📣 7500 адамның миына ота жасаған хирург
Атақты нейрохирург, алтын қолды дәрігер Мыңжылқы Бердіқожаев Нәрікбиге сұхбат берді. Мыңжылқы Сайлауұлы қазір Астанадағы Президент ауруханасында директордың орынбасары.
Дәрігер былай дейді:
Инсульт – мидың бір қызметінің аяқ астынан жойылып кетуі.
Мысалы, қол-аяқтың істемей қалуы, сөйлей алмай қалу, беттің қисаюы, т.б.
Қазақстанда жылына 40 мың адам инсульт алады. Өйткені, бізде қан қысымы жоғары адамдар көп, әсіресе ерлер.
Жылына МӘМС бойынша 550-600 тегін ота жасалатын еді, биыл қаржы қысқартылып, 82 ота жасалады. Науқастар ұзақ кезек күтуге немесе ақылы ота жасатуға мәжбүр болады. Мыңжылқы Сайлауұлы сенбі-жексенбі Алматыға келіп ота жасайды, науқастар жол жүріп әуре болмасын дейді дәрігер.
Қазір генетикалық ауытқумен туатын балалар көп.
Жеті ата дәстүрі – генетикалық аурулардың алдын алатын технология.
Медицина университеттерінде неврология оқытылмайды, басқа сала дәрігерлері одан хабарсыз боп шығады.
Исламдағы амал дәптері сияқты, адам өмірі мида бағдарламаланған.
Адам жетістікке жету үшін еңбек етуі керек.
Тез, оңай байимын деген адам стресске ұшырайды.
Күйзеліс (стресс) миды зақымдайды.
Мыңжылқы Сайлауұлының сұхбатын міндетті түрде көріңіздер, дос-туыстарыңызға таратыңыздар.
Сілтеме