Фильтр публикаций




«Қаражанбасмұнай» АҚ-ның (ҚБМ) 600-ден астам қызметкері еңбек қауіпсіздігін нығайту және басқару, өндірістегі жазатайым оқиғаларды болдырмау бойынша оқытуға қатысты. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бастамасымен қолға алынған тренингке цех басшылары, жетекші және аға инженерлер, шеберлер мен инженерлік-техникалық қызметкерлер жұмысты қауіпсіз жоспарлау бағытында білімін нығайтты.

Кестеге сәйкес қаражанбастықтарға нұсқаулықты тиімді өткізу жолдары көрсетілді. Сондай-ақ спикер жұмысшыларға қауіпсіздікті қамтамасыз етудің нақты қадамдарынан бастап, өндірістік тәуекелдерді азайту және жалпы еңбек қауіпсіздігі мәдениетін көтеру жолдарын таныстырды. Мұнайшылар үш күнге созылған теория сабақтарынан меңгергенін енді тәжірибеде қолданбақ.

Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмысшылар денсаулығын қорғау – ҚБМ-ның негізгі басымдықтарының бірі. Қарапайым ережелерді сақтап, еңбек қауіпсіздігі мәдениетін арттыруға әр қызметкер жауапты.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Баспаналы болуды көздеп жүрген «Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлері үшін жағымды жаңалық!

Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Отбасы банкі» «Наурыз жұмыскер» бағдарламасын іске қосқанын хабарлаймыз. Бағдарламаға өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салаларында еңбек ететін мамандар қатыса алады.

Негізгі шарттар:
Бастапқы жарна: 10%-дан;
Процент: 9% (әлеуметтік осал топқа 7%);
Депозитте кемінде 2 млн. теңге болуы керек;
Соңғы 5 жылда атыңызда үй болмауы тиіс.

Биыл аталмыш мамандық өкілдеріне 72 млрд. теңге көлемінде 2 440 несие беру жоспарланған. Өтінім 2025 жылдың 17 наурызынан бастап қабылданады.

Толық ақпарат және кеңес алу үшін Ақтау қаласы, 17 ш/а 50 ғимаратта орналасқан банк бөлімшесіне баруға болады.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
«Қаражанбасмұнай» АҚ Бас директоры Нұрпейіс Сәрсенбайдың компания жұмысшыларына Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша үндеуі




Қаражанбас кен орнында 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мұнайшы арулардың таным мен тапқырлығын сынға салатын «Ал қанекей, қыздар!» зияткерлік ойыны өтті. Сайыста бақ сынауға ниет білдірген 6 қатысушы екі топқа бөлініп, білімі мен логикасын сынға салды.
 
Ойын барысында екі  топқа әртүрлі бағытты қамтиытын 14 тақырып бойынша сұрақ қойылды. Әр сауалға жауап ретінде үш нұсқа берілді. Қыздар ой ұшқырлығына сүйеніп, дұрыс жауапты дәл табуға тырысты.  Ал жауаптар сюжет, графика және анимация түрінде көрсетілді.
 
Нәтижесінде материалдық техникалық жабдықтау базасының қойма меңгерушісі Жанар Юсупова, ғылыми зерттеу және өндірістік жұмыстар цехының химиялық талдау лаборанты Айжан Исламова, сондай-ақ №3 мұнай өндіру цехының операторы Бәтима Байсегізовадан құралған команда қарсыластардан басым түсті. Мұндай сайыстар ұжымдық рухты берік етіп, қаражанбастықтардың әріптестік қарым-қатынасын нығайтуға сеп болары сөзсіз.


Репост из: ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
👷‍♀️Гүлнар Сдыхова — «Қаражанбасмұнай» АҚ-да отыз жылға жуық еңбек өтілі бар маман. Қызметін ұңғымаларды ғылыми зерттеу және өндірістік жұмыстар цехында өлшеуші боп бастаған ол кейін мұнай өндіру цехында еңбек етті. Соңғы 25 жыл көлемінде құрылыс-жөндеу цехында сырлаушы болып жұмыс істеп келеді.

👨‍🎨Аталмыш цехтағы еңбек адамдары әмбебап жұмысшы десек артық болмас. Олар сылау, сырлау, нысандарды жөндеу жұмыстарына жауапты. Отбасынан жырақта, ерлермен иық теңестіре қызмет ететін Гүлнар Қаражанбастың көркеюіне үлес қосып келеді.

***

👷‍♀️Гульнар Сдыхова — специалист с почти тридцатилетним стажем работы в АО «Каражанбасмунай». Свою трудовую деятельность она начала в цехе научных исследований и производственных работ замерщицой, затем продолжила работу в цехе добычи нефти. Последние 25 лет Гульнар трудится маляром в строительно-ремонтном цехе.

👨‍🎨Трудящиеся этого цеха считаются универсальными рабочими — они отвечают за штукатурные, малярные и ремонтные работы на объектах. Находясь вдали от семьи и работая наравне с мужчинами, Гульнар вносит свой вклад в процветание Каражанбаса.

📱 ҚазМұнайГаз


Құрметті «Қаражанбасмұнай» АҚ арулары!
 
Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
 
Қазақ халқы қашаннан қыз баласын сыйлап, оларға ерекше құрмет көрсеткен. Себебі тұлымы желбіреген қыз - ертеңгі бойжеткен, аяулы жар, ардақты ана. Сіздер жаратылысыңыз нәзік болса да,  мейірім мен төзімнің, еңбекқорлық пен адалдықтың нышанысыздар.
 
Өлкеміздің қара алтынын өндіруге ерлермен қатар еңбек етіп, қызметте табандылық танытып, компаниямыздың абыройын арттыруға қосып келе жатқан өлшеусіз үлесіңіз үшін алғысымыз шексіз.
 
Деніңіз сау, отбасыңыз аман, қызметіңіз табысты, көңіліңіз әрқашан көктем күніндей көрікті болсын!
 
Құрметпен,
«Қаражанбасмұнай» АҚ Басқармасы


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Репост из: ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
▶️«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы А.Хасеновтің 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

***

▶️Поздравление председателя Правления АО НК «КазМунайГаз» А.Хасенова с Международным женским днем — 8 марта

📱 ҚазМұнайГаз


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram






ҚАРАЖАНБАС АРУЛАРЫ – МҰНАЙЛЫ МЕКЕН МАҚТАНЫШЫ!
 
Көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) қыз-келіншектері құрметке бөленді. Салтанатты шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Ақтау қаласындағы өкілдігі мен ҚБМ басшылығы, қос кәсіподақ төрағасы, кен орнында және орталық кеңседе жұмыс істейтін барлық нәзік жанды мен мердігер мекеме қызметкерлері қатысты. Басшылар ел ырысын еселеуге ерлермен қатар еңбек етіп жүрген Қаражанбас аруларын мерекемен құттықтап, олардың компания құндылықтарын насихаттаудағы кәсіби біліктілігі мен жұмысқа жауапкершілігін ерекше атап өтті.
 
«Сіздерді өздеріңізге ең жақын мерекемен құттықтаймыз. Ана - өмірдің бастауы болғандықтан, әр қыз баласының қоғамдағы орны ерекше. Сондықтан сіздерге көрсетілетін құрмет өлшеусіз. Әр атқан таңыңыз арайлы, шыққан күн берекелі, қызметіңіз табысты болсын. Шаңырақтың ұйытқысы болып жүре беріңіздер, отбасыңыздың жылуы өшпесін!»,- деді Бас директор Н.Сәрсенбай.
 
ҚБМ-да 337 қыз-келіншек еңбек етеді. Олардың 172-сі өндіріс басында вахталық әдіспен жұмыс істесе, 165 маман орталық кеңседе жұмысты тиімді ұйымдастыру мен құжат айналымы сияқты бірқатар маңызды міндеттерді орындауға атсалысады. Қиын да қызықты саланы серік еткен мұнайшы қыздар «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ естелік белгісі, Маңғыстау облысы әкімі, Түпқараған ауданы әкімі мен ҚБМ Басқармасының Құрмет грамотасы, алғыс хаттарымен марапатталды.
 
«Жылына бір келетін мерекемізде құрмет көрсетіп жатқан компания басшылығына, Қаражанбас жігіттеріне алғысымыз шексіз. Алған марапатымыз біз үшін зор құрмет, жылдар бойы атқарып келе жатқан еңбегіміздің жемісі деп білеміз. Мұнайшы мамандығы – қыздар үшін оңай емес деп жатады. Дегенмен өз ісімізге деген сүйіспеншілік, ұжымның қолдауы мен еңбегімізді бағалауы бізге ерекше шабыт пен қызметімізге құлшыныс сыйлайды»,- деді марапат иелері.
 
Мәртебені биіктеткен марапат, ақтарылған алғыс, құшақ-құшақ гүл... Мұның бәрі Қаражанбас қызғалдақтарына ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Шара өлке өнерпаздары мен еліміздің эстрада әншілерінің концертіне ұласты. Өнер иелері мұнайлы мекеннің қара алтынын игеруге елеулі үлес қосып жүрген аруларға тыңдарман көңілінен шыққан танымал әндерін тарту етті.  





Показано 16 последних публикаций.