Ұлыбританияда жұмысқа орналасуға уәде беріп, 76 адамды алдады◾️ Тараз қаласының № 2 сотымен бірнеше рет алаяқтық жасаған азамат М. және И.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды
(ҚК 190-б. 3-б. 4)-т.). Сотпен не анықталды: ◾️ 2022 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін сотталушылар М. және И. жұмыспен қамту орталығында жұмыс істей отырып, азаматтарға Біріккен Корольдікте (Ұлыбритания) ауыл шаруашылығы өнімдерін жинау бойынша жұмысқа орналасу үшін құжаттарды ресімдеу және виза алу қызметтерін ұсынды. Сотталушылар қабылданған міндеттемелерді орындаудың нақты мүмкіндігінің жоқтығын біле отырып, жәбірленушілерге кеңес беріп, олармен жалған шарттар жасасты.
◾️ Аталған кезеңде сотталушыларға жоғарыда көрсетілген қызметтер бойынша 76 азамат жүгініп, ақы төлеген. Жәбірленушілердің ақшасы ұрланған және олар жұмысқа орналастырылмаған.
◾️ Өз қызметтері үшін М. және И. 130 мың теңгеден 1 млн. теңгеге дейін алды. Жоғарыда көрсетілген жәбірленушілерге жалпы сомасы 31 млн. теңгеден астам залал келтірілген.
Тараптардың позициясы: ◾️ Прокурор сотталушыларға 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
◾️ Сотталушы М. өзінің кінәсін толық мойындап, бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.
◾️ Сотталушы И. кінәні мойындамады және қылмыстық ниет пен қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты оны ақтауды сұрады.
Дәлелдемелер бойынша:◾️ Кінә сотталушылардың, жәбірленушілердің айғақтарымен, банк шоттарының үзінді көшірмелерімен, хат-хабарлардың скриншоттарымен, өзге де заттай дәлелдемелермен және іс материалдарымен дәлелденді.
Сот шешімі:◾️ Бір жәбірленушінің эпизоды бойынша сот сотталушыларды дәлелденбегені үшін кінәсіз деп тапты.
◾️ Қалған 76 эпизод бойынша сот ҚҚ 190-б. 3-б. 4)-т. бойынша сотталушыларды кінәлі деп таныды және оларды 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыра отырып, 3 жыл мерзімге жұмысқа орналасуға байланысты кез келген меншік нысанындағы ұйымдарда қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.
◾️ Сот 10 жәбірленушінің азаматтық талап қою арыздарынан бас тартуын қабылдады. Қалған жәбірленушілердің азаматтық талап қою арыздары қанағаттандырылды, М. және И.-ден бірге 66 жәбірленушінің пайдасына ұрланған ақша өндірілді.
◾️ Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Тараз қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі
https://t.me/jambyl_sottary