INTELLEGIUM


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Telegram


EREKŞE OILANATYNDAR ÜȘIN
Focus on growth.

Büiyrsa jolyģarmyz: @diimosh

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Telegram
Статистика
Фильтр публикаций


Мұсылмандардың атақты да әділетті төрт халифаларының бірі Омар ибн Әл-Хаттаб ақиқатты қорықпай тікелей бетке айтушыларды жақсы көрген.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көзі тірісінде жеке тыңшысы, қәзіргі тілмен айтар болсақ, жеке агенті атанған Мәдиналық сахаба Мұхаммед ибн Мәсләмә еді. Ол сахаба халифалықтың екінші кезеңінде мұсылмандар әміршісі Омар ибн Әл-Хаттабқа қарап:

-Сенің қара қылды қақ жарған әділетті басшы екендігіңді білеміз. Бірақ осы айтқандығыма масайрап, масаттанып қалма. Егер билік еткен жылдарыңда, сен халифтік мәртебеңді ыңғайыңа пайдаланып, халыққа тиесілі қазынадан жымқырылатын қылмысты оқиғалар орын алса, сені қайталап бұрынғы орныңа қойа аламын.

Бұл Мұхаммед ибн Мәсләмәнің айтқан ақиқат әрі ескертпелі сөздеріне Омар халифа ризашылығын білдірген екен.


Несібеңді еншіле. Күнің арайланып, шуағына малын.


Әрбір оқырманның ойына оң өзгеріс пен сәлде болсын серпін бере алғандығым, мен үшін жетістікпен пара-пар.

Өзім оқып өткен тың әрі пайдалы ақпараттарды оқырмандарыммен бөлісе отыратын миссиям, өмірлік режимдерімнің тізімінен орын алған еді. Қателіктерімнен оңбай таяқ жедім, сабақ алдым, үйрендім деп жүрген кеудесінде дыбыс соққылаған, пендешілігі басым адамдардың бірімін.


Таңғы астанып, жұмысыңа, оқуыңа аттан. Оң нәтижемен орал. Мораль құндылығы мен интеллекті бар адамның, кейде ақылды қарға құрлы болмағанына іштей күйініп қаламын.


Ғалымдар өмірінің тұтас бөлігін оқуға арнайды. Олар рахат пен ләззат сезіндіргіш деп бағаланатын дофамин есімді гормонын кітаптарды оқудан, ізденістерден, зерттеулерден алады. Дофамин гормоны қиындықпен әрі еңбектенумен келгенде, оның жемісі де соншалықты тәтті болмақ.


Доңғалағы дөңгеленіп бара жатқан өмір атты өткінші мекенде өзіңнің кіршіксіз сезіміңді былғап, лайлап алмағын. Пәк, тап-таза көңіліңнің қадірін біліп, құнын ұғынатын жан табылмайды емес, түбі табылады.

Ақкөңілділіктің салдарынан опық жеп, кері байланысты адамдардан дәл солай көре алмаған зақымдалған пейіліңді, енді ешкімге арнағың келмейтін ниетіңді түсінемін. Сонда да үміт жібін үзе көрме.
Сен бақытты болуға лайықты жансың.


Олар таңертең ерте оянады. Өмірін өзгертіп жүргеннен емес, кешегі іңірде істейтін іс таппай, ақшам уақытында ақ ұйқыға бас қойғаннан.

Олар таңертең оянады да, үн түнсіз төсегінің басында отырады. Ойсыз. Мақсатсыз. Алға жылжусыз. Асқақ армандарының, қойылған мақсаттарының бәрінің орындалғанынан емес, бүкіл алдындағы армандары құрдымға кеткеннен.

Олар кейде түнде ұйықтамайды. Шабыты шалқып, ұйқы бермегеннен емес, күндік жоспары орындалмай қалғаннан да емес. Оларды жәй ғана инстаграмдағы рилстар, ютубтағы шортстар өзіне тартып, түнгі ұйқысын ұрлайды. Егер де адамдар бір бірінен уақыт алмаса алса, олар бірінші болып өз уақыттарын саудалап жіберер ме еді...

@jazusyemes


Кенесарының орыс өкіметінен бас тарту себебі

Ладыженский: «Патшаның жүрегі тек бір Алланың қолында ғана болғандықтан, Алланың жарлығына көніп, басыңызды жерге тигізіп, құдайға құлшылық етуіңіз керек, сұлтан мырза, өйткені біздің Патша ағзамымыздың осы жарлығында қандай құдіретті күш бар екенін "Құранның" аят-сүресінен оқып біліп, ойланыңызшы: осында жазылған жайларды сіз орындауға міндетті екеніңізді және соны мойныңызға аманат ретінде алуға парыздар екеніңізді шын діндар есебінде сіз мойындарсыз! Сіз ең алдымен Құдайға, содан кейін сол Құдайдың елшісі — Патша ағзамға және сол ағзам бекіткен әкімшілікке бағынуға тиіссіз. Өйткені, Пайғамбардың өзі: "Сендер патша мен әкімдерге сөзсіз бағынуларың керек", — деп өсиет қалдырған».

Кенесары: Сіз мұны өте дұрыс жазып отырсыз, мұнда ешқандай жалғандық жоқ. Бірақ та Алла өзінің құлдарына жеке-жеке пайғамбарлар жіберіп, оларға әртүрлі діни жол ұсынды. Әр пайғамбар өзінің дәргейіндегі халыққа лайықтап заң жасады. Кімде-кім өзі жіберген пайғамбарлардың жазған заңына қарсы келсе, өзінің ұлысын билеп отырған әкімнің айтқанын орындамаса, онда біздің қасиетті кітабымызда жазылғанындай, ол адам ерте ме, кеш пе, әйтеуір Алланың қарғысына ұшырауы тиіс. Сіздер ғой қазір бізді өздеріңіздің патшаларыңызға бодан бол және ол жіберген әкімдерге бағын деп жарлық беріп отырсыздар: алайда осыларыңызды Алла тағала қабыл қылар ма екен? Құдайдың өзі салып берген жолды тастап, басқа жолмен кеткен құлдарын жаратқан Ием қолдай қояр ма екен! Сіздер үшін де, біздер үшін де Алла біреу, тек діни сеніміміз ғана басқа, сондықтан да біздің бодандығымызға көш және бағын дейсіздер, бірақ та ойланыңыздаршы, бұларыңыз дәстүрге сай келе ме? Егер де мен сіздердің бодандықтарыңызға келіссем, онда Алланың тиымына қарсы әрекет істеген боламын, мен Алланың қаһарынан қорқамын және мұсылманшылықтың жолынан тайғаныма қорланамын.

(Дереккөз: Письмо Кенесары 1845 года к Ладыженскому.)

@negizdelgenjol


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
-Ұстай алмайтын, көзге көрінбейтін нәрсені ұстай да, атын атап, жаза да алмайсың.

-"Ауа" деген нәрсе сөз емес қой сонда.


Репост из: INTELLEGIUM
Мұсылмандар өзге дін өкілдері жасап шығарған технологиялық құралдарды пайдаланады. Бірақ өзге дін өкілдеріне кәпір деген атау тағып, оларды кемсітуге даяр. Өзге дін өкілдері мен Құдайсыздар жасаған құралдарды олар қай ғалымдардың еңбегіне сүйеніп жасап шығарды?

Жалпы адам баласы өзінің қолайлы, қолжетімді өмірін табиғи ресурстардан алып, өңдеп отыр. Мұнай, ток, күн энергиясы, энергетикалық атом секілді сарқылатын, сарқылмайтын табиғи ресурстар технологиялық прогресстің негізгі қозғаушы күші деп есептеледі.

"Кәпірлердің жасап шығарған дүниесін пайдаланып отырсыңдар" деп саяз ойланатындарға осындай да орынды сұрақ туындайды.
-олар техногендік құралдарды, заманға сай технологияларды жасап шығаруға қажетті заттарды, табиғи ресурстардан өңдеп, өндіріп алуда. Күн энергиясы мен тоқ жүйесі, мұнай табиғи ресурстардың негізгі бөліктеріне жатады. Құдайдың нәсіп еткен игіліктерін пайдаланып, қолданып, оны жоққа шығаруға ұялмайсыңдар ма?


Репост из: INTELLEGIUM
Орта ғасырларда араб тілін үйренгісі келушілердің саны көпті құрайтын. Себебі орта ғасырдың ғылыми тілі араб тіліне тиесіле еді. Англиялықтар технологиялық жабдықтарының өркендеуі арқасында отарлаушылық саясатын басқыншылық әрекетімен жүзеге асырып, түріктер билеген азулы Осман империясын, басқаша айтқанда мұсылман мемлекеттері жиылған Ислам басшылығын толығымен талқандады. 20 ғасырда, 1900 жылдан әлем жұртшылығы жаңа ғасырлық кезеңге өту процессін бастан кешірді. Әлем билігін жаңа ғасырда қолына алуды көздеген ағылшындар Осман империясына тыңшылар жіберіп, ішінара мұсылман халықтарына іріткілер тудырып отырған. Жоспарлары сәтті орындалып, қанатын кеңге жайған, қара алтын мұнайдың қайнар көздерін иеленген империя атанды.

Британдықтардың жаулап алған территориялары Үндістан, Оңтүстік Африка құрлығынан басталып, Араб жазирасының кейбір бөліктері, Австралия құрлығы аумағынан басталып, Қытай жері Ганконг аймағына дейін жалғасты.

Ең ықпалды мемлекет ретінде, АҚШ-тың өзін алғаш колония етіп құрып берген Британдықтар саналады. Колония- шикізат өндіруге арналған пайдалы жерлеріміз деген мағынаны береді. АҚШ құрамалы штаттардан болғандықтан, үкіметінде ағылшын текті адамдар, оның серіктестері яһудилер отырады. Сайып келгенде тақырыптың түбінен Англиялықтардың үлесі басым екендігін аңғарамыз. Сондықтан да ағылшын ұлтына ҰЛЫ сөзін телу лайықты деп есептеледі. Күн батпайтын империя деп аталуының себебі, олардың бағындырған жерлерінің бір бөлігінде күн батып жатса, келесі аумағында таң атып жататын еді. Яғни, жаулап алынған құрлықтарының көлемі үлкен болғандықтан, барлық аймағында бірдей бір уақытта күн батпайтын еді.

Ағылшындардың ықпалы әліге дейін сақталып келеді. Осы сәтті пайдаланып, ғылыми тілді ағылшын тіліне алмастырды. Жұрт мақтаған Қытайды да тарихта тізе бүктірген ел ретінде әлемге ықпалын жүргізе алды. Америка Құрама Штаттары қәзіргі экономикалық билікті уысында ұстап отырған мемлекет. Айтып өткенімдей, АҚШ-тың үкімет басында ағылшындардың үлесі көп саналады. Яһудилер ағылшындармен жақын байланысатындықтан, АҚШ-тың үкімет басында яһудилер де отырады. Неліктен АҚШ Израильге Палестинадағы геноцидке көмектеседі деген сұрақтың жауабын айтпасам да түсінерсіз деген ойдамын.




Ана құрсағынан нәр алып, қорегін сіңірген адам, дүниеге есігін ашқаннан кейін өмір сүру барысында соншалықты Алланы мойындамайтын кәпір болатындығысы несі?

Ерлан Ақатаев ұстаздың
"Құран дәрежесі" уағызынан үзінді.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Никола Тесланың электр саласындағы ізденімпаздығы һәм өнертапқыштығы адамдардың қолайлы әрі ыңғайлы өмір сүруіне себепші болды.

Оның өнертабысы бүкіл адамзатқа пайдасын берді. Алысқашықтықтан әрбір үй, әрбір мекемеге электр сымдарын тарту арқылы бүкіл тұрғылықты үйлерді айналмалы ток жүйесімен жарықтандырды. Айта кететін жайт, Никола Тесланың айналмалы ток жүйесі өнертабысына көмектесіп, қол ұшын созған әріптесі Джордж Вестингауз.


Мә, шындықпен сергі.🖐🏾


Қансыраған жараның беті қатқанша шыдауға тырыс...


Туабітті болмыстың қабілеті мен таланты, қолдан қалыптасқан тұрақтылық пен жүйелі тәртіптен асып түсе алмайды.

Талант+тұрақты түрде үздіксіз аздан-аздан алға жылжу+соңына дейін жеткіземін деген табанды мінез.

Құр талантпен еңбексіз дамимын дегендердің сандырағы мен ертегісіне ілеспе.

Талантсыз туылып, толықтай жүйелі тәртіп, тұрақтылық, табанды еңбекпен өркендегендер баршылық. Сондықтан да Криштиану Роналдудың спорттық мансабы ғана емес, жеке өміріндегі жүйелі тәртібі де көпшілікке үлгі ретінде таныстырылады.


Сағымды сындырмақшымысың?
Тұра алмастай құлатпақшымысың?

Қателесесің.


Ерсін Әміре ұстаз айтпақшы, миға жиып алған діни мәліметтер иман болып саналмайды. Егер де Құдаймен байланысыңыз дұрыс емес, құлшылықсыз өмірден өткен болсаңыз, басыңызға жиып алған амалсыз білімдеріңіз пайдасын бермейді.


Өткінші дүниеге жүректі байлама, мәңгілік тұрағың болмайтын мекенді жүрегіңе жақындатып алма, асылында сенің өзің де жер бетінде уақытша тірі жүрген жан баласысың.

Мәңгі тұрақ пен мәңгі мекенге аттанатыным есіме түсіп, саналы түрде ұғынсам, кәдімгідей жүрегіме тыныштық орнайтын болыпты.

"Шыдамды бол, сабырлық таныт бауырым, бұл жәй бір уақытша дүние." Шипалы да салмақты сөздер.

Показано 20 последних публикаций.