PARANOIA.KZ


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Новости и СМИ


Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


CNN: Израиль ұшақтары Бейрутті 22-қараша күні 6 рет шабуылдады. Шабуыл 23-қарашада жалғасын табуда. Шабуылдан 40-тан астам адам көз жұмып, ондаған адам жарақат алған.

(Видеода бүгінгі және кешегі шабуылдар)

AP: Ливан билігі, “Хезболла” және Израиль ұрысты аяқтауға қатысты келіссөздерді жүргізіп жатыр. Келіссөздерге қатысты АҚШ пен Франция өзінің ұсынысын айтқан. Тараптар нақты келіссөз жасасқанға дейін ұрысты тоқтатпайтынын айтуда.

1k 0 0 17 12

Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
БАҚ: Пәкістанның солтүстік-батысында сүнниттер мен шиіттердің қақтығысы ушығуда. Құлшылық етуге бара жатқан шиіттерге шабуыл жасалып, 40-тан астам адам қаза тапты. Артынша дінаралық қақтығыс ушығып, бірнеше ауылды қамтыды. Билік Хайбер-Пахтунхва аймағына әскер кіргізді. Аталған аймақта діни сипаттағы қақтығыста тамыз айынан бері 300-ге жуық адам көз жұмған. Қақтығысушылар о баста жайылым жеріне таласса, артынша ол діни ұстыным негізіндегі жанжалға ұласып кетті.


Daily Mail: “Орешник” зымыраны Капустин Яр полигонынан атылса Лондонға 16-17 минутта, Берлинге 11-12 минутта жетеді.


CNN: Солтүстік Кореяның әскери мамандары Мариупольге келді. Олар ресейлік әскерилерден бөлек орналастырылған. Бөлек тамақ ішіп, өздерінің әндерін тыңдап, фильмдерін көреді. Негізінен инженерлік әскери бөлімшелер келді деген ақпарат бар.

Батыстық барлау қызметтері КХДР әскерінің Харьков бағытында да байқалғанын жазуда.

4.4k 0 1 98 163

Репост из: Mezgil.kz
АҚШ Ресейдің 50 банкіне санкция салды. Рубль бірден құнсыздана түсті. Сарапшылар Ресейдің қаржылық секторында хаос басталғанын айтуда. Не болып жатыр? Толығырақ⬇️

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=5988

4.7k 0 6 60 205

The New York Times: Украинаның одақтастары Ресеймен жасалуы мүмкін келісімді және Украинаға берілетін қауіпсіздік кепілдігін талқылап жатыр. Байден билігі тұсында «Украинаға ядролық қару берейік, бұл тежеуіш факторы болмақ» деген саясаткерлер де болды. Украина НАТО-ға қосылып, өзінің қауіпсіздігін альянс аясында қамтамасыз етуді қалайды. Алайда Трамптың тұсында ол қиынға соғады.

Одақтастар Украина Ресеймен келісім жасаған соң, Киевке қуатты зымырандарды көптеп беруді ұсынуда. Бұл Ресейдің қайта шабуылынан қорғану үшін қажет болар еді. Зымырандардың саны мен соққы жасау мүмкіндігі орасан болуы тиіс дейді кей Батыс елдері.

5.1k 0 4 13 203

Жақында «Закладка» деген деректі фильмді көрдім. YouTube-та 10 күнде 2,8 млн қаралым жинапты. Осының өзі қоғамда бұл мәселенің қаншалықты өзекті екенін білдірсе керек.

Сұхбат форматында түсірілген екен. Есірткі тасымалдап, тиісті жерге жасыру арқылы ақша тауып, ақыры ұсталып, 10-15 жылды арқалап кете барған жандар жайлы көрсетеді. Көбі жастар. 19-30 жас аралығындағылар. Тағдырлары сан қилы. Барлығы да жылдам ақша табуды ойладық дейді. Кейбірі заңсыз екенін білмедік деп отыр.

Қазір партиялар есірткі тасымалдау, есірткіні өндіруге қатысты заңға өзгертулер енгізу үшін түрлі талқылаулар өтуде. Талқылауды жүргізіп жатқандарына біраз болды. Жалпы көтеріліп отырған мәселе мынау: Есірткі өндірушілер үшін жазаны қатаңдату керек дейді. Олар ұзақ жылды арқалап кетуі тиіс деп отыр көпшілік. Оған бәрі келіскен.

Ал закладка жасағандар үшін жазаға келгенде пікір екіге жарылыпты. Бірінші топ олардың жазасы әділ дейді. Яғни «аса ауыр» қылмысқа жатады және 10-15 жыл отырғандары дұрыс дейді. Қазіргі заң бойынша олар мерзімінен бұрын босап шыға алмайды екен (УДО бере алмайды). Ал екінші топ керісінше пікір ұстануда. Екінші топтың ойынша закладка жасаушыларды «аса ауыр» санатынан «ауыр» санатына алмастырып, жазасын 10-15 жыл емес, 5-7 жыл ету керек дейді. Екінші топтың айтуы бойынша закладка жасайтындардың көбі жастар, қаржылық тұрғыдан қиындық көргендер екен. Сол себепті де оларға екінші мүмкіндік берілуі тиіс деп отыр. Осылайша пікір алмасу өтіп жатқан көрінеді.

Бірінші сұрақ бойынша бірауыздан «есірткі өндірушілер үшін жазаны қатаңдатуға» барлығы келісіп отырса, екінші сұрақта пікір қайшылығы бар екен. Бір статистика көріп қалдым. Қазір елімізде 1200-ге жуық адам закладка жасап, түрмеде отыр дейді.

Ал сіз қандай пікірдесіз? Закладка жасағандарға үкім «аса ауыр қылмыс» деп шығарылғаны дұрыс па, әлде, «ауыр қылмыс» деп шығарылғаны дұрыс па?


Репост из: Mezgil.kz
Солтүстік Корея сегіз айда Ресейге 43 мәрте танкерлермен рейс жасаған.

Санкция бойынша 500 мың баррель ғана рұқсат, ал Солтүстік Корея 1 млн баррель алып үлгерді.

Солтүстік Корея Ресейге қандай келісім ұсынуда? Ресей неге ол келісімнен қашқақтауда?

Сандар, статистика…Толығырақ⬇️

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=5987


МАГАТЭ кеңесі Иранның ядролық нысандарының, бағдарламасының ашық еместігін, күмәнді екенін айтып, Тегеранды айыптайтын қарар қабылдады. МАГАТЭ-нің жаңа қарарында Иранның МАГАТЭ-мен әріптестікті азайтқаны және өз бағдарламасына қатысты ашықтықты қамтамасыз етпегені айтылған. Қарарды АҚШ, Ұлыбритания, Франция және басқа мемлекеттер қолдаған. Қарарда Иран билігінің бағдарламасы ядролық қару жасауға ойысып кетуі мүмкін деген күдік айтылған.

Қабылданған қарарды Тегеран айыптады. МАГАТЭ-нің қарарына жауап ретінде Иран билігі уранды байытуға арналған жаңа центрифугаларды іске қосатынын айтты.


КХДР көсемі Ким Чен Ын Корей түбегіндегі жағдайдың бұрын-соңды болмаған деңгейде ушыққанын айтуда. Ол жағдай ушыға берсе, «термоядролық соғыс болуы мүмкін» деп ескерту жасап, АҚШ пен Сеулді айыптады. Кимнің сөзінше әне-міне соғыс басталып кетуі де ғажап емес көрінеді.

5.1k 0 2 30 213

Репост из: Haqnazar Arnasy
Трамп Қытай тауарларына 40%-дық тариф енгізуі мүмкін

Reuters жүргізген сауалнамаға сәйкес, экономистер Дональд Трамп 2025 жылдың басында Қытайдан әкелінетін тауарларға 40%-дық тариф енгізеді деп санайды. 60%-дық тарифке бармайды деп болжам жасап отыр. Трамп өзінің алғашқы президенттік мерзімінде Қытай тауарларына 7,5-25% мөлшерінде тариф енгізген еді.

«Біз АҚШ-тың жаңа әкімшілігі Трамптың алғашқы жоспарларына қайта оралады деп күтеміз», – дейді ANZ бас экономисі Рэймонд Юнг.


Оның айтуынша, Қытай тауарларына орташа тариф 32-37%-ға дейін өсуі мүмкін. Мұндай тарифтер Қытай экономикасының өсуін шамамен бір пайыздық тармаққа төмендетуі ықтимал. Сарапшылардың көбі 2025 жылы Қытайдың ЖІӨ-сі 4,5-4,8%-ға, ал 2026 жылы 4,2%-ға өседі деп болжап отыр.

t.me/hacknazararnasy

5.3k 0 2 24 113

Frankfurter Allgemeine Zeitung: Германия билігі Ресеймен соғыс болып қалса деген қауіпті ескеріп, арнайы жоспар дайындауда. 1000 беттен тұратын жоспардың көп бөлігі құпия саналады. Әзірге белгілісі соғыс бола қалса Германия жеріне 800 мың әскер топтастырылады. Халыққа генератор, дәрі-дәрмек сатып алуға кеңес беріледі. Германия бойынша бункерлер салынады.

5.2k 0 3 19 220

Зеленский: “Ресейдің баллистикалық зымыранмен Днепрді атқылауы осы жылдағы соғысты ушықтырудың екінші қадамы болды. Бірінші қадамын Солтүстік Корея әскерін соғысқа қатыстыру арқылы жасады. Путин екі қадамды да жасау сәтінде әлемдегі соғысты тоқтатуға қатысты үндеулерді мүлде ескермеді. Қытайдың үндеуіне, Бразилия мен Еуропа елдерінің, Американың үндеуіне, әлемнің өзге елдерінің үндеуіне оның түкіргені бар. Бүгін Украинаға атылған баллистикалық зымыран соның дәлелі, Ресейдің бейбітшілікті қаламайтынының айғағы”, - дейді.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Ақ үй: “АҚШ Украина билігі мен одақтастарын Ресейдің орта қашықтықтағы зымыранмен соққы жасайтыны жайлы ақпаратпен соңғы күндері қамтамасыз етті. Ресейдің ұшырған зымыраны Вашингтонның Украинаны қолдаудағы саясатын тежей алмайды. Ал АҚШ өзінің ядролық доктринасын өзгертудің қажеттілігін көріп тұрған жоқ.”


Украинадағы соғыс күрт ушықты. Батыс Украинаға алыс қашықтыққа соққы жасайтын зымырандарымен Ресей жерін атқылауға рұқсат етті. Артынша Ресей өзінің «Ядролық доктринасын» өзгертті. Украина батыстық зымыранмен Ресей жерін екі мәрте атқылады. Жауап ретінде Ресей ядролық қаруды алып ұшуға қабілетті, жаңа баллистикалық «Орешник» зымыранымен Украинаға соққы жасады. Жағдай бұрын-соңды болмаған шиеленіс күйіне жеткен сияқты.

БҰҰ дереу келіссөзге келуге шақыруда. Бұл соғыста Қазақстанның позициясы да сол БҰҰ-мен ұқсас. Тараптарды келіссөзге шақырумен келеді, медиатор болуға дайын екенін айтуда.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің парақшасында мынандай жазба қалдырды: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрге, Президент Әкімшілігінің Басшысына және күштік құрылымдардың жетекшілері мен барлық әкімдерге Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

Парламент палаталарының төрағалары қабылданып жатқан іс-қимыл туралы хабардар етілді.

Президент еліміздегі жағдайды өз бақылауында ұстап отыр.

Біздің еліміз үшін басты стратегиялық мақсат – тұрақтылықты, тыныштықты, заң мен тәртіп үстемдігін сақтау.

Қазақстан славян екі халық арасындағы қақтығысты келіссөз арқылы тоқтату қажет екенін бірнеше рет мәлімдеген болатын», - дейді.

Яғни тағы да тараптарды келіссөзге шақырыпты. Дұрыс позиция. Біздің басты мақсатымыз осы соғыстың бір бөлшегіне айналып кетпеу болуы тиіс және бейтараптылықты сақтап қалу болуы қажет.


WSJ: Украинаның Курск облысына жасаған соққысынан Солтүстік Кореяның жоғары шенді генералы жараланды.

Бұған дейін ақпарат көздері Пхеньянның Ресейге генерал Ким Бокты жібергенін жазған еді.


Песков: “Орешник” зымыранын ұшырудан 30 минут бұрын Ресей АҚШ-қа автоматтандырылған жүйе арқылы хабарлама жіберді. Бұл ядролық қауіпті азайту үшін жасалатын шара.


Путин Storm Shadow және ATACMS зымырандарымен шабуыл жасау барысында Украина өзінің мақсатына жетпегенін айтты.

Брянск облысына ATACMS-пен шабуыл жасалды. Әуе қорғаныс жүйелері шабуылды тойтарды, зардап шеккендер жоқ дейді.

Ал Курск облысына Storm shadow шабуыл жасады. Қаза тапқандар мен жараланғандар бар деп растады.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Путин өз зымыранын Ресейге қарсы қолдануға рұқсат еткен елдерге сес көрсетіп, айбат шекті. Шиеленіске дайынбыз дейді.


Путин Ресей халқына үндеу жасауда.

“Батыстың алыс қашықтыққа соққы жасайтын зымырандарын Ресей аумағына қарсы қолдануға жауап берудеміз. 21 қарашада Украинаның Днепрін “Орешник” баллистикалық зымыранымен атқыладық. Шабуылға ядросыз оқтұмсық қолданылды. Бұл біздің жауабымыз.

Еуропа елдерінде “Орешник” зымыранын қағып түсірер әуе қорғаныс жүйесі жоқ. Зымыран секундына 2-3 шақырымды еңсеретін жылдамдықпен ұшады. Оны әуе қорғаныс жүйелері қағып түсіре алмайды.

“Орешник” сынды зымырандарды қолдануда халықты алдын-ала ескертетін боламыз”, - дейді.

5.5k 0 6 12 261
Показано 20 последних публикаций.