Роналду «Алтын допқа» Вини Жуниор лайық болғанын айтты«Алтын допты» Винисиус алу керек еді деп ойлаймын. Ол Чемпиондар лигасында жеңіске жетті. Өзін керемет көрсетті. Ол үшін көңілім күйім түсіп кетті. Вини әбден лайық болды», – деді Криштиану Эду Агирреге берген сұхбатында.
🇸🇦 Сондай-ақ Про лига мен MLS-ке қатысты пікір білдірді:
«Мұнда келген кезімде лига жылдам дамып кетеді деп ойламадым. Бірақ бір-екі жылда топ болатынын білдім.
Адамдар көп нәрсе білмейді, бірақ тым көп сөйлейді және сынайды. Саудия лигасы MLS-тен мықты. Жұрт Про лиганы дұрыс бағаламайды».
🇵🇹 Осыған дейін Роналду Про лиганы Франция чемпионатынан жоғары қойған еді.