Library ENU


Гео и язык канала: Казахстан, Русский
Категория: Книги


• Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің ғылыми кітапханасы
• Научная библиотека Евразийского Национального Университета имени Л.Н.Гумилева
• L.N.Gumilyov Eurasian National University Scientific Library

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Русский
Категория
Книги
Статистика
Фильтр публикаций


“Мұқағали – мәңгілік ғұмыр” әдеби шарасы

Қадірлі оқырмандар мен әдебиетсүйер қауым!
Сіздерді Ғылыми кітапхана мен Старосталар кеңесінің ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының Хантәңірі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай өтетін “Мұқағали – мәңгілік ғұмыр” атты әдеби кешке шақырамыз.

Бұл кеште жыр сүйер жастар Мұқағали мұрасын дәріптеп, ақынның жүрек тербер өлеңдерін оқып, оның мәңгілік жыр әлеміне бойлайды.
Ақын мұрасы – ұлттың қазынасы. Ендеше, әдебиет әлеміне бірге саяхат жасап, Мұқағали жырының шырағын бірге жағайық! Баршаңызды рухани кеште күтеміз!

📅 8 ақпан, 11:00
📍 Ғылыми кітапхана, Ақселеу Сейдімбек залы

#мұқағалимақатаев #мұқағалимәңгілік #поэзия


📢 ХАБАРЛАНДЫРУ

📅 14 ақпан күні Ғылыми кітапхана мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әскери кафедрасының ұйымдастыруымен Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылуына орай «Отанды қорғау – азаматтық борышың» атты тәрбие сағаты өтеді.

🔹 Шара барысында:
✅ Ауған соғысының ардагерлері ерлік пен патриотизм туралы тағылымды әңгіме өрбітеді;
✅ Тарихи деректер мен естеліктер баяндалады;
✅ Қатысушылар ардагерлермен еркін сұхбаттасып, сұрақтарын қоя алады.

📍 Өтетін орны: Ғылыми кітапхана, 2 оқу залы
⏰ Басталуы: 14 ақпан 11:00

⚡ Баршаңызды тағылымды кездесуге шақырамыз!

@enugumilyov_official
@erlan_sydykov_rector
@jambyl_tilep

#ғылымикітапхана #отан


📢 ЕҰУ студенттері арасында эссе байқауы!

Құрметті оқырмандар, Ауған соғысының ардагері, ғалым-журналист Біржан Белғара атындағы «Ауған соғысының жылнамасы: кітаптар мен деректер» қорының ұйымдастыруымен “Ауған соғысы: тарих және тағылым” атты эссе жазу байқауы өтетінін хабарлаймыз!

🔹 Байқаудың мақсаты:
✅ Студенттердің патриоттық рухын көтеру.
✅ Ауған соғысы ардагерлерінің ерлігін насихаттау.
✅ Бейбіт өмірдің құндылығын бағалауға баулу.

📌 Қатысу шарттары:
✅ Эссе жанры (көркемдік немесе деректік стиль).
✅ Көлемі: 1-1,5 бет (Times New Roman, 14 кегль, 1.5 аралық).
✅ Жұмыстар 12 ақпанға дейін jakeykhanarmanbek@gmail.com поштасына жіберілуі тиіс. (Байқауға материалмен бірге өз есіміңізді және байланыс телефоныңызды қоса жіберуді ұмытпаңыз.)

🏆 Жеңімпаздар 14 ақпанда марапатталады!
1️⃣ орын – 🎁 + 🏆
2️⃣ орын – 🎁 + 🏆
3️⃣ орын – 🎁 + 🏆
Барлық қатысушыларға диплом мен алғыс хат табысталады.

📞 Қосымша сұрақтар: +7 (707) 365 3449.

✍️ Өткенді ұмытпай, ерлікті ұлықтайық!

@enugumilyov_official
@erlan_sydykov_rector
@jambyl_tilep

#АуғанСоғысы #ЕҰУ #ЭссеБайқауы




Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Бүгін ғылыми кітапханада «Адал жүрек» әлеуметтік жобасының жетекшісі Айдын Ізбасармен “Сана трансформациясы: Қазақ ойшылдарының технологиялары мен заманауи бизнес үдерістері” тақырыбында шеберлік сабағы өтті.

Мастер-класс барысында адамның өмірдегі әрбір ісінің нәтижесі жүректің тазалығына байланысты екені айтылды. Жүрек пен ой тазалығын сақтамай, шынайы адам болып қалыптасу мүмкін емес. Қазақтың кемеңгер ойшылдарының даналығымен үндескен бұл көзқарас қазіргі заманғы бизнес үдерістерімен сабақтастырылып, жастарға терең ой салды.

Шараға қатысқан студенттер рухани әрі интеллектуалды тұрғыда ерекше әсер алып, өздерін дамытуға, саналарын жаңғыртуға деген мотивацияға ие болды. Осындай кездесулер жас ұрпақтың тұлғалық қалыптасуына, ұлттық құндылықтарды жаңаша ұғынуына үлкен ықпал етеді.

#ғылымикітапхана #адалжүрек


“Мұхтар Мағауин – қазақ әдебиетінің асқақ шыңы. Оның шығармалары ұлт рухын, тарихын, болмысын тереңнен толғайды.

Ал сіз жазушының қандай шығармаларын оқыдыңыз?👇

#мұхтармағауин #ғылымикітапхана

@enugumilyov_official
@erlan_sydykov_rector


📌При написании научных работ важно соблюдать ГОСТы и стандарты оформления, включая правильное цитирование и составление библиографических списков. Для эффективной работы с источниками литературы, оформления ссылок международные издательства предлагают различные инструменты, в т.ч. сервисы автоматизации работы с библиографией.
Наиболее известны такие библиографические менеджеры, как Mendeley, EndNote и Zotero от наукометричеких платформ Scopus и Web of Science, содержащих огромные объемы научной информации. Библиографические менеджеры поддерживают прямую выгрузку метаданных научных работ с обозначенных БД, что позволяет ускорить процесс работы с литературой и ее организацию. Zotero позволяет легко экспортировать источники через любой интернет-браузер и синхронизировать данные на разных устройствах.
Преимущества библиографических менеджеров
Автоматизация импорта данных из Scopus и Web of Science.
Упрощение цитирования с поддержкой различных стилей, включая ГОСТ.
Синхронизация между устройствами для удобства работы в любом месте.
Совместная работа в исследовательских группах.
Организация источников и быстрый доступ к материалам.
Предоставление бесплатного облачного хранилища для данных.
Отсутствие необходимости в отдельной регистрации.
#libraryenu #enu




Алдағы Ақпан айында оқуға болатын кітаптар тізімі. Әрқайсысы ерекше әсер қалдырады деп сенеміз. Егер сіз де оқыған болсаңыз немесе тізімге қосуға кеңес беретін кітабыңыз болса, пікір қалдырыңыз. Бірге оқып, ой бөлісейік!😊

#кітап #ақпандаоқитынкітап


Еуразия Ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасы жаңа құнды басылыммен толықты. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Жазықбаев Дархан Медеғалиұлы өзінің “Әділетті Қазақстан – адал азамат” атты кітабын кітапхана қорына сыйға тартты.

Бұл кітапта әділетті қоғам құру жолындағы азаматтық құндылықтар мен мемлекетті басқару саласындағы маңызды идеялар баяндалған. Сонымен қатар, оқырманға адалдық, жауапкершілік және әділдік қағидаттарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Ғылыми кітапхана атынан Дархан Медеғалиұлына шын жүректен алғысымызды білдіреміз! Бұл еңбек университет студенттері мен оқытушыларына еліміздің болашағына үлес қосатын азамат ретінде ой түйіндеуге зор мүмкіндік береді.

📌 Кітапты Ғылыми кітапханадан оқуға болады.

@enugumilyov_official
@erlan_sydykov_rector
@jambyl_tilep

#ғылымикітапхана #сыйғакелгенкітаптар


Құрметті оқырмандар!
Сіздерді кітап сүйерлердің шарасына қатысуға шақырамыз! “Шын жүректен кітап сыйла” акциясы – тек кітаптарды ғана емес, білім мен мейірімділікке деген махаббатты бөлісетін күн.

Шарада сізді күтеді:
📖 Сыйға берілген кітаптардың ерекше көрмесі
🎁 Кітап алмасу мүмкіндігі

📌 Акцияның мақсаты – кітап оқуды насихаттау және адамдар арасындағы рухани байланысты нығайту.

Жан дүниеңізді рухани байытып, өзгеге шабыт сыйлағыңыз келсе, сізді осы шарада күтеміз!

Келіңіздер, бірге шабыттанайық! 😊

📅 Өтетін күні: 14 ақпан 15:00
📍 Өтетін орны: ЕҰУ Ғылыми кітапханасы, 2 оқу залы

@enugumilyov_official
@erlan_sydykov_rector

#ғылымикітапхана #шынжүректенкітапсыйла #кітап


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасы тағы бір құнды қормен толықты. Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы басқаратын Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты кітапханаға «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан тарихы ғылымы: тарихнама проблемалары» атты үш аталым бойынша 300 дана кітап сыйға тартты.

Бұл кітаптар Қазақстанның тәуелсіздік кезеңіндегі тарих ғылымының өзекті мәселелерін зерттеп, терең талдаған құнды еңбектерді қамтиды. Университет оқытушылары, зерттеушілері және студенттері үшін бұл еңбектер ғылыми-зерттеу жұмыстарына және білім беру үдерісіне таптырмас құрал болмақ.

Кітапхана атынан Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтына ризашылығымызды білдіреміз! Бұл сыйлық кітапхана қорын байытып қана қоймай, ұлттық тарихымызды зерттеу мен зерделеу ісіне зор үлес қосады.

Келіңіздер, тарихымызды бірге танып-білейік!

@enugumilyov_official
@jambyl_tilep
@library_enu

#ғылымикітапхана #кітап


📚Желтоқсан айында Ең көп оқылған кітап жобасы бойынша

1. Тажибаева Ж.О. Бренд-менеджмент : оқу құралы. - Астана : Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2024. - 116, [2] б.. - 245, [3] б.
2. Фендт Ю.Б. Ғимараттар мен үймереттерді тексеру және құрылымның физикалық тозуын бағалау. - Алматы : Альманах, 2018. - 127, [1] б..

✨Ең белсенді оқырмандар жобасы бойынша

1. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Тарих факультетінің 1 курс студенті Айтмухамбетов Данияр Аликович
2. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Филология факультетінің 1 курс студенті Баймұханбет Нұрай Нұрланқызы

⭐Құрметті оқырмандар, кітап оқыңыздар, осы жобаға қатысып, қаңтар айының ең үздігі болыңыздар.🤗

#libraryenu #enu


Құрметті Еуразия Ұлттық университетінің ұжымы!
Сіздерді Жаңа 2025 жылмен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа жыл Сіздерге зор қуаныш, мол табыс және сәттіліктер әкелсін. Шаңырақтарыңызға бақ-береке тілейміз.
Жаңа жыл құтты болсын!

Ізгі тілекпен,
Ғылыми кітапхана ұжымы


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Қазақтың қарымды қаламгері, ақын, халық жазушысы — Фариза Оңғарсынованың туғанына биыл 85 жыл.

Фариза 1939-шы жылы 25-ші желтоқсанда Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында дүниеге келген.
Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. 1984-ші жылы «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

#фаризаоңғарсынова #ғылымикітапхана


📌Уважаемые исследователи! С 25 декабря 2024 года ЕНУ им. Л. Н. Гумилева предоставляет доступ к научным журналам издательства Cambridge University Press. БД «Cambridge Core» предоставляет доступ к академическому контенту от Cambridge University Press. Ресурс включает публикации научной, образовательной и профессиональной литературы, также материалы, связанные с разработкой и проведением международных экзаменов, включая экзамены по английскому языку (Cambridge English). Для исследователей ЕНУ им. Л.Н. Гумилева доступен контент 444 рецензируемых академических журналов по естественным, техническим, гуманитарным, социальным наукам, а также по бизнес и управлению с полным архивом с 1997 г..

🔗https://www.cambridge.org/core

#libraryenu #enu



Показано 17 последних публикаций.