ҚР ҰҚК / КНБ РК 🇰🇿


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Новости и СМИ


Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
——————————————
Комитет национальной безопасности Республики Казахстан

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


❗️БАҚ-тағы жарияланымға қатысты

🔹2024 жылғы 12 қыркүйекте БАҚ-та және әлеуметтік желілерде Қырғызстан құрамасының көкпар ойыншысына ҰҚК қызметкері қысым көрсеткені туралы ақпарат таралды.

🔹Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

🔹ҰҚК қызметкерлері 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан жоқ.

🔹Тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз.


✅ҰҚК баспасөз қызметі

____________

❗️В отношении публикации в СМИ

🔹12 сентября 2024 года в СМИ и социальных сетях распространена информация об оказанном на игрока сборной Кыргызстана по кокпару давлении со стороны сотрудника КНБ.

🔹Данная информация не соответствует действительности.

🔹Сотрудники КНБ участие в обеспечении общественного порядка в ходе проведения 5-ых Всемирных игр кочевников не принимали.

🔹Рекомендуем доверять только официальным источникам информации.


✅Пресс-служба КНБ


❗️Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша қабылданудағы шаралар туралы
💠 А.ж. тамызында ҰҚК материалдарының негізінде Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аймақтағы қылмыстық ортаның жетекшілерінің біріне үкім шығарды.
💠 Ол кісі өлтіруге әрекеттенді деген айыппен 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Көрсетілген қылмыстық іс бойынша тергеудің тағы бір қатысушысы сот шешімін күтуде.
💠 Жалпы, ү.ж. басынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен бірлесіп және Бас прокуратураның үйлестіруімен республиканың бірқатар өңірінде 15 қылмыстық топтың заңсыз әрекетін тоқтатты.
💠 60 адам, оның ішінде деструктивті діни ағымдардың өкілдері, жергілікті және шетелдік қылмыскерлер, сондай-ақ жазасын өтеп жатқан адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
💠 Олар кісі өлтіруге әрекеттенді, қылмыстық топты басқарды және оған қатысты, қарақшылық жасады, бопсалады, есірткіні заңсыз сақтады, қару-жарақпен айналысты, адамды ұрлады, сондай-ақ заңсыз құмар ойындар бизнесін ұйымдастырды деген күдікпен айыпталуда.
💠 20-дан астам атыс және жарақат салатын қару тәркіленді.
💠 Қылмыстық топтардың 5 қатысушысы сот органдарының шешімімен түрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырылды.
💠 Қалғандары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер мен сот процестері жүргізілуде.

✅ ҰҚК баспасөз қызметі
_______________________

❗️ О принимаемых мерах по борьбе с оргпреступностью
💠 В августе т.г. на основании материалов КНБ специализированным межрайонным судом по уголовным делам Кызылординской области вынесен приговор одному из лидеров криминальной среды региона.
💠 Он осужден к 12 годам лишения свободы по обвинению в покушении на убийство. Еще один участник расследования по указанному уголовному делу ожидает решения суда.
💠 В целом, с начала т.г. Комитетом национальной безопасности во взаимодействии с полицией и при координации Генеральной прокуратуры в ряде регионов республики пресечена противоправная деятельность 15 преступных групп.
💠 Привлечено к уголовной ответственности 60 человек, в том числе представители деструктивных религиозных течений, местного и иностранного криминалитета, а также отбывающие наказание лица.
💠 Они подозреваются в покушении на убийство, руководстве и участии в преступной группе, разбойных нападениях, вымогательстве, незаконном хранении наркотиков, сбыте оружия, похищении человека, а также организации нелегального игорного бизнеса.
💠 Всего изъято более 20 единиц стрелкового и травматического оружия.
💠 5 участников преступных групп решением судебных органов уже приговорены к различным срокам лишения свободы.
💠 По остальным проводятся досудебные расследования и судебные процессы.

✅ Пресс-служба КНБ




❗️ ҚАЖД қызметкерлерін ұстау туралы
💠 ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде.
💠 Лауазымды адамдар ҚР Қылмыстық кодексінің 361 (Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану), 362 (Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) және 366 (Пара алу) баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деп күдіктелуде.
💠 Сот санкциясымен 3 қызметкерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
💠 Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
💠 Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

✅ ҰҚК баспасөз қызметі

________________

❗️ О задержании сотрудников ДУИС
💠 Департаментом КНБ РК по г.Алматы проводится досудебное расследование в отношении руководства и сотрудников Департамента уголовно-исполнительной системы по г.Алматы.
💠 Должностные лица подозреваются в совершении уголовных правонарушений, предусмотренных статьями 361 (Злоупотребление должностными полномочиями), 362 (Превышение власти должностных полномочий) и 366 (Получение взятки) Уголовного кодекса РК.
💠 С санкции суда в отношении 3-х сотрудников избрана мера пресечения в виде «содержания под стражей».
💠 Иная информация в соответствии с частью 1 статьи 201 Уголовно-процессуального кодекса РК разглашению не подлежит.
💠 Следственно-оперативные мероприятия продолжаются.

✅ Пресс-служба КНБ




❗️ Қару-жарақ пен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына
қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс нәтижелері туралы

💠 А.ж. шілде-тамызында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас Прокуратураның үйлестіруімен Астана және Щучинск қалаларында атыс қаруы мен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына қатысы бар бір топ адамдардың заңға қайшы әрекетінің жолын кесу бойынша іс-шаралар өткізді.
💠 Астанада жүргізілген тінтулер барысында қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған 2 «Калашников» автоматы мен 43 оқ-дәрі, Щучинскіде – 7 атыс қаруы, 4 тапанша және 1500-ден астам түрлі калибрлі оқ-дәрі алынды.
💠 Сот-баллистикалық сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.
💠 Жалпы биылғы жылдың басынан ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп қарудың заңсыз айналымының 13 арнасын, сондай-ақ оны жасырын жасайтын 2 цехты жойды.
💠 41 автомат, 203 мылтық, 121 тапанша, 57 қол гранатасы, 1 гранататқыш, 44 жарылғыш құрылғы және әртүрлі калибрдегі 11 138 патрон тәркіленді.
💠 Қарудың заңсыз айналымымен күрес бойынша іс-шаралар жалғасуда.


✅ ҰҚК Баспасөз қызметі
___________________________

❗️ О результатах работы по противодействию незаконному обороту оружия и боеприпасов

💠 В июле-августе т.г. КНБ при координации Генеральной прокуратуры проведены мероприятия по пресечению противоправной деятельности группы лиц, причастных к незаконному обороту огнестрельного оружия и боеприпасов в городах Астане и Щучинске.
💠 В ходе обысков в столице изъяты 2 автомата «Калашникова», похищенных при январских беспорядках, и 43 боеприпаса, в Щучинске – 7 единиц огнестрельного оружия, 4 пистолета и более 1 500 боеприпасов различного калибра.
💠 Назначены судебно-баллистические экспертизы, проводятся досудебные расследования.
💠 Всего с начала текущего года КНБ совместно с органами полиции ликвидированы 13 каналов незаконного оборота оружия, а также 2 цеха по его кустарному изготовлению.
💠 Изъяты 41 автомат, 203 ружья, 121 пистолет, 57 гранат, 1 гранатомет, 44 взрывных устройства и 11 138 патронов различного калибра.
💠 Мероприятия по борьбе с незаконным оборотом оружия продолжаются.


✅ Пресс-служба КНБ






❗️Есірткі зертханасын жою туралы

🌐 А.ж. тамызында ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен Шымкент қаласында синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхананың әрекетін тоқтатты.
👮‍♂️ Есірткі заттарының кезекті партиясын дайындау кезінде екі шетелдік ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
💊 Шамамен 4 кг «мефедрон» психотроптық заты, 50 литр прекурсор, шетел валютасында ақшалай қаражаттың ірі сомасы, сондай-ақ «синтетика» дайындауға арналған зертханалық жабдық алынды.
⚖️ Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
🔒 Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

✅ҰҚК баспасөз қызметі

--------------------------

❗️О ликвидации нарколаборатории

🌐 В августе т.г. Департаментом КНБ по Туркестанской области при координации органов прокуратуры в г.Шымкенте пресечена деятельность подпольной лаборатории по производству синтетических наркотиков.
👮‍♂️ С поличным в момент изготовления очередной партии наркотических средств задержаны и с санкции суда взяты под стражу два иностранца.
💊 Изъято порядка 4 кг психотропного вещества «мефедрон», 50 литров прекурсоров, крупная сумма денежных средств в иностранной валюте, а также лабораторное оборудование для изготовления «синтетики».
⚖️ Проводится досудебное расследование по части 3 статьи 297 Уголовного кодекса.
🔒 Иная информация в соответствии с частью 1 статьи 201 Уголовно-процессуального кодекса разглашению не подлежит.

✅Пресс-служба КНБ



Показано 10 последних публикаций.