ҚҚС бойынша жаңа шек: депутаттар қарсы ұсыныс жолдадыМәжіліс депутаттары Үкіметке ҚҚС-тың (НДС) жаңа шегін белгілеу жөнінде қарсы ұсыныс жолдады.
20 ақпанда Салық кодексі жобасына түзетулер Парламентке ұсынылды. Ол ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қою үшін шекті 20 мың АЕК-тен (78,6 миллион теңге) 3 800 АЕК-ке (15 миллион теңге) дейін төмендетуді көздейді.
Депутат Азат Перуашев бұл өзгеріспен келіспеді, оның пікірінше, қазақстандықтар бұдан былай шағын бизнеспен айналысқысы келмей қалады.
Сонымен депутаттардың қарсы ұсынысы - Қазақстанда ҚҚС бойынша шекті төмендетуден бас тарту. Үкімет бұл құжатқа әлі пікір білдірген жоқ.
Massaget.kz