#вакансия #алматы
Каналымның шаңын қағып-қағып жіберіп, іздеу салайын деп ем.
Әлеуметтік салада істейтін ұйымның баспасөз қызметіне маман іздеп отырған жайымыз бар.
Біздегі талап аз болса да, қатты:
- қазақша сөйлеп, жаза білгені және онысы асқан сауатты болуы - ең басты шарт
- орысша білуі маңызды емес, түсініп, ауызша тілдесе алса жеткілікті, бірақ қандай да бір шет тілін меңгергенін тым құп көреміз
- андай-мындай артық-шатақ мінезін үйде тастап кете алуы – тамаша қабілет деп қабылдаймыз
- құжаттармен жұмыс істеген тәжірибесі керемет плюс, ондайды өмірімде көрмегем десе – өзім үйретем
- шамалы айфонмен видео түсіріп, монтаждай білсе тіпті жақсы, негізі мобилографымыз бар, бірақ ол жоқ кезде кәдімгідей шиқылдап қаламыз, соның орнын анда-санда жоқтатпай отырса болар еді. Су жаңа айфон бар, уайымдамаңыз, тілін білсеңіз соның өзі ғанибет
- бөлімнің майда-шүйде жұмысы бітпейді жалпы, басқа да тапсырмаларды орындауға тура келеді кейде ) бірақ мұрын қанататын ештеңе жоқ
- жұмыс офисте, онлайн істеуге болмайды. Қарастырмаймыз и точка. А то білем, қазір басталады, андай едім, мындай едім, қаскелең-талғар-аягөзде тұратын ем деген әңгімелер.
Қорқынышты бөлігі бітті, енді приятты жағын айтайын:
- аса лоял, ұйымшыл ұжымбыз, креативіміз екі вагон
- шай-кофеге ақша жинамаймыз, бастық өзі әпереді, кофеварка тұр
- 15-20 мин мызғып алам десе, пуфигымыз бар, марқабат, тек фанатизмсіз) жұмысқа ұйықтауға келмейміз
- офис қаланың орталық бөлігіндегі әсем жерде орналасқан
- түнеп істеу, демалыста шығу жоғынан, тапсырмалар түгел орындалып, шаруа бітсе, ертерек қайтуға болады, кептеліс басталмай тұрып
- бастық примерно алтыннан жасалған, кейде тым еркелеп кетсек жынымызды қағып алады, а так өзінен өзі кеп тиіспейді. Инфа – сотка. Жоқ, бастық мен емес.
Ал енді резюмені менің жекеме тастай берің. Болмашы бір тест тапсырма беруім мүмкін, бермеуім де мүмкін – көреміз 🙂
Емейл сұрамаңдар, осында жекеге жіберген дұрыс, әйтпесе телеграмы жоқ адамдарға күдікпен қарайм. Ойын жинақтап, бірден өзін таныстырып, резюмесін жібере қойғандар бірден шорт-листке өтеді – сәлем деп алып, екі күн жауабымды тосып отырмай, бірден шаруаға өтіп, басқаның уақытын бағалай алатындарға ықыласым ерекше 🍷
Кандидаттың жасына талап жоқ, бірақ иерархия бойынша төмендеу сатыдағы позиция болғандықтан және жалақы мөлшері мұнайгаздағыдай еместігі себебінен, ұсынысымыз тәуір командада тәжірибе іздеген жастарға лайықтау шығар. Шіли көп ақша емес, бірақ жол-пұлын, шамалы арендасын төлеп, айына 1-2 рет кафеге баруға точно жетеді.
А, иә, медицина саласында істейтін ұйым бұл 🧑🏽⚕👨⚕👩🏻⚕
Ал байланысқа шыға берің 🤓