Фильтр публикаций


үлкен әрі есі кірген адамдарша саяхаттарды жоспарлаймын, дүние-мүлікті қажет етемін деп тұрып,

тілек тілерде тағы махаббат тілеп жібергенімді байқамай қалыппын.


бақытқа толы жыл болсын.


“ерегескен адамды сабырмен ғана жеңе аласың”


өсе келе өкпелеуді де ұмыта береді екенсің ғой


мені өкпелетіп алғанда
бір түн ішінде өлең жазып, әуенін жаздырып, ән орындап жіберетін
адамдарым’ қазір қайда екен


әйел адамның сұрағына шындықпен жауап бергеннен артығы жоқ.


және бір жағынан адамдар онсыз да бірін-бірі таба алмай жүргенде, ерлер ерлерге арналған жер, әйелдер әйелдерге арналған деп бөлектеніп жүрсек, ұрпақ қалай жалғаспақ?😂


“тек әйелдерге арналған” дейтін орындар қаламызда көбейіп жатыр..
негізі бұл — қорқынышты.


“сен өзгеге, мен өзгеге ұқсасам,
табар ме едік бірімізді біріміз?”


“мына суретте бақыттан басымыз айналып тұрған әкең екеуміз. жастық шағымыз бен махаббаттан басқа түгіміз жоқ кез.”


адамдар сөйлесу керек болғандықтан емес,
сөйлеспесе тұра алмағандықтан бірін-бірі іздесе.. — сезім деген сол.


бүгін қар “билеңдер, ғашықтар” деп жауып тұрған сияқты..


Репост из: #ұйқастырушы
Күн

Алатаудың түбінде
Ала таңның атқанына куәгер
Жаратылыс бүгінде
Жаратқаннан қалған ізгі мұрагер

Жұмыр жердің жұмағы
Жәннаты да осы ма екен, кім білсін?!
Жүректілер тұрағы
Тіршіліктің бастауы деп күн күлсін

Күн деймін-ау…
Барлығымыз бақыттымыз, білесің…
Күнде мынау
Бәрі көрген күнді көріп жүресің.

Бәрі көрген,
Адам ата, хан Абылай, Мұқаң да
Тек жалғыз Күн
Бәрі көрген тек жалғыз күн ұққанға…


кейбір жігіттермен шынымен ақылдасқың келеді.
оның айтқан ақылына құлақ асқың келеді.
сондай болу керек қой.


дәрігерім суық нәрсенің барлығына тыйым салды.

сондықтан суық адамдар мен суық сезімдерге құштар көңілді суытпақ керек.


“өзіңе айна болар жанды тапқанда ғана бүкпесіз бейнеңді көрерсің”


сезімсіз сыйлау бар, сезімсіз қабылдау бар. екеуі де орынсыз.


сезімсіз гүлдерді жек көрем.


“сағындым" дегенге ең әдемі жауап: "келейін бе, қазір келем саған"



Показано 20 последних публикаций.