Кітапсүйер


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Книги


Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..
✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Книги
Статистика
Фильтр публикаций


Кейде тыныштықтың даусы үйдегі ұл қызыңның шулағанынан да қатты естіледі. 🧸

4k 1 1 3 125

Күлімсіреу - жүрегіміздің зекеті. ❤️👍


Ішкі хәліңді тыныш бір жайбарақат күйге түсір де, сол қалпыңнан тайма. Әр нәрсеге ашуланба! 🧋

Өйткені бәрібір өлесің!
*Әзіл


Әр адам өз таңдауына жауап беруші. Таңдау + сол үшін жауапты болу = Есею.

(Сол жолда жетістікке жету/құрбан болу) 💚


Әлемде сен қалай бар болсаң, 100 пайыз солай қабылдай алатын жалғыз адам бар. Ол сенің — анаң! Оған қамқор бол. 💚


Кейде адамның тілінен шығуға батылы жетпеген сөздер – жүрегіне барып дауылға айналады. 💔


🍂 Қанша үлгілі болсаң да, сені ұнатпайтындар болады. Шайтандар тіпті періштелерді де ұнатпайды!

4.1k 1 20 1 109

Адамдар шынайы жүздерін сізден қалаған нәрсесін ала алмаған кезде көрсетеді.

✍️ Америкалық жазушы:
Ч. Буковски

6.7k 1 39 3 149

Қанша уақыт өтсе де, адал махаббат күтуге тұрарлық...! 🫗

6.3k 1 32 1 145

😍 Махаббаты зор адамның сынағы үлкен болады...

6k 1 24 2 112

Біз сіздермен

1️⃣2️⃣ 0️⃣0️⃣0️⃣

Оқырман болдық достар!
Әр қайсыңа жеке алғыс 🥳

7.7k 1 3 15 265

Бәріміз білетін, бірақ, амал жасауда көбімізге қиынға соғып жүрген бір кішкентай амал бар. Ол — Күлімдеу! ❤️

@Kitapsuyer❤️


Адамға ең зияны – бос жүру. Өйткені эго әрекетсіз жүре алмайды. Егер сіз өз нәпсіңізді пайдалы жұмысқа бағыттамасаңыз, ол міндетті түрде зиянды нәрселермен айналысады.

@Kitapsuyer 💚


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram



8.4k 1 225 14 23

Бұл кітапта ХХІ ғасырдың ең үлкен проблемасына айналған экзистенциялық фрустрацияның қазақ қоғамындағы пайда болуы мен таралу себептеріне экзистенциялық анализ жасалады. Әлем бойынша өзінің тарихи жадынан айырылып, ана тілі мен төл мәдениетінен көз жазып қалып, рухани тоқырауға тез ұрынған халықтың бірі – қазақ жұрты. Жалпы адам болмысының іштен бөлшектенуі ХХІ ғасырда жаппай белең алған қауіпті құбылыс саналады. Әзірге өз мәдениеті мен тарихы терең тамырына үңілуге қабілетті, сауатты елдер ғана бұл дертпен сәтті күресіп жатыр. Біз де осының қазақша нұсқасын жасадық. Кітап қазақ мәдениеті мен танымына қызығатын оқырмандарға арналады.

❤️ Қуыс кеуде
💚 Санжар Керімбай

@Kitapsuyer 💚


Көше

Көше – толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таныс та, жат дауыс та.
Біреу түсіп келеді "Волгасынан"
Біреу мініп жатқаны автобусқа.

Көше – толқын, жатқандай Арыс тасып.
Біреу мығым, біреулер шалыс басып,
Жаңа ғана екі адам айрылысқан
Жолмен екеу келеді қол ұстасып.

Алғандай-ақ көшеден шабыт анық,
Құс сайрайды бұтақта жағы талып.
Бесік алып біреулер өткен жолмен
Бара жатыр біреулер табыт алып.

Бәлкім, бір жан тыныштық тапты бүгін,
Тыңдашы анау сәбидің шаттық үнін.
Бір көшенің бойында-ақ байқарсың сен
Қаттылығын өмірдің, тәттілігін.

❤️ Күләш Ахметова

❤️ @Kitapsuyer


Өмір – сен дүниеге келген кезде емес, сен есіңді жиған кезде басталады. Және ол сен өлгенде емес, сенің рухың сөнген кезде аяқталады.

PS: Рухың сөнбесін…🩷

@Kitapsuyer ❤️


🌸Шындығы үшін жазаланған адам, өтірік айтуды үйрене бастайды.

6.6k 1 23 3 138

Ең қиыны уақыт өтіп, күн сайын қартайып бара жатқан жалғыз сен емес. Саған үміт артып отырған ата анаң да қартайып жатыр… 🍁

Показано 20 последних публикаций.