Narikbi LIVE


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Блоги


🎙 Кәсіби және рухани даму жайлы подкаст
📍 Amsterdam, Netherlands

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Блоги
Статистика
Фильтр публикаций


Равкат мен үшін ешқашан мойымайтын әлеуметтік белсенділікке үндейтін азамат. Ол тіпті өз белсенділігі үшін 15 тәулікке де қамалған. Өзінің ана тілі өзге болса да, қазақ тілін жетік меңгеріп, экологияны насихаттап жүр. Бұл мен үшін нағыз қаһармандық деп білемін. Қалалық маслихат депутаты болуға күресі мен оқиғасы тіпті ерекше.

Әдетте мына тақырыптағы подкасттар көп қаралым жинамайды. Бұл өкінішті-ақ. Алайда, сіздердің қолдауларыңызға сенемін. Ютубтағы алғашқы сағаттар маңызды ғой.

Видеоға кіріп, коммент қалдырып кетсеңіздер риза боламын) Көп рахмет!


Равкат Мұхтаров: Алматы ауасы, масхилатқа депутат болу, әлеуметтік белсенділік / Narikbi LIVE #107

Бізде қонақта белгілі эколог әрі экономист, ауа ластану зерттеушісі және әлеуметтік белсенді - Равкат Мұхтаров. Равкат Назарбаев Университетінің (экономика), University of Alberta, Канада (қоршаған орта экологиясы) түлегі.

Бұл шығарылымда біз Алматыда қашан таза ауамен тыныс алатынымызды, мәжіліс депутат болуға ұмтылысы мен әлеуметтік белсенділігі үшін қалай бірнеше рет тәртіп қызметкерлерінен ұсталғандығын талқыладық.

https://www.youtube.com/watch?v=BNS8jeeUg28


Қайрат Құрманбаев: қорларға ақша жинау, орамал мәселесін қалай шешеміз / Narikbi LIVE #106

Бүгінгі қонағымыз белгілі исламтанушы, PhD докторы, доцент Құрманбаев Қайрат ағаымз. 2018-2024 жылдар арасындағы Нұр-Мүбарак университетінің проректоры қызметін атқарған Қайрат ағамыз ғылым жолындағы өмірін, қоғамдық қорлардың жұмыстары, психология мен исламның қарым-қатынасы, орамал мәселесін жақын арады шеше аламыз ба және басқа да маңызды тақырыптарды қозғадық.

https://youtu.be/OqNkDeybyZA


Салем, достар. Бұл подкастты жазу маған ерекше қызық болды. Рахима ханым шынымен де өз ісінің хас шебері екеніне көзім жетті.

Байқағаным, қазір жеткіліктікті деңгейде тәжірибесі жоқ психологиятар көбеюінен бұл салаға қатысты негатив ойлар өте көп. Оны түсінуге болады. Ал, шынымен қиын кейстармен жұмыс істеп, тығырыққа тірелген адамды шығарған мамандарды көп кездестіре бермейсің.

Осы орайда нағыз профессионал адамдарды шақырсам көңілім көтеріліп, мендегі сұрақтар толастап бітпей кетеді. Сол үшін осындай шығарылымдай маған ерекше ләззат аламын. Сіздерге де осыны жеткізе алдым деген сенімдемін.

Ютубтың алғашқы сағаттары маңызды ғой, мүмкін болса коммент қалдырып, қолдап жіберсеңіздер.


Рахима Куандыкова: эмпатия, ата-ананы қабылдау, біздің рөлдеріміз қандай? / Narikbi LIVE #105

Бүгінгі подкаст қонағы халықаралық реестр психотерапевті - Куандыкова Рахима Жолтановна. Рахима ханым 19 жылдық психотерапия тәжібиресімен 300 астам психолог мамандарды оқытып, халықаралық нарықта сұранысы бар түлектер шығарған.

Осы шығарылымда біз транзакт анализ бағытының қыр-сырын түсінуге тырыстық.
- тұлғаның қандай рөлдері бар?
- ата-ананың маңызы қандай?
- психологиялық жараларды емдеу арқылы қалай өзгере аламыз?
және т.с.с сұрақтарға жауап іздедік.

https://youtu.be/GH7WHTVe1Jw


Дана Молдақұлова: қайда инвестиция жасаймыз? / Narikbi LIVE #104

Бүгінгі қонағымыз жас ғалым, KIMEP университетінің профессоры, PhD - Дана Молдақұлова. Дана ханым өзінің инвестиция нарығына қалай келгені, Кореяның әйгілі KAIST университетімен магистрлық оқуы мен серіктестігі жайлы, әйгілі PwC компаниясындағы аудиторлық жұмысы мен бастысы - қай нарыққа кіріп, табысты болуға болатыны жайлы сөз қозғадық.

- Индия нарығы не үшін жақын арады озық болады?
- Электро-көліктер нарығының болашағы не болмақ?
- Жасанды интеллект бұл нарықты қалай өзгертпек?

Инвестиция - ол әрқашан риск пен тәуекелге байланған, сондықтан біздің сөздерімізді инвестициялық кеңес емес, тек біздің ойымыз деп қабылдаңыз.

https://youtu.be/DIxpmJtrZNc


Салем, достар! Кішігірім паузадан кейін біз қайта оралдық.

Алдағы апталарда сіздерге барынша шығарылымдармен қуантуға тырысамыз.
Сіздерден жалғыз өтінішім: кейінгі подкастқа комментарий жазып, лайк басып кетсеңіздер. Ютубтың алғашқы сағаттары өте маңызды ғой.

Ал, қай қонақтың келгенін күтіп жүрсіздер? Комментарий жазып кетіңіз, заявка қабылдаймын)


Нұрмұхаммед Досыбаев: Шымкенттен Кембриджге дейін. Жеке меншік мектеп ашудың құпиясы / Narikbi LIVE #104

Подкаст қонағы Кембридж университетінің магистры, білім беру саласының эксперті - Нұрмұхаммед Досыбаев.

Нұрмұхаммед мырза еліміздің танымал Astana Garden School жеке меншік мектебінің негізін қалаушысы. Қазіргі күні Hyperion School атты жаңа заман мектебін ашқан.

Бұл шығарылымда Нұрмұхаммед мырза Шымкенттегі әкімшілік жұмысынан Кембридж университетіне түскені, кейін білім саласының реформалары мен жаңа форматтарды іздеуі және жақсы мектеп директорының жалақысы қандай болуы қажет деген сұраққа дейін жауап беруге тырыстық.

https://youtu.be/BINn4sojJS4


Көшбасшылық

Күні кеше еліміз 20 миллион халық санына жетті, бұл әрине үлкен жетістік. Бірақ бұл санның көп немесе аз екені қаншалықты маңызды? Еліміздің болашағы тек санға емес, сол халықтың ішінен шығатын көшбасшыларға да байланысты емес пе?

Мысал ретінде Эстонияны алайық. Халқы бар болғаны 1,3 миллион адамнан тұрады. Соған қарамастан, бұл ел әлемдік деңгейде өзін көрсетіп келеді. Мысалы, әйгілі Skype пен қазір Uber-дің басты бәсекелесі Bolt компаниясын жасаған да эстондар. Ал елдегі жұмыссыздық деңгейі небәрі 6,3%. Бұл халық санының маңызды емес екенін дәлелдейді. Маңыздысы – қоғамдағы көшбасшылардың болуы.

Мен Қазақстанның да болашағы сіз бен біз секілді көшбасшыларға тәуелді екеніне сенемін. Осы орайда InDrive компаниясының Beginit жобасы – еліміздегі жас көшбасшыларды қолдауға арналған бағдарлама. Еліміздің әр өңірден жастар іріктеліп, өздерінің жобаларын ұсынып, арнайы лагерьлер мен білім курстарына қатысып, жобаларын жүзеге асыруға толық қолдау алады.

Бұл жоба тек біздің елде емес, көрші Қырғызстан және шалғайдағы Нигерия мен Пәкістанда жүзеге асып, өзінің өзектілігін көрсеткен.

Қазір тіркелу кезеңі аяқталуға жақын, бірақ келесі қалаларда әлі де үлгеруге мүмкіндік бар:
• Қостанай: 4 қазан 2024
• Орал: 8 қазан 2024
• Ақтөбе: 14 қазан 2024
• Ақтау: 17 қазан 2024
• Қызылорда: 21 қазан 2024
• Тараз: 25 қазан 2024

Барлық ақпарат пен тіркелу үшін сілтеме осында. Көшбасшы болуға қадам жасап, бұл мүмкіндікті жіберіп алмайық.


Дөп-ке де келіп қалдық. “Нәрікбиден келдім” деген комменті қалдыруға ұмытпаймыз, иа? 😜


Репост из: dope söz
Бүгінгі қонағымыз программист және подкастер Нәрікби Мақсұтпен Еуропадағы өмір, IT индустрия, жасанды интеллект пен отандық мамандардың потенциалы туралы тілдестік.
Сонымен қатар Алматыдағы транспорт пен қауіпсіздік, қара әзіл және колониализмді де талқыладық.

Тамашалаңыз!

https://youtu.be/xupb_NanPMY


Абдрашит мырзаның подкасты 100мың қаралымға жақындап қалыпты. Бұл дегеніміз шығарылымдағы тақырыптар расымен көп адамға өзекті болғаны ғой.

Ал Абеке өз ойларын жазып тұруға арнайы канал ашып қойыпты. Маған төмендегі жазбасы ұнады.

Сіздер де жазылып қойыңыздар.

https://t.me/abdrashitulkibay/164


Рабиға Төлебай: білім алу, орамалды қыздың жағдайы, исламдағы психология / Narikbi LIVE #102

Подкаст қонағы Аль-Азхар және Каир университеттерінің магистры, Құран хафизы әрі 8 қырағат иесі, Абай шығармаларын араб әлеміне таныстарған отандасымыз - Рабиға Төлебай.

Бұл шығарылымда біз қыз балаға білім алуға жолдыры, қоғамдағы орамалды қыздардың жағдайы, әлеуметтік желіде қандай қарым-қатынас құру керек және т.б. көптеген тақырыпты қозғадық.

https://youtu.be/pyJxoWHV5Ug?si=ZVtBK4HEE8LQ8bu-

6.4k 1 17 3 116

Қосылыңыздар 🙌


Репост из: Aman world
Ал, қазақ тілді трансляцияға кіріңіздер. acm icpc final. Мен, Нәріби және КЗ құрама командаларының тренелері болады. Қызық болады.

https://www.youtube.com/live/KX3EsPh-HWg?si=H5Bsy4E3RLIG26J1


ACM ICPC Finals

Салем, бұйырса 17-19 қыркүйек аралығында Астанада боламын. Мақсат - ACM ICPC Finals (әлемдік спорттық бағдарламалау финалы) біздің елордада өтеді. Бұл не мағына береді дегенде жауап берейін.

Мен мектеп кезінен информатикадан есеп шығарып, олимпиадаларға қатысатын едім. Басында ол аудандық, қалалық басталып, кейін республикалық және халықаралық жарыстар ауысады. Мен бәріне қатысып шықтым.

Алайда, университетке түскенде бұл мүлдем басқа деңгейге өтеді. Біз әлемдік чемпионаттарға қатыса бастадық. Кәдімгі спорттағыдай ол жерде ширек-финал, жартылай-финал және финал кезеңдері бар.

Бұл командалық спорт түрі. 3 адамға 5 сағатқа 10 шақты есеп беріп, кім алға шықса, келесі кезеңге өтеді. Менің командам жартылай финалдан ары қарай өтпеді.

Ал, Қазақстан болса біраз уақыт финалға шыға алмай келді. Басты себебі, өту үшін ресейлік командалармен бәсекеге түсу қажет, олар болса осал емес.

Бірақ, соңғы жылдары жағдай өзгеріп, тіпті қазақтың баласы жақында алтын алып, чемпион атанып келді. Ал кезінде әлемнің түкпір түкпірінде өтетін біз армандаған финал осы Астанада өтеді. Жүз жылда бір болатын жағдай мен үшін.

Бұл финалға кезінде осы телеграмның негізін қалаушысы Павел Дуровтың ағасы Николай Дуров кезінде алтын алып топ жарған. Қазіргі күні ChatGPT жасайтын адамның біразы осы финалдарға қатысқан. Қысқасы, біздің мамандықтың іріктелген мықтылары жиналады.

Сіздерге Аман екеуміз @amanutemuratov бұйырса қазақ тілінде лайв трансляция жасауға тырысамыз.

Фотоларда менің мектептегі және универдегі кездерім)


Жанәділ Талдыбаев: әлем оқушыларын IT оқытатын 100 млн стартап / Narikbi LIVE #101

Бүгінгі шығарылым қонағы Codiplay халықаралық стартапының негізін қалаушы - Жанәділ Талдыбаев.

Codiplay - бұл әлемнің 13 елінде 300 астам мектептерде жұмыс істеп жатқан, оқушылардың IT сауаттылығын көтеретін платформа.

4 жыл бұрын ғана басталған бұл компания қазіргі күні $100 млн valuation (оценка), қазіргі тартып жатқан инвестициясы $20 млн.

Жанәділ бұл идеяның қалай келгені, ақша жоқ болып тұра, ковид кезінде пәтері мен көлігін сатып компанияны бастағанын баяндап берді. Одан бөлек Корей мемлекетіндегі мединица саласындағы бизнесін талдап, бұл елді де талқылап шықтық.

Одан бөлек еліміздің өңірлерінде қалай білім сапасын арттыруға болатынын да айтып шықтық. Қысқасы, бұл эпизод әлемді өзгерткісі келетін адамның қандай жол өтіп шығуы керек жайлы деп ойлаймын.

https://youtu.be/GoB7TfVUP-A


Мади Фазл: Алжирге сапар, жеке өмір, білім саласы / Narikbi LIVE #100

Бүгінгі подкаст қонағы белгілі полиглот - Мади Фазл. Мадимен алғашқы подкасттан кейін не өзгерді, халықаралық отбасы құрудың ерекшеліктер, Алжир мемлекеті туралы, білім алу саласының қазіргі жағдайын айтып өттік.

Және де бізде кішігірім мерейтой! Бұл біздің 100 эпизод. Қолдап келе жатқаныңызға көп рахмет!

https://youtu.be/L0WVY7Xe6s4


Абдрашит Түлкібай: мидің мүмкіндіктері, депрессия, салмақ тастау / Narikbi LIVE #99

Бүгін подкаст қонағы белгісі психофизиолог маман - Абдрашит Түлкібай. Біздің қозғаған тақырыптар кең ауқымды болғанымен, бәрі ми және оның мүмкіндіктерінің айналасында болды.

Не үшін салмақ тастау біздің миымызға байланысты? Адам депрессия екенін қалай анықтаймыз? Неге адам жиі қарыз болып қала береді? және т.б. сұрақтарды қозғап шықтық.

https://youtu.be/CUbzkm06r48?si=dFojGQUGWeLfoI11


Нұрлыбек мырзаның өмір жолын кім қарап үлгерді?
Ғылымға қызығып кеткен адам бар ма? Жалпы, қандай әсер алдыңыздар?

Ұялмай пікір қалдырып кетсеңіздер. Шыны керек, көбі осындай қонақтарды жиі шақыра бермейді. Ал маған керісінше, осы саланың адамдарымен сұхбаттасу ерекше ләззат береді. Сол сезімімді жеткізе алдым ба екен деген сұрақ қой..

Айтпақшы, бұйырса жақын күндері тағы бір қызық тұлғамен таныстырамын..

7.3k 1 0 18 110
Показано 20 последних публикаций.