Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Другое


🌐 Діни басқарманың ресми сайты: www.muftyat.kz
📲 Instagram парақшамыз: instagram.com/muftiyatkz

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Другое
Статистика
Фильтр публикаций


☪️ «Күллі аспан әлемі мен жердің бар билігі – бір Аллаға тән! Ол қалағанын жаратады. Ол қалағанына қыз сыйлайды, қалағанына ұл сыйлайды. Яки қалағанына ұл мен қызды бірге береді. Сондай-ақ, қалағанын бедеу етеді. Шүбәсіз, Ол бәрін білуші, бәріне толық құдіретті»

📖 «Шура» сүресі, 49, 50-аяттар.

🤲 Жұма мүбәрак болсын!

#күндердіңсұлтаны


🌙📲Қасиетті Рамазан айында мүфтияттың Instagram және Tik-Tok әлеуметтік желілерінен ҚМДБ ұстаздары, Астана қаласының мешіт имамдары және әйел ұстаздарының қатысуымен күнделікті тікелей эфир ұсынамыз.

✅ Ұстаздар тікелей эфирде қысқаша насихат айтып, көрермендердің ораза жайлы сұрақтарына жауап береді.

🔴 Біздің әлеуметтік желідегі @muftiyatkz ресми парақшаларымызды қарай жүріңіздер!

Instagram: https://www.instagram.com/muftiyatkz

Tik-Tok: https://www.tiktok.com/@muftiyatkz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🌙📦 Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен еліміз бойынша «Рамазан сыйы» қайырымдылық марафоны басталды. Игі шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты.

🔍 #Рамазан2025

🔘 https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2025-03-06/46199-bas-mfti-ramazan-syijyi-ajyiryimdyilyi-marafonyina-atyistyi-foto/


🤲 Ораза қабыл болсын!

☪️ «Райян деген жәннаттың бір қақпасы бар. Қиямет күні ол қақпадан тек ораза ұстағандар кіреді. Ораза ұстағандар кіргеннен кейін, ол жабылып, басқа ешкім кірмейді». (Хадис)

#Рамазан2025


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🇰🇿☪️ Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы «Астана» медресе-колледжінің қыздар бөліміне арнайы барып, шәкірттерге дәріс оқыды.

🔍 #muftyatkz

🔘 https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2025-03-05/46192-mdb-traasyi-medrese-shkrtterne-drs-oyidyi-foto/


🌙 Оразада Алла Тағаланың кешіріміне бөленіңіз

☪️ «Кімде-кім Рамазан айында шынайы сеніммен, сауабын үміт етіп ораза ұстаса, оның бұрынғы жасаған күнәлары кешіріледі». (Хадисті имам Бұхари жеткізген).

#Рамазан2025


🇰🇿☪️ Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық Аппарат жиналысын өткізіп, бірқатар кадрлық ауыс-түйістерді хабарлады.

🔍 #muftyatkz

🔘 https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2025-03-04/46187-mftiyattayi-kadrlyi-auyis-tjster-foto/


🤲 Рамазанда мол сауапқа кенеліңіз!

🌙 «Қаншама ораза ұстаушылар бар, олардың оразасынан алар еш үлесі жоқ, тек аштық пен шөлдеу ғана». (Хадис)

#рамазан2025


🌙 Рамазан айының 5️⃣ қасиеті

📚 «Менің үмбетіме Рамазан айында бұдан бұрын ешбір үмбетке берілмеген бес түрлі қасиет берілді» (хадис)

1️⃣ Ораза тұтушының аузының исі Алланың алдында хош иісті мисктен, сөзсіз, артық болады;

2️⃣ Ауыз ашқанша періштелер олар үшін Алладан истиғфар тілеп тұрады;

3️⃣ Алла Тағала Рамазан айының әрбір күні жәннатын безендіріп оған: «Менің ізгі құлдарымның ауыртпалықтар мен тауқыметтерден тастап, саған кіретін күні жақын қалды», –дейді;

4️⃣ Бұл айда жындардың біразы шынжырланып, басқа айларда істейтін нәрселерін істей алмайды.

5️⃣ Ал соңғы түні болғанда олардың (мұсылмандардың) күнәлары кешіріледі». Сахабалар: «Уа, Расулалла! Ол түн Қадір түні ме?» – деп сұрағанда: «Жоқ, жұмысшы да ісін толық бітірген соң өзінің сыйын алмаушы ма еді? Сол сияқты» – деген».

🤲 Алла Тағала ниетімізді қабыл етсін!

#Рамазан2025


🇰🇿✍️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

🔍 #muftyatkz

🔘 https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2025-03-03/46177-prezident-trkstan-alasyinyi-erekshe-mrtebes-turalyi-zaa-ol-ojdyi/


🌙🤲 Қасиетті айдағы құлшылық-дұғаларыңыз қабыл болсын!

📚 «Бес нәрсе оразаны бұзады: олар – өтірік айту, өсек тасу, ғайбат айту, шаһуатпен (құмарлықпен) харамға көз салу, жалған ант» (Хадис)

#Рамазан2025


🤲 Ниет қабыл болсын!

🌙 «Расында, ораза – қалқан, кімде-кім ораза ұстаса, балағат сөз айтпасын және инабатсыз болмасын. Егер оны біреу балағаттаса немесе ерегісіп төбелеске шақырса, «мен оразамын», – деп айтсын».

📚 Хадисті Имам Бұхари жеткізген

#Рамазан2025


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🌙🇰🇿 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ елін күллі мұсылман қауымының сағына күтетін мерекесі Рамазан айымен құттықтады. Мемлекет басшысының құттықтауы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

🔍 #Рамазан2025

🔘 https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2025-03-01/46174-memleket-basshyisyi-ramazan-ajyimen-ttyitadyi/


🤲 Ораза қабыл болсын!

🌙 «Рамазан айының бірінші түнінде шайтандар және өз бетімен кеткен жындар кісенделеді. Тозақтың бір есігі қалмай бәрі жабылады, жәннаттың барлық есігі ашылады. Сондай-ақ әр түн сайын: «Уа, жақсылық істеуші, бағалай біл! Уа, жамандыққа бейім тұрушы, өзіңді ұста!» – деп жар салады. Әр түн сайын Алла Тағала көптеген пендені тозақтан құтқарады» (Хадис)


#Рамазан2025


Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан!

🌙 Мінеки, көзді ашып-жұмғанша сағындырған Рамазан айы да келіп жетті. Осы айға аман жеткізіп, сәресіні ішкізіп, ауызашарда бір қуантқан Жаббар иемізге сансыз мақтаулар болсын!

🤲 Бір ай бойы оразамызды аман-есен атқарып, қиямет күні Раббымызбен қауышқанда Рамазанда ауыз бекіткеніміз үшін екінші рет қуануды Алла Тағала баршамызға нәсіп еткей!

✅ Айтпақшы сәресі мен ауызашар дұғасы тек сіздер үшін! Жаттап, сақтап алыңыздар!

#Рамазан2025


🌙👑 Қош келдің, айлардың сұлтаны – РАМАЗАН!


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🇰🇿☪️ ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Рамазан айымен құттықтауы.

🔍 #Рамазан2025

🔘 https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2025-02-28/46146-asiett-ramazan-ajyi-ttyi-bolsyin/


🌙Рамазанға 1️⃣ күн қалды

✅ Оразада сабырлы болуға талпыныңыз

📖 «Сабыр етушілерге сый-сияпаты есепсіз беріледі» («Зүмәр» сүресі, 10-аят).

🧾 «Сабыр түбі – сары алтын» (Халық даналығы)

#СағындырғанРамазан
#Рамазан2025


☪️ «Уа, иман келтіргендер! Өздеріңнен бұрынғыларға парыз етілгендей сендерге де ораза ұстау парыз етілді. Бәлкім, (сол арқылы күнә атаулыдан сақтанып) тақуалыққа жетерсіңдер»

📖 «Бақара» сүресі, 183-аят.

🤲 Жұма мүбәрак болсын!

#күндердіңсұлтаны


🇰🇿☪️ Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы «Хусамуддин ас-Сығанақи» Ислам институтында имамдарға, дін қызметкерлеріне арнайы дәріс оқыды.

🔍 #muftyatkz

🔘 https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2025-02-27/46162-bas-mfti-islam-institutyinda-imamdara-drs-oyidyi/

Показано 20 последних публикаций.