📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Книги


@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.
🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Книги
Статистика
Фильтр публикаций


Ертең сүннет бойынша ораза ұстауды ұмытпаңыздар🤓


📚 «Амалдар дүйсенбі мен бейсенбі күндері ұсынылады. Мен амалдарымның ораза ұстаған күйімде ұсынылуын қалаймын.» (Тирмизи)

https://t.me/maktubatkz


Балаларыңызға қай жасында қанша сөз білуі керек, кітап оқыту, баланың психологиясы, жан дүниесі туралы керемет Мағжан атамыздың кітабы🤓📖📝

Ата-ана болуға дайындалып, болмаса болған кісілер болса бір оқып шығыңыздар☺️




⭕️ Кітапты баланың жасына қарай таңдау керек


👶🏻 2-4 жастағы балалар
рифмаларды, рифмаларды санауды және басқа да қысқа, ырғақты мәтіндерді ұнатады. Олар естігендерін қуана есте сақтайды және оны өздері де оңай айтады.


👧🏻 4-6 жастағы кейбір балалар өздігінен оқи бастайды, бірі басқаларың оқығаның  тыңдағанды жөн көреді. Ең жақсы кітаптар - жарқын суреттері мен оқуға оңай үлкен әріптері бар кітаптар. Қысқа, динамикалық шығармаларға артықшылық беріледі, әрқашан жақсы аяқталады.

👦🏼 6-8 жас арасындағы, мектеп жасындағы балалардың
қалауы - кейіпкерлері көп және сюжеті бар қызықты кітаптар оқығысы келеді.

🧒🏻 9-13 жастағы бозбалалық жасқа қарағандар тарихқа, қиял-ғажайып әдебиетке, адамдар арасындағы қарым-қатынас – достық, махаббат, ар-намыс, сатқындық тақырыптарын қозғайтын шығармаларға қызығушылық танытады.

🧠 Жасөспірімнің не оқып жатқанына назар аудару, оны толғандыратын тақырыптарды айту, тағы қандай кітаптарды оқуға болатынын ұсыну өте маңызды.

📖📚 Балаға әріптерді мүмкіндігінше ертерек үйренуге және оларды сөзбен жеткізуге үйренуге ұмтылудың қажеті жоқ. Бұл жаңа туған нәрестені жүруге немесе өлең жазуға үйрету сияқты дүние.

🖇️Кішкентай адам дайын болғанда, ол күш-жігерсіз оқуды үйренеді.

🖇️ Ал ата-ананың басты міндеті - балаларды оқуға қызықтыру.

https://t.me/maktubatkz


Маған ешкім кітап сыйламайды ма(:🥲






Біздің сіздерге сыйлығымыз🤓




Адамдар бір біріне құрмет пен сыйластықтың белгісі ретінде сыйлыққа кітап ұсынатын күн☺️


14 ақпан - халықаралық кітап сыйлау күні


Рамазан Күнделігі – Рухани Сапарға Жолдама!

Рамазан айында рухани тұрғыда нығая түсу үшін арнайы әзірленген күнделік сізді күтуде! 📖

🔹 Оразаның маңызы мен Алланың 99 есімін танып-білуге мүмкіндік.
🔹 Ауыз ашар мен ауыз бекіту дұғалары – күнделікті дұғаларыңыз сізбен!
🔹 Тарауих Челленджі мен Құран хатымы кестесі.
🔹 QR код арқылы тікелей Telegram тобына қосылып, пікір алмасып, бағалауға болады!

Бағасы: 2 990 тг
БЕСПЛАТНАЯ ДОСТАВКА! 🚚

Тапсырыс беру үшін немесе байланыс үшін: +77074188235

Әр күнді мағыналы өткізіп, рухани байлыққа ие болыңыз! 🙏




Кімнің бақытты әйел болғысы келеді☺️ онда осы кітапты оқып шығыңыздар


▫️Мүминдердің анасы Уммі Сәләмә Алла елшісінен:
«Осы дүниедегі әйелдер абзал ма, хор қыздары ма?» - деп сұрайды.


🔸Алла елшісі: «Киімнің сыртқы жары ішкі жағына карағанда әдемірек болады, сол секілді осы дұниедегі әйелдер хор қыздарынан да әсем болады», деп жауап береді.

▫️ Не ушін олай?

🔸 Оқыған намаздары мен тұтқан оразалары және жасаған мінә жаттары үшін Алла тағала олардың жүздерін нұрға бөлеп, тәндерін жібектей етеді. Түстері аппақ, киімдері жап-жасыл, әшекейлері сары, асыл тастары - інжуден, тарайтын тарақтары алтыннан болады.


🔴 Олар былай деп айтады: «Естеріңде болсын! Біз мәңгі боламыз, ешқашан өлмейміз. Ұмытпаңдар, біз әрдайым қуаныш пен шаттықтамыз, ешқашан ренжімейміз, ашуланбаймыз. Бізді алған ерлерге неткен қуаныш және бізге де неткен қуаныш!»

📖
https://t.me/maktubatkz

«Ең бақытты әйел» кітабынан




Көптеген әлемдік ғалымдардың Жаратушымыз жайлы мойындаған пікірлері туралы кітап сізді қызықтырады ма😍👍😉


📍 Аты әлемге Әйгілі физик Ньютонның басынан кешірген бір жайты

Ғалым Күн жүйесіне ұқсас бір бөлмелік аппарат жасаған. Бұл аппараттың ерекшелігі сол – тетігін басқанда бөлмедегі күллі планета атаулы есепті жылдамдықпен өз осі мен Күнді айнала бастайды.


👨‍🦱 Бірде Аллаһ тағала туралы түсінігі жоқ жақын досы үйіне келіп, таңданысын жасыра алмай:

– Неткен керемет! Бұл аппаратты жасаған кім? − деп сұрайды.

Ньютон сыр алдырмай:

– «Өздігінен пайда болған да, Ейтпесе ешкім де жасаған жоқ,» деп жауап береді.


– Әсте сен менің не дегенімді түсінбеген боларсың, – деп досы сұрағын қайта қояды.


Сонда оған титімдей ой салмақ болған Ньютон:
– Әрине, түсіндім. Дегенмен, бұл өзінен кенеттен пайда болып, эволюция жолымен осындай дәрежеге жетті, – деп жауап береді әлі де сыр алдырмаған қалпы.


– Мұндай сандыраққа сенетін мені кім деп ойлап тұрсың? – деп, әлгі ашуға мінеді. Сонда дәл осы сәтті күтіп тұрған Ньютон досының иығына қолын салып:


– Көз алдыңдағы бұл аппарат – заңдылықтары өзіңе де таныс теңдессіз күн жүйесінің қарапайым ғана макеті.

📌 Сен енді көз алдымыздағы бұл макеттің де әйтеуір бір жасаушысы болуы қажет екенін талассыз қабылдап тұрсың.

📌 Ендеше, бұдан сан есе үлкен ғажайып күн жүйесінің де бір жаратушысы бар екенін қалайша түсінбейсің? – деп, досына үлкен ғибрат ұқтырумен қатар, көкірегіне иман ұшқынын да ұялатқан екен.


📔 «Кемелдік кілті» кітабынан


https://t.me/maktubatkz



Показано 20 последних публикаций.