ProSport KZ🇰🇿


Гео и язык канала: Казахстан, Русский
Категория: Музыка


🥇 Сіздің күнделікті спорттық мотивацияңыздың қайнары! 🥇
Мұнда сіз соңғы жаңалықтарды, спортшылармен эксклюзивті сұхбаттарды және мотивациялық оқиғаларды таба аласыз 🗞
Біздің қауымдастыққа қосылыңыз! 🏆

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Русский
Категория
Музыка
Статистика
Фильтр публикаций


Александр Исак үшін барын және бәрін беруге дайын

🇫🇷 «ПСЖ» жазда Александр Исакты қатарына қосуы мүмкін.

🗞 RMC Sport мәліметінше, Париждіктер «Ньюкаслға» 3/1 айырбас нұсқасын ұсынып көрмек.

🔄 Нақтырақ айтқанда, швециялық форвардты Рандаль Коло-Муани, Гонсалу Рамуш пен Марко Асенсиоға алмастыруға дайын.


Браим Диас – «Реалдың» ақпан айындағы үздік ойыншысы атанды

⚽️ Марокколық футболшы өткен айда сегіз матчқа қатысып, бір гол соғып, бір ассист жасады.

📊 Дауыс беру көрсеткіші бойынша Винисиус, Лука Модрич, Джуд Беллингем және Родригоны басып озды.

Лайық па?


Фрэнк Лэмпард өз клубын тапты

⭐️ «Ковентри Сити» 46 жастағы маманның келуімен күшейіп алды. Чемпионшиптің командасы Лэмпардтың жетекшілігімен 20 матч өткізіп, соның 12-де жеңіске жетті:

🏟️ 20 матч
✔️ 12 жеңіс
🤝 3 тең ойын
❌ 5 жеңіліс
💬 Чемпионшип кестесінде 5-ші орында

🔼 «Аспан түстілер» Лэмпардтың баптауымен тарихында алғаш рет қатарынан өткізген тоғыз матчтың 8-де жеңіске жетті.


Кингсли Коман «Бавариядан» кетеді

🇩🇪 Мюнхеннің ұжымы командада ең көп жалақы алатындардың санын азайтып, жалақы қорын қысқартқысы келеді. Осындай жоспармен жазда Команды сатып құтылмақ.

🗞 Bild мәліметінше, вингерді 35-45млн еуроға бағалап отыр екен.

🇸🇦 Қазіргі уақытта футболшыға Саудиялық клубтар мен «Арсенал» қызығушылық білдіріп отырғанға ұқсайды.


Йозуа Киммих «Бавариядан» кететінге ұқсайды

🚫 30 жастағы футболшы жаңа келісімшарт бойынша Мюнхеннің клубымен бір мәмілеге келе алмаған.

🇩🇪 Неміс журналисі Максимилиан Кохтың хабарлауынша, «Бавария» жаңа шартқа қол қойғаны үшін Киммихке ешқандай сыйақы төлемейтін боп шешіпті. Тіпті жалақысын да көтеру жоспары жоқ екен.

⚠️ Егер футболшы клуб ұсынған шарттарға келіссе ғана келісімшарт ұзартылады.

⚡️ Қазіргі уақытта жартылай қорғаушыға еуропаның бірнеше беделді клубы қызығушылық білдіріп отыр.


Федерико Димарко бірнеше апта ойнамауы мүмкін

🦵 «Интер» қорғаушысы «Наполиге» (1-1) қарсы ойында сан бұлшық етін созып алыпты. Алдағы күндері екінші рет тексерістен өтіп, жарақаты жайы толық белгілі болады.

🗞 Ал Pazzi Di Fanta мәліметінше, футболшы кемі үш аптаға жуық уақытты өткізіп жібереді екен.


Репост из: ...
💵💵💵💵💵💵💵💵

⭐️ Балалық шағыңа MOSTBET-пен бірге орал! ⭐️

🎰 Бұрын ойын автоматтары әр бұрышта тұратын,
📱 Енді оларды онлайнға көшірдік!

Жеңіс комбинациясын жинап, ставкаңды 1000 есе көбейт!

💸 HOTKZ промокодымен 200 000 теңге + 250 FS бонусын ал! 💸

⭐️ Бұрынғы кездерді есіңе түсір, MOSTBET-ті ұмытпа! ⭐️


🇮🇹 «Милан» Тиджани Рейндерспен келісімшарт мерзімін ұзартты

✍️ Қос тарап 2030 жылдың маусым айына дейін жарамды жаңа келісімшартқа қол қойды.

💰 Жаңа шартқа сәйкес Рейндерстің жалақысы 1.7 млн еуродан 3.5 млн еуроға өсіпті.

📊 Жартылай қорғаушы «россонери» жейдесінде 2023 жылдың жазынан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақытқа дейін 90 матч өткізіп, 16 гол мен 7 ассист авторы атанды.


🇮🇹 Хави «Ювентус» тізгінін ұстауы мүмкін

🗞 El Nacional мәліметінше, Туриннің клубы «Барсаның» экс-бапкерін Тиаго Моттаның орнына негізгі үміткер ретінде қарастырып отыр.

⚠️ Әзірге клуб ішінде нақты бір шешім қабылданбаған. Бірақ Мотта қызметінен босатылар болса, алғашқы ұсыныс Хавиге жасалады екен.

💼 Испаниялық маман өткен жылдың жазынан бері жұмыссыз жүр.


«Миланның» сәтсіз сериясы жалғасуда

🇮🇹 «Россонери» "А" Сериясының 27-турында «Лациоға» (1-2) есе жіберді. Бұл «қызылдардың» осы маусымдағы (чемпионатта) сегізінші жеңілісі.

🧐 Өткен маусымда толық 38-турда жеті рет жеңілген екен.

🇮🇹 Қазір турнирлік кестеде 41 ұпаймен тоғызыншы орында келеді.

Еурокубокке іліге ала ма?


Расмус Хойлунд 18 матч бойы гол соға алмай келеді

🏴 «МЮ» шабуылшысы соңғы рет желтоқсан айында «Виктория Пльзен» (1-2) қақпасына дубль рәсімдеген.

❌ Содан бері қатысқан 18 матчта гол соға алмай, тіпті бірде-бір нәтижелі пас бермепті.

📊 Ал ағымдағы маусымда 35 матчқа қатысып, 7 голдың авторы атанды.


🔥 Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасына шақырылады

📲 Kommentator_Maulen телеграм-арнасының мәліметінше, Ұлттық құраманың бас бапкері Әли Әлиев Дастанды наурыз айындағы матчтарға шақыратынын айтыпты.

⚽️ 16 жастағы жас талант бүгін ҚПЛ-дегі дебют голын соғып үлгерді.

⚽️ Айта кетейік, Қазақстан осы айда ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі аясында Уэльс және Лихтенштейнмен кездеседі.


«Бетис» Антониді алып қалғысы келеді

🗞 Fichajes мәліметінше, испаниялық клуб бразилиялық вингерді толыққанды түрде сатып алуды көздеп отыр.

💰 Бірақ МЮ-дің талап етіп отырған қаржысын төлеп беруі екі талай. «Қызыл сойқандар» Ла Лигада ойқастап жүрген футболшы үшін кемінде 41млн фунт алғысы келеді екен.

📊 Антони «ақ-жасылдар» сапында 7 матчта 3 гол соғып, 2 ассист жасап үлгерді.


Репост из: ...
💰 Қылмыстық түрде үлкен ұтыстар BetAndreas-та! 💰

💣 Өзіңді айлакер алаяқ ретінде сезін!
🤑 Маскаңды киіп, тонауды баста!
👮‍♂️ Бірақ абай бол – ұсталып қалма!

🔥 Ал жаңа ойыншыларға бонус – 140,000 теңге + 250 FS 🔥
Бұл ақшамен алғашқы істі бастауға болады!

💰 BetAndreas-та жеңіске жетпеу – нағыз қылмыс! 💰


«ПСЖ» Франция чемпионатында жеңілмей келеді

⚡️ Париждің ұжымы 24-турда «Лилльді» (4-1) талқандап, жеңіліссіз сериясын 24 матчқа ұзартты.

📊 Бұған дейінгі 23 матчтың 18-де жеңіске жетіп, 5 матчта тең түскен.

🇫🇷 Луис Энрикенің шәкірттері екінші орындағы «Марсельден» 16 ұпайға ұзап кетіпті:

1️⃣ 🇫🇷 «ПСЖ» – 62 ұпай
2️⃣ 🇫🇷 «Марсель» – 46 (бір матч кем)
2️⃣ 🇫🇷 «Ницца» – 46.


Осман Дембеле Мессидің көрсеткішін жаңартты

🇫🇷 «ПСЖ» жұлдызы «Лилльге» (4-1) қарсы ойында мергендігімен көзге түсті. Бұл оның 2025 жылы соққан 18-ші голы, жалпы футболшы мансабындағы 100-ші голы болды.

🔥 Осылайша Дембеле ХХІ ғасырда жыл басынан 1 наурызға дейінгі аралықта 18+ гол соққан ТОП-5 лигадағы алғашқы ойыншы атанды.

🗓 Бұған дейінгі үздік нәтиже 2016 жылы 17 гол соққан Лионель Мессиге тиесілі болыпты.


Винисиус – «Реал» сапындағы 300-ші матчын өткізді

🚀 Бразилиялық футболшының мерейтойлы матчы Ла Лиганың 26-турында «Бетиске» (2-1) қарсы өтті.

📊 300 матчта 102 гол соғып, 76 ассист жасаған.

🥇 «Реал» жейдесінде 14 трофейге қол жеткізіпті. Ла Лигада үш рет топ жарып, ЧЛ-де екі рет чемпион атанды.


Мына бір ережеге қалай қарайсыздар?

⚠️ IFAB қақпашыларға қатысты жаңа ереже енгізді. Келер маусымнан бастап, қақпашыларға допты 8 секундтан артық ұстауға тыйым салынады.

😗 Егер қақпашы 8 секунд ішінде допты ойынға қоспаса, онда қарсылас пайдасына бұрыштама беріледі.


«Реал» Уильям Салибаға көз тікті

📰 Relevo мәліметінше, Мадридтің клубы келер жылы франциялық қорғаушыны сатып алуды жоспарлап отыр.

🔽 Себебі дәл осы уақытта Антонио Рюдигер мен Давид Алабаның келісімшарт мерзімі аяқталады.

🤔 Егер «Арсенал» трансферге келіспесе, «Реал» өз әдетінше футболшыны еркін агент статусында қатарына қосуға көндіріп көрмек.

🏴 Салиба мен «Арсенал» арасындағы келісімшарт 2027 жылдың маусым айына дейін жарамды.


Екінші үздік нәтиже тіркелді

🇩🇪 «Бавария» Бундеслиганың осы маусымында 24-турда 72 гол соғып тастады.

🇩🇪 Бұған дейін Бундеслиганың ешбір клубы 24-турда мұншалықты көп гол соқпаған.

🔥 Айтпақшы, осы аралықтағы рекордта Мюнхеннің клубына тиесілі. 2021/22ж маусымда Юлиан Нагельсманның баптауымен 75 голға жеткізіпті.

Показано 20 последних публикаций.