ФАРИЗАМЕН HARMONY КҮНДЕЛІГІ ✨✍🏻


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Психология


Фариза Төреәлінің Harmony күнделігімен ГАРМОНИЯҒА, АРМАНЫҢЫЗДАҒЫ ӨМІРГЕ қол жеткізіңіз✨

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Психология
Статистика
Фильтр публикаций


Құны 5000 тг ғана😍

Дайын отырсыздар ма❤️

😍-дайынмын
❤️-қатты күтіп отырмын

7.6k 0 0 59 340

БД дегеніміз не?

Инстаграмдағы “БЛИЗКИЕ ДРУЗЬЯ” функциясы. Бірақ біздің сабақтар телеграммда жабық каналда өтеді.

Жалпы одан да жақын құрбы болмақпыз. Ерекше сабақтар болады😘


ЖҰМАДА “ӨЗГЕРЕМІН” ДЕГЕН ШЫНАЙЫ НИЕТПЕН ҚАДАМ ЖАСАЙЫҚШЫ😍💫

Қыздар, сіздерді БД-да күтемін. Тәуекел етумен қатар білім алуды, әрекет етуді ұмытпайық.

“ФӘЛӘҺ” деп атадым жүректен шыққан ерекше жобамды. Толығырақ инстадан көре аласыз💫


«Жұма – мұсылмандардың мейрамы»

Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты:
«Күндердің ең жақсысы – жұма күні. Сол күні Адам (ғ.с.) жаратылды, сол күні ол Жұмаққа кірді және сол күні ол Жұмақтан шығарылды.» (Муслим)

Бүгінгі күнді тек жақсы амалдармен толтырып, Аллаға шүкіршілік етейік!


«Кімде-кім білгенінің тым болмаса 10/1-не амал етсе, Алла оған білмеген нәрсесін үйретеді».

(Жәмиғ,Хатиб әл-Бәғдәди📚)


Дұғаның ең үлкен шарты - кәміл сену, күмән қылмау, “запасной план” ойластырмау екен..


Алла жазған өткен тағдырыңа разы болсаң, Ол саған сен разы болатын келешекті нәсіп етеді..

Шүкіршілік ризықты арттырады…

7.1k 0 27 2 254

БД-ға қосыламын деп кім жоспарлап жүр💫🥰

Расымен бұл жоба арқылы одан сайын жақын құрбы болатынымызға сенемін❤️

6.8k 0 0 47 153

1-АЛМА

Қиындықты, бақытсыздықты салмақты қабылдайсыз. Басыңызды бұлт шала қалса кейбіреулер секілді еңсеңіз иіліп өмірден түңілмейсіз. Өмір алдыңызға тосқан тосқауылдан, сынақтардан оңай өте аласыз. Айналаңыздағы адамдардың пікірі сіз үшін – бос әңгіме. Өзіңіздің «адресіңізге» бағытталған жағымсыз пікір мен өсек сөзді елемейсіз. Психолог кеңесі: «Алма ағашынан алыс түспейді. Айтқан сын шын болғанымен, түзелетіндер аз. Тым турашыл болмаңыз. Турасын айтып, туғаныңызға да жақпайсыз. Бетке айтатын тік мінезіңізді өзгертуге тырысқаныңыз абзал».

2-АЛМА

Энергиясы мол, шыдамсыз жансыз. Сіздің дұшпаныңыз – бырсыдырғылық, бірқалыптылық. Біріне-бірі ұқсаған күндер жалықтырады. Сондай күндерді өзгерткіңіз келеді, өйткені, қызықты оқиғалар сізге шабыт береді. Адам өмірге бір-ақ рет келеді деп, барлығының дәмін татып көргіңіз келеді. Сіз үшін бәрі тәжірибе. Тіпті, отбасы құруға да солай қарайсыз. Психологтың кеңесі: «Алма піскен соң өзі жерге түседі, күте біліңіз. Піспей жұлып алған соң әрине, бәрі де сіз үшін дәмсіз, қызықсыз. Ұстамдылыққа, салмақтылыққа үйреніңіз».

3-АЛМА

Айналаңыздағылар сізді ешкімге ұқсамайтын ерекше жан деп санайды. Ақыл мен кеңес сұрайды, құрметпен және қызығушылықпен қарайды. Нақтырақ айтқанда, олар үшін сіз білмейтін нәрсе жоқ, данасыз. Шын мәнінде бұл өзгені өзіңізге тартып тұратын Табиғат сыйлаған магниттік қасиет ғана. Әйткенмен, бұл қасиетті дамытып, дұрыс пайлана білсеңіз, көзіңіз жеткенмен, аяғыңыз жетпеген көп биіктерге шыға аласыз. Психологтың кеңесі: «Алма ағашы жемісті көп салған сайын бұтақтары төмен иіледі. Құрметтеу басқа да құрметке лайық болу бір басқа. Ешқашан астамшылық танытпаңыз».

4-АЛМА

Аз сөйлеп, көп тыңдайтын өте қырағы адамсыз. Алдыңызда сөйлеп отырған адамның сөзінің ғана емес, әр қимылының астарына үңілесіз. Уақытыңыздың көп бөлігін өзіңізді дамытуға, өміріңізге қажетті кітаптарды оқуға арнайсыз. Қарым-қатынаста ұстамды, салмақтысыз, ынжықтық та жоқ емес. Тек өзіңізге ең жақын адамдар ортасында ғана өзіңізді еркін сезіне аласыз. Психологтың кеңесі: «Оқығаныңыз бен білетініңіз көп болғанымен, оны қажетіңізге жарата алмасаңыз, пайдасы жоқ. Көрсетпесеңіз ешкім көрмейді. Ашық болыңыз».

5-АЛМА

Өмір керемет – бұл сіздің өмірлік девизіңіз. Өзгенің жетістігіне шын көңілмен қуана аласыз. Тіпті, сіз жауған жаңбырға, күнге қарап та қуанып, өмірден ләззат таба аласыз. Көңілі ақ, жүрегі таза адамсыз. Сіздің риясыз күлкіңіздің өзі айналаңыздағы адамдарға қуаныш сыйлай алады. Бәрін-бәрін қуантқыңыз келеді-ау. Бірақ бұл мүмкін емес. Психолог кеңесі: «Құрт тәтті алмаға түседі. Кейде қышқылдау да бола біліңіз».

6-АЛМА

Адамдарға сақтықпен қарайсыз, сенбейсіз және ешкімге сырыңызды да айта бермейсіз. Ұшқыр ой, мықты есте сақтау қабілеті ұштасқан жансыз. Кез келген нәрсенің, жағдайдың ұсақ детальдарына дейін көз алдыңызда «жаттап» қала аласыз. Бұл сіздің ерекшелігіңіз. Алайда бұның жаман жағы да бар, реніш пен өкпені ұзақ жыл ұмыта алмай жүресіз. Сізді өкпешіл, кекшіл, шағымданғыш адамдар тобына қосуға да болады. Психолог кеңесі: «Жеріне қарай жемісі. Адамның бәрінен өзіңізге ұнаған қасиетті іздеп әуреленбеңіз. Әр адамды сол қалпында қабылдауға үйреніңіз».


СІЗДІҢ МІНЕЗІҢІЗ ҚАНДАЙ?

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕСТ ТАПСЫРЫП КӨРЕЙІК. ҚАЙ АЛМАНЫ ТАҢДАЙСЫЗ?

7.4k 0 32 83 51



“Дүниедегі ең үлкен бақыт, ешкімге ешнәрсемен тәуелді болмау. Жүрекпен, дүниемен, шаруамен, басқасымен.. Тек Саған тәуелдімін, тек Саған мұқтажбын. Жүректің де дүниенің де иесі Өзіңсің Аллаһым.”

8.3k 0 45 1 301

Миғраж түні жасаған барлық дұғаңызды Алла қабыл етсін! Әмин! Миғраж түні - намазда, дұғада және жақсы амалда болыңыз ба? Қалай өткіздіңіз?
Опрос
  •   Иә, әмин дұғада болдым🙌
  •   Жоқ, ұмытып кетіппін кеше🥺
  •   Бар құлшылығымды жасадым🤲
152 голосов


Harmony күнделігін алып келесі аптаға ЖОСПАР ҚҰРАЙЫҚ💫

1. Жоспарлауға арналған уақыт бөліңіз:

-Жексенбіде 30 минуттан 1 сағатқа дейін жоспарлауға уақыт бөліңіз.
-Өзіңізге ыңғайлы, тыныш жерді таңдаңыз.
-Барлық алаңдататын заттарды (телефон, теледидар) өшіріңіз.

2. Апталық мақсаттарды анықтаңыз:
-Келесі аптаға қандай мақсаттар қоясыз?
-Олар нақты, өлшенетін, қол жетімді, маңызды және уақытпен шектелген (SMART) болуы керек.
-Мысалы: “Жұмыс жобасын аяқтау”, “Спортпен 3 рет айналысу”, “Кітаптан 50 бет оқу”.

3. Тапсырмаларды тізімдеңіз:
-Апталық мақсаттарыңызға жету үшін қандай тапсырмаларды орындау керек?
-Барлық тапсырмаларды тізімге жазыңыз.
-Тізімді “маңызды” және “маңызды емес” деп бөліңіз.
-Үлкен тапсырмаларды кішірек, орындауға оңай бөліктерге бөліңіз.

4. Уақытты бөліңіз:
-Әрбір тапсырмаға қанша уақыт кететінін бағалаңыз.
-Күнделікті жоспар жасаңыз: әрбір күні қандай тапсырмаларды орындайтыныңызды жазыңыз.
-Ең маңызды тапсырмаларды күнінің басына қойыңыз.
-Үзілістерді ұмытпаңыз. Әрбір 1-2 сағат сайын 10-15 минут демалуға уақыт бөліңіз.

5.Өзіңізді марапаттаңыз:
-Жоспарды орындағаныңыз үшін өзіңізді кішкентай сыйлықтармен марапаттаңыз.
-Бұл сіздің мотивацияңызды арттырады.

6. Күнделікті бақылау жүргізіңіз:
-Күннің соңында жоспардың орындалуын тексеріңіз.
-Не істелгенін және не істелмегенін анықтаңыз.
-Келесі аптаның жоспарын жасағанда, осы тәжірибені ескеріңіз.

Жексенбіде келесі аптаны жоспарлау - ГАРМОНИЯНЫҢ КІЛТІ✍🏻

8.5k 0 53 1 103

Жексенбі күні келесі аптаға жоспар құрасыз ба?
Опрос
  •   Иә🥰
  •   Жоқ🥲
  •   Бірге құрайықшы✍🏻💫
61 голосов


Адамға кедергі болатын үш нәрсе:
Жалқаулық
Қоқыныш
Өзіне төмен баға беруі

7.2k 0 18 3 132

Сөзім өтсін десең қолыңда не билегің,не байлығың болсын

Абай Құнанбайұлы


Отбасы берекесін арыттыратын күнделікті сүннет амалдар, сақтап алыңыз 💕:

1. Бір-біріне дұға ету.
Жұбайлардың бір-біріне және балаларына дұға етуі – отбасы үшін ең пайдалы амалдардың бірі. Таңертең және кешке:
“Раббымыз, бізге жұбайымыздан, балаларымыздан көз қуанышын сыйла және бізді тақуа адамдардың басшысы ет,” – деп дұға жасаңыз (Фурқан сүресі, 74-аят).

2. Үй шаруасына көмектесу. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әйелдеріне үй шаруасына көмектесетін. Ол отбасындағы істерді бірге атқаруды – мейірімділіктің белгісі деп санаған. Бір-біріңізге қолғабыс көрсету сүйіспеншілікті күшейтіп, отбасының бірлігін арттырады.

3. Балаларды еркелету және тәрбие беру. Балаларға мейіріммен қарап, оларды жақсы көріп, тәрбиелеу – үлкен сүннет. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) балаларды жиі еркелетіп, оларды жақсы көретінін көрсеткен.

4. Отбасымен бірге тамақтану. Бірге отырып тамақтану – сүннет. Бұл отбасы мүшелерін жақындастырып, Алланың нығметіне шүкірлік етуге мүмкіндік береді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): “Бірге тамақтаныңдар, себебі онда береке бар,” – деген (Бұхари).

5. Бір-біріне жылы сөздер айту. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жұбайларына әрдайым жақсы сөздер айтып, олардың көңілін көтеретін. Әр күні жұбайыңызға немесе балаларыңызға жылы сөз айтып, оларды мақтау – жүректі жұмсартып, сүйіспеншілікті арттырады.

6. Бірге құлшылық ету. Отбасымен бірге намаз оқу – рухани жақындықты күшейтеді. Жұбайлар мен балалардың Алланы еске алып бірге құлшылық етуі – берекенің қайнар көзі.

7. Сабыр және кешірімділік таныту. Отбасында түсініспеушілік болса, оны сабырмен шешу – сүннет. Бір-біріңіздің қателіктерін кешіру және ренішті ұзаққа созбау – берекелі шаңырақтың негізі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): “Күшті адам – ашуын жеңе алған адам,” – деген (Бұхари).

8. Шүкіршілік ету. Отбасында бар жақсылықтар мен нығметтер үшін Аллаға шүкір ету – берекені арттыратын ең маңызды амал. Жұбайлар бір-біріне ризашылығын білдіріп, “рахмет” айту арқылы да махаббатты нығайтады.

Отбасылық өмірдің берекесі – күнделікті қарапайым, бірақ мәні терең сүннет амалдарын ұстануда. Алланы ұмытпай, бір-біріне сүйіспеншілік, мейірім мен құрмет танытатын шаңырақта бақыт пен береке мәңгі тұрақтайды. 💕

8.1k 0 57 2 123



Бүкіл өміріңді бірден ойлап,өзіңді уайымға салма

Халық даналығы

8k 0 24 2 163
Показано 20 последних публикаций.