды тере берме, жеңісіңді жиі еске ал!" — деген.

Алма Қыраубаева "Жаным садаға"


Өзінің ішкі әлемінен пана таппаған адам басқаны іздейді.

Таласбек Әсемқұлов "Абайдың ұлы жұмбағы"






Жас жігітке таудай талап қою керек.

“Қаныш және ғылыми майдан”

Показано 20 последних публикаций.