ҚазМұнайГаз және MOL Group өзара ынтымақтастықты кеңейтуде
📍 Будапешт қаласында (Мажарстан) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов MOL Group басшысы Жолт Эрнадимен кездесу өткізді. Тараптар «Рожков» кен орнын тұтастай игеруге ерекше назар аудара отырып, екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелерін және бірлескен жобаларды іске асырудағы жоспарларды талқылады.
📊 ҚазМұнайГаз және MOL Group серіктестер болып табылатын кен орнында ағымдағы жылдың 10 айында 222 млн текше метр газ және 166 мың тонна конденсат өндірілді. Компаниялар газдың жылдық өндірісін 700 млн текше метрге, ал конденсатты — 400 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін жобаның 2-кезеңі бойынша тұтастай игерілуін жеделдетуге бағытталған жұмыстарды жүргізуде.
Кездесуге қатысушылар геологиялық барлау саласындағы стратегиялық әріптестікті кеңейтудің маңызын атап өтті. Сонымен бірге игерудің соңғы сатысындағы кен орындарының тиімділігін арттырудың мүмкіндіктері талқыланды.
🤝 Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанда мұнай-газ саласын дамытуға ықпал ететін, сондай-ақ халықаралық нарыққа шығу үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын негізгі бағыттар бойынша стратегиялық әріптестікті нығайтуға уағдаласты.
✔️ Тәжірибе алмасу және инновациялық технологияларды зерттеу үшін ҚМГ делегациясы MOL Group Chemicals өндірістік нысандарына, сондай-ақ Тисауйварош қаласындағы полиол өндіретін MOL Polyol Complex зауытына барды.
📱 ҚазМұнайГаз