БАЙ БОЛҒАН – ЖАҚСЫ. КЕДЕЙ БОЛҒАН – ЖАМАН
Біздің ел кезінде Исламмен мықты өркендеп келе жатыр еді. Алғашқы мектептер ашылып, бала оқыту жүйелі іске айналып, байлар білімнен қаржы аямай, іргелі іс жүзеге асып жатқан. Бірақ түрлі рудан құралған елдің бір идеяның астында бірігуі қиын боп, соғыс құралдары жаңармай, көршінің отарына айналып кеттік. Сол кезде бізді түгелдей тамырымыздан ажыратып, адамдықты жою үшін Ислам дінін бейшара ғып көрсетуге тырысты. «Мұсылман адам кедей болады. Бай дегенің – алаяқ, біреуден зорлықпен тартып алып, дүние жинайды. Кедей болсаң, ақыретте есебің да жеңіл, байлардан 500 жыл бұрын жәннатқа кіресің. Ақша – лас. Дүние – кір» деп санаға сіңірді.
Оның нәтижесі де көп ұзаған жоқ, көріне бастады. Ақырында тақыр кедейлер көбейіп, кедей болу – жалқаулыққа ұласты. Елімізде қайыршы диуаналар қаптап, ұрлық-қарлық көбейді. Кедейдің ақылы таяз, білім алуға ақшасы жоқ. Кейбіреуде дүние болуы мүмкін, бірақ рухани кедей. Содан еліміздің байлықтарын шикізат күйінде болмашы ақшаға шетел асырды.
Мынадай оқиғаның куәсі боп едім. Мектеп салуға әкелінген 100 мың тг тұратын токты (провод) өртеп, ішіндегі мысты килограммдап, түсті металл қабылдайтын жерге 10 мың теңгеге өткізген.
Қазір енді білімге ашық қол жеткізе бастадық. Мына «Кәсіпкер сахабалар» деген кітапты оқып отырып таңғалдым. Біз «ойбай, бұдан өткен тақуа адам жоқ, иманы деген шыңға жеткені соншалық – көздегі перде шешілсе де, иманы артпайды» деп жүрген сахабалардың көпшілігі долларовый миллиардер (!) болған екен. Абдуррахман ибн Ауф, Әбу Бәкір, Сағд бин Әбу Уаққас, Талха ибн Убайдулла... Дүниеден өткенде балаларына мұра ғып, миллиардтаған алтын теңгелер (динар), күміс теңгелер (дирхам), гектар-гектар жерлер, пәленбай миллион доллардың жемісін беретін құрма бақтары, жылжымайтын мүліктер қалдырған. Ғажап!
Сөйтсек, бай болу керек екен. Байлар ғана мектеп, аурухана, жол, су құбыры, электр жарығы, зауыттар, егін алқаптары, компаниялар ашып, сол өңірдің дамуына, баюына, жұмысшы күшінің пайда болуына себепкер болады екен. Бай болу жақсы екен, тек жүрекке кірмесе, қолда тұрса болды.
Сахабалардың көпшілігі былай дұға еткен: «Е, Аллам! Дүниені ойлап уайымдамауым үшін маған оны көп қып бер. Және оны тек қолыма бер».
Толығырақ «Кәсіпкер сахабалар» кітабынан оқи аласыздар. Тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз:
https://clck.ru/3B7ie3 @kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kzуатсап 8-777-572-22-33