nursultan_ustazdan


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


Дін, білім, пайдалы мағлұмат, руханият, ойлар

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


Кейін істеймін, кейін жасаймын, кейін тәубе қыламын дегендердің кейіндері бүкіл ғұмырына созылып кетті…

© Ерлан Ақатаев


“Асқазан – дерт үйі, ал ораза – бүкіл емнің атасы.”

✍🏻 Араб дәрігері Харис ибн Кәлда


Бір данагөй:

Жүрегі тас адамға, Құранды оқу ауыр.
Мұнафық адамға, ғибадат амалдарды орындау ауыр.


“Бақытты үш нәрседен іздеңдер - Құран оқудан, зікір айтудан (Алланы еске алудан) және намаз оқудан. Егер сендер бұл үш нәрседен бақыт таппасаңдар, онда бақыттың есігі сендер үшін жабық және оны еш жерден таба алмайсыңдар”.

©️ Хасан әл-Басри (رحمه الله)


Көп адамға беріле бермейтін ризықтың үлкен бір түрі – әдеп пен көркем мінез.

©️Шейх Әдһәм әл-Ғасими


— «Оқы!» — деп әмір етті.
«Оқыдың ба?» — деп сұрамайды деймісің?!


Ешкімді көзінше де, сыртынан да жамандама. Өз кемшіліктеріңмен жұмыс істе. Соның өзі біраз жұмыс.

📚 Ибн Хазм. Ахлақ


Алушы болуға құмар адам, берушіге айналуы екіталай.

“Маған қашан береді”- деп емес, “Мен қашан беруші боламын”- деп ниет ету керек.


Әйел заты — өте нәзік жаратылыс. Ол мықты еркектің көлеңкесінде болуы керек. Күнге шықса, ыстыққа күйіп қалады, суықта қалса, жаурап, тоңып қалады. Ал егер, мықты еркектің көлеңкесінде болса, әйелдің нәзіктігі артып, жайнап-құлпырып тұрады.


— ұстаз, күніне қанша уақыт кітап оқисыз?

— 10 жылдан астам уақыт бірге тұрып жатқан әйелім мені үйде бір сәтке болсын кітапсыз көрмеген.

©️Нұржан ұстаз (حفظه الله)


Кешірім сұрау дұғасы:

“Иә, Алла! Шын мәнінде, мен өзіме аса көп зұлымдық жасадым. Күнәларды кешіретін Өзіңнен басқа ешкім жоқ. Өз жарылқауыңмен мені кешір де, маған рақым ет. Расында, Сен аса Жарылқаушы, ерекше Рахымдысың!”


Бұрынғы ізгілердің бірі түсінде Раббысынан:

— Уа, Раббым! Саған қайта-қайта дұға қылдым. Дұғамның қабыл болмауының сыры неде? – деп сұрайды.

Сонда Алла Тағала оған былай деп жауап берді:

— Өйткені Мен сенің даусыңды қайта-қайта естігім келді.

© Имам Ибн Ражаб әл-Ханбали


Ақшадан басқа дымы жоқ, өте кедей адамдар да көп қазіргі заманда.

Яғни, тек ақшасы ғана бар. Иман, мейірім, тыныштық, қуаныш, қанағат, жылулық, махаббат, сүйіспеншілік, адалдық сияқты құндылықтардан мақұрым. Ал байлық — ақшамен өлшенбейді. Материалдық дүниелердің бәрін сатып ала алғанымен, бұл қымбат сезімдерді сатып алу мүмкін емес. Ақшасы көп кедей дейтінім сондықтан.

Раббым осы дүниеде және ақыретте Өзі разы болған құлдарынан етсін.




Ауру деген – “Ей, адам баласы! Неткен әлсіз едің!” деген сөзді қамтыған кішкентай хат.

©️Әли әт-Тантауи


— әкем маған Құран оқуды үйретпеді.
— әкең саған телефон/компьютер шұқылауды да үйретпеді, өзің үйрендің.


Намаз — мешіттен шыққан соң,
Ораза — Рамазан біткен соң,
Қажылық — Меккеден келген
соң басталады демекші:

Барлық адам мешітте әдепті, тақуа, сабырлы болуы мүмкін, себебі мешіт
— Алланың үйі, Алланың мейірімі түскен мүбарак жер. Бір адамның мешіттегі күйіне қарап, оған баға беруге болмайды. Сыртқа шыққан
соң қандай болатыны маңызды.

[барлық нәрседе осылай, сыртқы бейне мен жай-күй алдамшы]


«Пайдалы сөздерді көбірек жазу қажет. Біреуі болмаса біреуі пайда алып қалуы ғажап емес.»

📚Зубәйд әл-Куфи былай дейді:

«Бір пәленшеден бір ауыз сөз ғана естіген едім. Сол сөз маған 30 жылға жуық пайдасын берді»,-дейді.


Келген жоқсың өмірге қайғы үшін,
Болмай жатса ренжіме қай бір ісің.
Әр нәрсеге сабырлық ете білсең,
Аллаһ өзі береді ең хайырлысын…


– Өзімді жоғалтып алдым.

– Бұрынғы ізгілеріміз: “Кім тақуалығын жоғалтса, өзін де жоғалтады” – деп айтатын. Тақуа болсақ, бәрі де өз орнына келер еді.

©️Имам Хафиз Ибн Ражаб

Показано 20 последних публикаций.