🗣
Орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөлінедіМәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымды құру туралы шартты ратификациялау туралы» заңды қабылдады.
Саясат Нұрбектің айтуынша, орыс тілі БҰҰ-ның ресми тілі мәртебесінен бөлек, ТМД, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ОБСЕ), Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШОС), Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) сияқты бірқатар халықаралық ұйымдардың жұмыс тілі саналады.
Дауыс беру нәтижесінде депутаттар аталған заң жобасын қабылдады.
«Республикалық бюджеттен ұйымға жылына шамамен 43 млн теңге бөлінеді. Заңнамаға сәйкес, біз мүше болған халықаралық ұйымдардағы қаржы республикалық бюджеттен бөлінеді.
Ресми процедура біткеннен кейін, заңға Президент қол қойғаннан соң 6 елдің бүкіл министрі жиналып, бұл ұйым қалай жұмыс істейтіні туралы шешім қабылдайды.
2025 жылдың басында негізгі шаралар басталады. (Әр мемлекет) ұйымның бюджетіне қаржы құяды. Қазақстан бөлетін қаржы – 43 млн теңге. Бұл көп емес», - деді министр.
Айта кетейік, Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь, Ресей және Тәжікстан кіреді.
https://t.me/halyquni