Репост из: Molda paqyr (ملا فقير)
علامات أهل السنة والجماعة عند الإمام أبي حنيفة
Имам Ағзам Әбу Ханифа көзқарасына сәйкес “Әһлі-сүннет уәл-жамағаттың” белгілері
❓“Екі шейх” деген кім?
❓ “Екі күйеу бала” деген кім?
Алла сақтасын!
🤲 Құдай Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бен сахабалардың, тәбиғиндер мен имамдардың, шейхтарымыз бен пірлеріміздің, ата-баларымыздың жолы әһлі-сүннет уәл-жамағат жолынан жаңылыстырмасын!
t.me/molda_paqyr
«تفضيل الشيخين، ومحبة الختنين، وشهود الجماعة والجمعة والعيدين، والمسح على الخفين، ولا يكفر أحدا بذنب، ولا يقول في الله تعالى بشيء.» اهـ.
نظم الجمان لابن دقماق (ت. ٨٠٩ هـ)
Имам Ағзам Әбу Ханифа көзқарасына сәйкес “Әһлі-сүннет уәл-жамағаттың” белгілері
“Екі шейхты артық санау, екі күйеу баланы жақсы көру. Жұма, жамағат намаздары мен екі айт намазына қатысу. Мәсіге мәсіх тарту. Күнә-қателігі үшін ешкімді кәпірге шығармау. Алла жайлы (білімсіз) ештеңе айтпау”.
📚 “Назмул-жуман фии табақати асхаби имәминәә ән-Нұғман”.
✍🏻 Ибраһим ибн Мұхаммед ибн Айтұмар ибн Дұқмақ әл-Қаһири әл-Ханафи (һ. 809 ж. д.с).
❓“Екі шейх” деген кім?
📌 Әһлі-сүннет жолын ұстанатын мұсылман екі шейхты басқа сахабалардан артық санайды. “Екі шейх” дегеніміз - сахабалар Әбу Бәкір мен Омар (Алла олардан разы болсын).
Ислам тарихында екі шейхты айыптап, жек көріп, жала жапқан тіпті лағнет айтатын тұлғалар мен топтар (бар) болған. Әбу Бәкір (Алла оған разы болсын) халифалығы тұсында діннен безгендерді қайтару, үмбетті сақтап қалуға күшін салды.
Омардың (Алла оған разы болсын) халифалығы тұсында үмбетті мықтап ұстап тұру, жаңа мұсылман болғандарға жағдай жасау жағы қолға алынды. Дәл осы кезде мұсылмандар арасында осы екі ұлы сахабалар жөнінде әртүрлі негізсіз, жағымсыз пікірлер таратушылар пайда болды. Нәтижесінде, Омар (Алла оған разы болсын) қастандықтан алған жарақатынан кейін дүние салды.
❓ “Екі күйеу бала” деген кім?
📌 “Екі күйеу баланы жақсы көру” - әһлі-сүннет жолындағы мұсылманның белгісі. “Екі күйеу бала” дегеніміз - сахабалар Осман мен Әли (Алла оларға разы болсын). Біріншісіне Пайғамбарымыз екі қызын ұзатса, екіншісіне кенже қызын ұзатқан.
Ислам тарихында екі күйеу баланы айыптап жақтырмайтын, сынайтын тұлғалар мен топтар (бар) болған. Османның (Алла оған разы болсын) халифалығы тұсында мұсылмандар арасында әртүрлі саяси көңіл-күйдегі топтар бой көрсете бастады. Халифат аумағы кеңейіп, жаңа мұсылман болғандар саны артты. Саясатта тұлғалар мен топтар арасында түсінбеушіліктер пайда болды. Нәтижесінде, халифа Осман (Алла оған разы болсын) қастандықпен өлтірілді.
Әлидің (Алла оған разы болсын) халифалығы тұсында саяси тұрақтылық одан сайын ушықты. Халифатта түсінбестік себебінен туындаған қарулы қақтығыстар болды. Әртүрлі шектен шығып, адасқан діни топтар пайда болды. Нәтижесінде, сахаба Әли (Алла оған разы болсын) қастандықтан алған жарақатынан кейін дүние салды.
📌 Имам Ағзам Әбу Ханифаның кезінде де сол топтар мен жамағаттар бәріне өз ойлары мен көзқарастарын тықпалағысы келетін. Сондықтан да, Имам Ағзам сияқты ұлы ғалымдар мұсылмандарға өздерін әһлі-сүннет уәл-жамағат жолында екенін білу, адасқан топтарға кіріп кетпеуі үшін қарапайым ережелер мен белгілерді айтып, көрсетіп, жазып берді.
Қазіргі күнде де бұл белгі-ережелер өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Біздің арамызда да өзі біліп-білмей сол топтардың әңгімесін айтып қалатындар табылады.
Алла сақтасын!
🤲 Құдай Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бен сахабалардың, тәбиғиндер мен имамдардың, шейхтарымыз бен пірлеріміздің, ата-баларымыздың жолы әһлі-сүннет уәл-жамағат жолынан жаңылыстырмасын!
t.me/molda_paqyr